Алтынбек қазасының құпиясы ашылды ма?

Есдәулет Қызырбекұлы - 13.02.20203820

Алтынбек Сәрсенбайұлын көзі көрген сарапшылар мен әріптестерінен қанды оқиғадан 14 жыл өткенде осы мәселеге қатысты сауалдардың жауабын сұрадық.

1.    Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның жақтастарының өлтірілгеніне 14 жыл болды. Бірақ осы күнге дейін белгілі саясаткерді өлтіруге кімдердің тапсырыс бергені туралы нақты ресми жауап жоқ. Сіздің ойыңызша, биліктің әділ тергеу жүргізуіне не кедергі?

2.    Бірнеше жыл бұрын билік Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевты кінәлады. Бірақ Әлиев Вена түрмесінде көз жұмғаннан кейін бұл мәселе мүлде қозғалған жоқ. Бұны басында көтеріп, кейін оны жылы жауып қою кімдерге тиімді болды? Сіздің ойыңызша, Сәрсенбайұлының өліміне кім жауапты?

3.    Алтынбек Сәрсенбайұлы неге өлтірілді? Ол қазіргі жүйеге шынымен де қауіп төндірді ме? Сәрсенбайұлының өлімін саяси террор деп атауға бола ма?

4.    Алтынбек Сәрсенбайұлының елдің саяси өміріндегі рөлі мен орны қандай болды? Егер оны 2006 жылы өлтірмегенде, ол Қазақстандағы жағдайға әсер ете алар ма еді?

Сергей ДУВАНОВ, саясаткер, құқық қорғаушы:

Кімнің бұйрық бергені айтпаса да түсінікті

1.Бұл жерде таңғалатын еш нәрсе жоқ. Фактілерді жасыру мен үнсіздік бұл өлімнің артында биліктің өзі тұр дегенді меңзейді. Әділ тергеу, әрине, бұл қылмысқа биліктің қатысы бар екенін көрсетеді. Билік, әлбетте, өз қылмысын өзі ашып бермейді. Бұның барлығы болашақта, билік басына басқа адамдар келгенде жасалады.

2.Иә, Рахат Әлиев елбасы жауларының қатарына енген соң, шахматтағы тақтадағы секілді атпен қадам жасалды. Билік бастапқыдағы «жеккөрушілік» нұсқасынан бас тартып, барлығын Әлиевқа бұрды. Бұл нұсқаның Алтынбек Сәрсенбайұлының өлімін тексеруге емес, Әлиевті қаралауға бағытталғаны айдан анық. Әлиев қайтыс болғаннан кейін барлығы доғарылды, ұмытылды.

3.Өлтірудің нақты себептерін айту қиын. Біз оны болашақта білеміз. Бірақ бұның саяси астары болғаны анық. Алтынбек оппозицияның өте ықпалды көшбасшысы болды. Бұл Назарбаев пен оның маңайын алаңдатпай қоймады. Назарбаев өзіне қарсылас болғысы келгендерді өте ауыр қабылдайды. Алтынбек оппозицияға өткенде дәл сондай адам болды. Оны залалсыздандыру үшін Ақорда тарапынан белгілі бір қадамдар жасалғанын болжауға болады. Біз білетіндей, онымен саяси қарсыластықты тоқтату жөнінде келіссөздер жүргізілген. Оны қорқыту мақсатында ұрлап әкетіп, өміріне қауіп төндіру арқылы келісімге келу немесе құжатқа қол қойғызуға талпыныс болғаны мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Қалай болғанын білмейміз, бірақ ақырында оны көмекшілерімен бірге өлтірді. Бұл жағдайда бұйрықты кім берді деген сұрақтың жауабы айқын. Оны ұрлап әкеткен адамдар кімге бағынды? Бірақ түсіну керек, бұл адамдардың барлығы басшыларының бұйрығын орындаушылар ғана. Ал ҰҚК кімге бағынады? Міне, сіздің сұрағыңыздың жауабы. Меніңше, бұйрық берушінің аты айтпаса да түсінікті.

4.Алтынбек Сәрсенбайұлы сол уақыттағы қазақ оппозициясының ықпалды көшбасшысы болды. Өлтірмеген күннің өзінде,  оның проблемалары көп болар еді. Оны түрмеге тоғытады немесе ол өзге елге көшуге мәжбүр болар еді. Саяси көшбасшылыққа үміткерлерді ату – біздің биліктің кредосы. Шындығында, оның тағы бір жолы болды. Ол  – Назарбаевтың командасына қайтып оралу. Бірақ, менің ойымша, ол бұл жолды таңдамас еді.

