Ташкентте "Ресей тыңшысы" деп айыпталғандардың соты басталды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 11.02.2020436

Ташкентте Өзбекстан президенті жанындағы стратегиялық және аймақаралық зерттеу институтының бұрынғы директоры Рафик Сайфулиннің үстінен қозғалған іс бойынша жабық сот процесі басталды. Оған Ресейдің мүддесіне тыңшылық жасап, мемлекеттік құпияны жарияланған деген айып тағылған. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі – Озодлик радиосы хабарлады.

Бұл іс бойынша Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен қорғаныс министрлігінің он шақты қызметкеріне де айып тағылған. Олардың арасында Өзбекстан қарулы күштері бірлескен штабы басқармасының бастығы Акбар Ярбабаев та бар.

Аты-жөнін атамауды өтінген Өзбекстан күш құрылымы өкілі Озодлик радиосына бұл іс бойынша сотталып жатқандарға былтыр тұтқындалған Өзбекстан қорғаныс министрлігінің "Ватанпарвар" ("Патриот") газетінің тілшісі, отставкадағы подполковник Владимир Калошиндікімен ұқсас айыптар тағылғанын айтты. Калошинді "мемлекеттік құпияны жариялады" деген айыптаған еді.

Айып тағылған азаматтардың танитын бір адам "олар құпия ақпарат мен құжаттарды емес, талдау қорытындыларын" берген дейді.

Озодлик тілшісі тұтқындалған әскерилердің адвокаттарына телефон шалды. Бірақ олар бұл іс бойынша сот процесінің жабық өтіп жатқанын алға тартып, комментарий беруден бас тартты.

Бұл іс бойынша алғашқы сот отырысы ақпанның басында Өзбекстан әскери сотында өткен еді. Кейін ғимараттағы жөндеу жұмыстарына байланысты сот тыңдауын қылмыстық істер жөніндегі сот ғимаратына ауыстырған. Сот оларды айыпты деп таныса, бұл азаматтар 20 жылға дейін бостандығынан айрылуы мүмкін.

Совет кезінде мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде (КГБ) жұмыс істеген Рафик Сайфулин Өзбекстан тәуелсіздігін алғаннан кейін болжау және статистика жөніндегі мемлекеттік комитетте қызмет атқарған. Кейін Өзбекстан президенті жанындағы стратегиялық және аймақаралық зерттеу институтының директоры болып істеген. Оны білетіндердің айтуына қарағанда, Сайфулин Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Рустам Иноятовқа жақын адамдардың бірі болған. Талдау мақалаларында Өзбекстан Ресеймен жақын болғаны дұрыс деп жазған.

Ресейдегі Качинск жоғары ұшқыштар мектебінің түлегі Акбар Ярбабаев Өзбекстан қарулы күштері құрамында 1993 жылдан бастап жұмыс істеген. 2006 жылы сол кездегі ел президенті Ислам Каримов оны "Шон-Шараф" ("Даңқ") орденімен марапаттаған. Ресейдің Санкт-Петербург қаласында тұратын туысы Алексейдің айтуынша, Ярбабаевты әйелі екеуін былтыр шілде айында ұстаған.

2016 жылы Өзбекстанда билік басына президент Шавкат Мирзияев келгеннен кейін елде күш құрылымдарының бірнеше жоғары лауазымды қызметкері әртүрлі бап бойынша сотталған. Олардың арасында Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бұрынғы төрағасы Ихтиёр Абдуллаев, бұрынғы бас прокурор Рашид Қадыров, орта деңгейдегі жетекші қызметкерлер және Жоғарғы сот төрағасының бұрынғы орынбасары бар.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?