Теміртауда Нұра өзенінде күлден жасаған бөгетті су жырып әкетті

Дерек көзі: www.azattyq.org - 12.02.2020435

11 ақпанда кешке Теміртауда Қарағанды ГРЭС-1 (КарГРЭС-1) электр станциясына иелік ететін жеке компанияның күлден жасаған бөгетін су жырып әкетті. Куәгерлер жариялаған видеодан Нұра өзенінен күл аралас лас судың ағып жатқаны көрінеді. Видео авторы өзеннен бөтелкемен су алып, лас екенін көрсетеді. Өзен арнасының жақында ғана тазаланғанын да айтып өтеді.

11 ақпан түнге қарай билік пен кәсіпорын басшылығы оқиғаға байланысты түсініктеме берді. Оқиға орнына Қарағанды облыстық экология департаменті, басейн инспекциясы, төтенше жағдай басқармасы және Теміртау шенеуніктері барған.

- Сараптамалық бақылау зертханасының бөлім мамандары судан сынақ үлгісін алып, судың ластану деңгейін, ластаушы заттарды анықтайды. Bassel Group компаниясында жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіледі, тексеру нәтижесіне қарай компанияға қатысты шара қолданылады, - деді Қарағанды облыстық экология департаменті төрағасының орынбасары Әлібек Бекмұхаметов.

Күлден бөгет жасаған Bassel Group компаниясы су жырып өткенін растап, жырықты бітеу үшін арнайы мамандар шақыртылғанын хабарлады. Су жүзгіштер 12 ақпанда таңертең жұмысқа кіріскен.

- Айналып барып тексерген кезде күл қоспасының жырылғаны байқалды. Қар мен мұз қысымына шыдай алмай ескі құдықтың қабырғалары шытынаған. Шибер ысырмасы жабылды. Алдағы уақытта қайталанбайды деп ойлаймыз, - деді компания директорының орынбасары Максим Абрамов.

Тәуелсіз эколог Дмитрий Калмыков Азаттық тілшісіне оқиғаның судағы балықтарға зиян келтіруі мүмкін екенін, бірақ адамдарға аса қауіпті емес екенін айтты.

1942 жылы іске қосылған Қарағанды ГРЭС-1 - Қазақстандағы ең ескі электр станцияларының бірі. 2005 жылы желтоқсан айында оны Bassel Group сатып алған. Станция Теміртау қаласындағы кәсіпорындарды электр энергиямен және қаланың ескі бөлігін жылумен қамтамасыз етеді.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?