Евгений ЖОВТИС, құқық қорғаушы:

Бұл, сөзсіз, саяси террор болды

1. Бұған бір ғана түсініктеме бар: ол – билікке белгісіз бір себептерге байланысты бұл істі соңына дайын жеткізу тиімсіз болып тұр. Негізгі саяси ойыншылар әлі билік басында отырғандықтан, олар бәрін білетін болғандықтан, тапсырыс берушіні іздемей отыр деп ойлаймын.

2. Мен бұл нұсқаға күмәнмен қараймын. Бірақ трагедия болған уақыттағы алғашқы пікірімде былай дедім. Мұндай қылмысты ұйымдастыру үшін тапсырыс беруші төмендегідей бірқатар қасиеттерге ие болуы керек. Біріншіден, қаржылық жағдайы жеткілікті болуы тиіс. Себебі адам өлтіруге тапсырыс беру өте үлкен қаржыны талап етеді. Екіншіден, саяси ықпалы жоғары болуы қажет. Өйткені, кейін белгілі болғандай, бұған бір-бірімен жақын байланысы жоқ екі ведомство – ҰҚК және ІІМ қызметкерлері жұмылдырылған. Екі жақтың қызметкерлерін бір операцияға қатыстыру үшін үлкен әкімшілік немесе саяси ресурсқа ие болу керек. Бұдан бөлек, тергеуді соңына дейін жеткізбейтіндей ресурс қажет. 2000 жылдардың ортасында мұндай қасиетке ие адамдардың саны шектеулі болды. Және «эксцесс орындаушыны» да есептен шығармау қажет. Яғни өлтіру тапсырмасы қойылмауы да мүмкін. Бірақ жағдайдың бақылаудан шығып кетуі.

3. Алтынбек 90-жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басындағы саяси элитаның көрнекті өкілдерінің бірі болды. Оның Серікболсын Әбділдин, Балташ Тұрсымбаев, Әкежан Қажыгелдин сияқты оппозицияға өтуі, кейіннен Заманбек Нұрқаділов, Жармахан Тұяқбай және жас түркілер Мұхтар Әблязов, Ғалымжан Жақиянов, Болат Әбілов, Әлихан Байменов, Ораз Жандосовтардың келуі элитадағы бөлінудің айқын көрінісі болды. Қарсыластардың деңгейі әртүрлі екені белгілі. Бірақ бөлінудің болғаны анық көрінді. Бұдан ары олардың қазақы ортадағы ұйымдастыру, мобилизациялық потенциалын бағалау керек. Сол себепті белгілі бір кезеңде нақты қауіп төндірмесе де, нақты қауіп ретінде бағалануы мүмкін. Бір адамның басқаруындағы орталықтандырылған билік жүйесінде шешімдер таңдалған ақпараттар негізінде қабылданады. Бұндай авторитарлық жүйеде орталыққа жақын жүргендер жиі өзінің саяси ойынын ойнайды. Бірақ бұның барлығы біздің болжамымыз ғана. Бұл – сөзсіз, саяси террор. Себебі жария түрде белгілі оппозициялық тұлға өлтірілді. Оның түпкілікті мақсаты – оппозиция өкілдерін қорқыту.

4. Қазақстанның саяси алаңын тазарту ұзақ уақыт жүрді. Мен 2000 жылдары «біздің билік саяси алаңдағы ағылшын шөпшапқышы сияқты» деген метафораны келтіргенмін. Біреу бас көтерсе болды, шөпшапқыш бірден қырқып түсіретін. Сол себепті ірі саяси тұлғалар билікте болды немесе соның жағында жүрді. Сирек жағдайда жекелеген тұлғалар оппозицияға өтті. Бірақ шешім қабылдаушы топтан шығарылды. Алтынбек билікте де, оппозицияда да салмағы бар, ықпалды тұлға болды. Оның ірі саясаткер және қоғам қайраткері болғанына күмән жоқ. Ал 2006 жылдан кейінгі жағдайларға әсері жөнінде айтатын болсақ, тарих болуы мүмкін жорамалдарды жақтыртпайды. Бұл жерде болжам айтудан басқа амал жоқ.

Фото: Ашық ақпарат көздерінен.




Мақала авторы:

Есдәулет Қызырбекұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?