АҚШ Иранды спутникті зымыран бағдарламасына қолданды деп айыптады

Дерек көзі: www.azattyq.org - 12.02.2020523

АҚШ Иранды спутникті желеу етіп баллистикалық зымыран бағдарламасын дамытты деп айыптады. Екі күн бұрын Иранның ресми орындары ирандық ғалымдар құрастырған "Зафар" спутнигін жоспардағыдай орбитаға шығара алмағанын хабарлаған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның 11 ақпанда таратқан мәлімдемесінде спутникті ұшыру кезінде қолданылған технологияны ұзақ қашықтыққа ұшатын аппараттар жүйесін дамытуға қолдануға болатынын, олардың құрлықаралық баллистикалық зымырандарға да жарай беретіні жазылған.

“Мейлі сәтті өтсін-өтпесін, бұл қадам Иранға осындай технологияның көмегімен бейбіт ғарыш бағдарламасын желеу етіп, зымыран бағдарламасын дамытуға мүмкіндік береді” делінген мәлімдемеде.

Помпеоның пікірінше, “терроризмге дем беруші жетекші елге баллистикалық зымыранды дамытып, сынақтан өткізуіне мүмкіндік беруге болмайды". Халықаралық қауымдастық бәріне ортақ стандартты ұстануы тиіс деді.

АҚШ дипломаттарының айтуынша, Вашингтон Тегеранның зымыранға қатысты ақылға қонымсыз әрекетіне халықаралық деңгейде төтеп беруге көмектеседі және Иран билігін осы райынан қайтаруға күш салады.

Франция да спутниктің ұшырылуын айыптап, Тегеранды зымыран бағдарламасы бойынша халықаралық міндеттемелерін орындауға шақырды.

Иран "спутникті желеу етіп зымыран бағдарламасын дамытты" деген тұжырымды жоққа шығарды.

Иранның қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Ахмад Хосейни 9 ақпанда мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында “Зафар" спутнигі қажетті жылдамдық ала алмағандықтан жоспардағыдай әуеге көтеріле алмады” деп мәлімдеді.

Өткен жылы қаңтар және ақпан айларында Пайям және Дусти ("Достық") спутниктерін ұшыру сәтсіз аяқталып, тамыз айында спутникті ұшыру кезінде ғарыш айлағында зымыран жарылған.

Иран 2021 жылға дейін тағы бес спутник құрастыратынын айтып отыр.

Оқи отырыңыз: Иран жақын күндері спутник ұшыратынын растады

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?