Сот "ҚДТ-ға қатысы бар" деп сотталған Әбішевтің жазасын жеңілдетпеді

Дерек көзі: www.azattyq.org - 13.02.2020981

Алматы облысының апелляциялық соты 12 ақпанда адвокат Гүлнара Жуаспаеваның жеке шағымын қанағаттандырмады. 27 желтоқсанда Қапшағай қалалық соты "ҚДТ-ға қатысы бар" деп айыпталған Әсет Әбішевтің қалған түрме жазасын бас бостандығын шектеу жазасымен алмастыру туралы өтінішін қанағаттандырмаған еді. Жуаспаева осы шешімге шағым түсірген. Сот бірінші инстанцияда қабылданған сот қаулысын өзгертпеді.

Адвокаттың жеке шағымын судья Әділ-Омар Жақсыбаев қарады. Қапшағай қалалық сотының қаулысын құптаған апелляциялық сот Әбішевтің тәртібінің түзелгені-түзелмегені белгісіз деді.

Сот қаулысы оқылғаннан кейін Әсет Әбішевтің жақтастары "Масқара!" деп айқайлады. Олардың арасында өткен жылы "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына қатысы бар деп екі рет сотталған Талдықорған тұрғыны, ІІМ зейнеткері Болатхан Жүнісов те болды.

Әсет Әбішев апелляциялық сотқа әкелінген жоқ, видеобайланыс арқылы да қатыспады.

42 жастағы Алматы тұрғыны Әсет Әбішев - Қазақстанда тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына (қозғалыстың жетекшісі шетелде тұратын бұрынғы банкир, қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әбілязов) қатысы бар деп айыпталып, төрт жылға сотталған белсенді. Қазақстанда ҚДТ сот шешімімен экстремистік ұйым деп танылып, ел аумағында қызметіне тыйым салынған. Ал өткен жылы қабылданған Еуропарламент резолюциясында ҚДТ "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп жазылған.

Әбішев 2018 жылы 5 шілдеде ұсталып, содан бері қамауда отыр. Оған қатысты сот шешімі 2018 жылы 30 қарашада шыққан. 2019 жылы 13 ақпанда апелляциялық сот қаулыны өзгеріссіз қалдырған.

Адвокат Гүлнара Жуаспаеваның айтуынша, Әсет Әбішевке түрмеде өзге сотталғандардың құқығын қорғауға ара түскені үшін мекеме әкімшілігі қатаң қарайды. Жуаспаева биыл мамыр айында "жоспарлы тінту шарасы" кезінде Әбішевтің таяқ жегінін мәлімдеген. "Осы жайттар үшін түрме әкімшілігі кек сақтап отыр" дейді адвокат.

Құқық қорғаушылардың сарапшылар кеңесі былтыр Әсет Әбішевті Қазақстанның саяси тұтқындары тізіміне қосқан. Сотқа қатысқан "Ар.Рух.Хақ" үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Бақытжан Төреғожина бұл шешімнің дұрыс болғанына тағы да көз жеткізгенін айтады.

Оқи отырыңыз: "ҚДТ-ны қолдады" деп айыпталғандардың соты қалай аяқталды?

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?