Сортөбе маңында жанар-жағар май ұрлайтын құбыр табылған

Сайт Әкімшілігі - 11.02.202018943

Қазақ-дүнген жанжалы болған Сортөбе елді мекені бұған дейін де дауға қалған. 2019 жылдың қазан айында осы аймақтан Қырғызстанға контрабандалық жолмен жанар-жағар май тасымалданғаны анықталған. 

Сол уақытта қырғыз жеріндегі "Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Кен-Булун ауылында жанар-жағар майды контрабандалық жолмен тасу үшін орнатылған ұзын құбыр табылды" деп Қырғызстанның экономикалық қылмысқа қарсы күрес қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеген.

Ұзындығы 3 шақырымға жуық құбыр арқылы Қазақстаннан Қырғызстанға қарай жанар-жағар май тасымалданып, әрі қарай заңсыз саудаға шығарылып отырған. Оның көлемі, болжаммен, күніне 100 тонна шамасында. Жақын маңнан май тасымалына қажет құрал-саймандар мен құятын ыдыстар жиналған орын да табылған.

Өз тарпымыздан ескерте кетсек, қылмыстық іс-әрекет жүзеге асып келген аудан – қырғыз жағынан Тоқмақ қаласы мен Кен-Булун ауылы, қазақ жағынан Сортөбе мен Ауқатты ауылдары. Бұл ақпанның 5-7 күндері ұлтаралық қақтығыс орын алған ауылдардың бірі. 

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.