Сот белсенді Қайырлы Омардың жазаны қысқарту туралы өтінішін қанағаттандырды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 12.02.2020421

12 ақпанда Нұр-Сұлтанның Байқоңыр аудандық соты белсенді Қайырлы Омардың "қауіпсіздігі барынша төмен колониядағы бір күнін екі күнге есептеп", жазаны қысқарту туралы өтінішін қанағаттандырды. Сот қаулысына шағым түспесе, белсенді 15 күннен кейін босатылады.

Судья Нұрлан Баяхметовтің айтуынша, Омардың 2018 жылдың 4 шілде - 19 шілде, 2018 жылдың 16 қазан мен 2019 жылдың 30 желтоқсан аралығында түрмеде өтеген мерзімін екі есеге азайтып, қайта есептеді. Бірақ оның сот залынан бірден босату туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Қайырлы Омардың сотына келген белсенділер судьяны тыңдап отыр. Нұр-Сұлтан, 12 ақпан 2020 жыл.
Қайырлы Омардың сотына келген белсенділер судьяны тыңдап отыр. Нұр-Сұлтан, 12 ақпан 2020 жыл.

Азаттық тілшісінің айтуынша, Қайырлы Омардың өзі белгісіз себеппен сотқа әкелінген жоқ. Ол интернет арқылы сотқа қосылды. Тіпті сот отырысының мерзімі 11 ақпанда күтпеген жерден ауыстырылып, адвокатына кешке хабар айтылған. Бірақ соған қарамастан 12 ақпан күнгі сот отырысына өте көп адам келді. Олардың арасында Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Семей және өзге қалалардан келгендер болды. Олардың бір бөлігі сотқа кіргізілмегендіктен наразылық танытып, сот залына басып кірді.

Қайырлы Омар журналистерге видео түсіруге рұқсат сұрап, отырысты ашық өткізуді сұрады. Бірақ судья өтінішті қанағаттандырған жоқ. Судья Қайырлы Омарды сот залынан босатпағаннан кейін белсенділер ғимараттың сыртында "Бостандық!" деп айқайлап, Омарды босатуды талап етті.

Нұр-Сұлтандағы №2 Сарыарқа аудандық соты 29 қазанда "Жер тағдыры" қоғамдық ұйымының басшысы Қайырлы Омарды бас бостандығынан екі жылға айыру туралы үкім шығарған.

Оған әуелде Қылмыстық кодекстің 189-бабындағы "сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салды" деген айып тағылған еді. Ал кейін айыптау бабы "Өкілеттікті теріс пайдалану" (Қылмыстық кодекстің 250-бабы) деп өзгертілген.​ Қаңтар айында оның апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. ​

59 жастағы белсенді Қайырлы Омар қамауға алынғанға дейін "Азат шаңырағы" жеке пәтер иелері кооперативінің төрағасы қызметін атқарған. Омарға қатысты қылмыстық іс ол басқарған кооператив үйлеріндегі пәтерлердің бірін жалдап тұрған Жанар Қозыбақованың полицияға "жөндеу жұмысы үшін төлеген 4 мың теңгемнің қалай жұмсалғанын білгім келеді" деген арызынан соң қозғалған.

Оқи отырыңыз: Қайырлы Омардың жақтастары биліктен оны ақтауды талап етеді

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?