Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасы туралы Назарбаев пен оның қызынан жауап алуға шақырды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 11.02.20203420

11 ақпанда Алматыда осыдан он төрт жыл бұрын жанындағы екі серігімен бірге қастандықпен өлтірілген оппозиция қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алды. "Астана" қонақ үйінде өткен шараға саясаткерлер, азаматтық белсенділер, құқық қорғаушылар мен жазушылар қатысып, марқұм туралы естелік айтты.

Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы журналист Рысбек Сәрсенбай шарада оқыған "Арнаулы баяндама" атты үндеуінде бауырының қазасына байланысты елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның үлкен қызы, қазір парламент сенатының спикері Дариға Назарбаевадан жауап алуға шақырды.

"Қазаның құпиясы әлі толық ашылмады. Тапсырыс берушінің аты-жөні нақты аталмады. Негізгі күдіктілер тасада қалып қойды. Назарбаев күйеубаласы [Рахат] Әлиевті дер кезінде жауапқа тартқан жоқ" деді ол.

Рысбек Сәрсенбай туысының қазасына байланысты күдікті ретінде экс-президент пен оның қызынан жауап алуды талап ететінін мәлімдеді.

"Ол үшін "Елбасы туралы заң" (Назарбаевтың заңмен бекітілген бұл мәртебесі оны кез-келген қудалаудан қорғауға кепілдік береді - ред.) жойылсын. [Қазақстан президенті Қасым-Жомарт] Тоқаев осы талабымызды орындасын" деді Рысбек Сәрсенбайұлы. Сонымен бірге ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, қазір шетелде тұратын Әлнұр Мұсаев та жауапқа тартылуы керек деп санайды.

Оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынды 2006 жылы 11 ақпанда Алматыда ұрлап әкеткен. Атып өлтірілген үшеуінің сүйегі екі күннен кейін Алматы іргесіндегі тау бөктерінен табылған болатын.

Қоғамда үлкен резонанс тудырған қылмысқа байланысты жүргізілген ресми тергеуден кейін, Қазақстан соты қастандықты "кек алу мақсатымен" ұйымдастырушы деп таныған парламент сенаты аппаратының бұрынғы басшысы Ержан Өтембаевты және қылмысқа қатысы бар деген айыппен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бірнеше офицерін соттады. Тапсырысты орындаушы ретінде өмір бойына түрмеге қамалған полицияның бұрынғы қызметкері Рустам Ибрагимов кейін соттағы сөзінен айнып, жаңа куәлік берді. 2014 жылы желтоқсанда Сәрсенбайұлының қазасы туралы істі қайта қараған сот Рүстем Ибрагимовтың мәліметтері негізінде, Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевты кісі өлтіруге тапсырыс беруші ретінде таныды. Ол екеуі өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарған.

Өзінің "Өкіл қайын ата" кітабында саясаткерді қастандықпен өлтіруге тапсырыс берген адамдарды "Қазақстанның жоғарғы басшылығы арасынан іздеу керек" деп жазған Рахат Әлиев 2015 жылы 24 ақпанда Вена түрмесіндегі камерадан өлі күйінде табылды. Австрия билігі Әлиев "өз-өзіне қол салған" деп мәлімдеген еді. Кей сарапшылар бұған күмән келтіреді.

2014 жылы қарашада сот шешімі бойынша бостандыққа шыққан Ержан Өтембаев 2018 жылы маусымда қайтыс болды. Онымен бірге сотталған ҰҚК-нің "Арыстан" арнайы бөлімінің қызметкерлері түрмеден босап шыққан.


Совет одағы тарамай тұрғанда Қазақстанда билік басына келген Назарбаев былтыр наурызда кенеттен президенттік өкілетін тоқтатқан, бірақ оның қолында мемлекетті басқаруға ықпал ететін тетіктер әлі бар. Әкесі президенттіктен кеткен күні оның үлкен қызы Дариға Назарбаева мемлекеттік билік иерархиясында екінші боп тұрған жоғары лауазымды қызметке – парламент сенатының спикері болып отырды.

Құқық қорғаушылар мен оппоненттері Назарбаевты саяси оппозицияны басып-жаншып, авторитарлы билік жүйесін орнатқан, сынға төзбейтін жеке-дара билеуші деп атаған.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?