Жәкішевтен катаракта анықталды, ерте босату туралы үшінші өтініші наурызда қаралады

Дерек көзі: www.azattyq.org - 13.02.2020329

"Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы жетекшісі Мұхтар Жәкішевтен катаракта анықталды, оның денсаулығы барған сайын нашарлап барады дейді құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина. Оның айтуынша, былтыр наурыз және қараша айларында Жәкішевтің денсаулығы тексерілген.

- Ол тек катаракта ғана емес, өте көп ауруға шалдыққан. Бірақ Мұхтар өзінің денсаулық мәселесі қоғамда талқыланғанын қаламайды, - деді құқық қорғаушы Азаттық тілшісіне.

"Оның қан қысымы жоғары, аяғында үлкен ісіктер бар. 40-тан астам дәрі ішеді" деген құқық қорғаушы "былтыр сотта жағдайын өздеріңіз де көрдіңіздер" деді.

Бақытжан Төреғожинаның айтуынша, арнайы медициналық жабдықтары жоқ колония мен қаладағы ауруханалар ауруы асқынған Жәкішевке тіпті дұрыс диагноз қоюға да жарамай тұр. Былтыр жыл соңында Жәкішевті санитарлық колонияға емдеуге жіберген, бірақ нәтиже болмаған. Қысы қатаң келетін Семейдің салқын ауа райы да денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр.

- Оны былтыр Семейдегі ауруханаға да апарған. Бірақ Семей кішігірім қала. Ол жақта дұрыс тексеріп, дұрыс емдеу тағайындай алмайтыны түсінікті. Бар емі - оған дәрі тағайындайды. Болды, - дейді Бақытжан Төреғожина.

Ал Семей қаласындағы ОВ-156/14 қатаң режимді колонияның арнайы бөлімінің жетекшісі Индира Думанбекқызы Мұхтар Жәкішевке қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын айтты.

- Жағдайы тұрақты, медициналық көмек көрсетіліп жатыр, - деді ол 13 ақпанда таңертең Азаттық тілшісіне. Дегенмен ол жаңа диагнозға байланысты ештеңе айта алмайтынын жеткізді.

13 ақпанда Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен ерте босату туралы үшінші өтініші 3 наурызда таңертеңгі сағат 10:00-де Семей қалалық №2 сотта қаралатыны белгілі болды. Бұл ақпаратты колония мен қалалық сот хабарлады.

Былтыр 24 шілдеде Семей қаласының №2 соты түрмеде отырғанына 10 жылдан асқан Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шығу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан. Семей соты "Жәкішев мемлекетке келтірген 99,6 миллиард теңге (қазіргі курспен 258 миллион доллар) шығынды өтемеді" деген.​ Қыркүйек айында апелляциялық сот шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Соттың алдында және одан кейін Қазақстанның бірнеше қаласында биліктен Жәкішевті босатуды талап еткен көп наразылық акциялары өтті. Бірақ билік бұл наразылық кезінде айтылған талаптарға құлақ асқан жоқ.

Мұхтар Жәкішев "Венада (Австрия) "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының заңсыз өкілдігін ашу арқылы пайда тапты, астыртын касса ұстады, күзетшісіне қосымша еңбекақы төлеп келген" деген айыппен 2009 жылы 14 жылға сотталған. Түрмеде отырған кезде үшінші топ мүгедектігін алған Жәкішев өзіне тағылған айыптармен келіспейді.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Жәкішевті "саяси тұтқындар" тізіміне қосқан. Құқық қорғаушылар "Жәкішев елден қашқан Мұхтар Әблязовпен (бұрынғы банкир, Қазақстан билігін сынаушы) араласқаны үшін қысымға ұшырады" деп санайды. Қазақстан билігі елде "саяси тұтқындар жоқ" деп есептейді.

Халықаралық ұйымдар да бірнеше рет Қазақстан билігінен Жәкішевке бостандық беруді сұраған. 2015 жылы Жәкішевтің шағымын қараған Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі Комитеті оның құқығы бұзылғанын растап, Қазақстан билігін тұтқынды босатуға шақырған. 2018 жылы наурыз айында Хельсинки комитеті және "Орталық Азиядағы адам құқығы" қауымдастығы Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жазып, "науқас саяси тұтқын" Мұхтар Жәкішевке "адамшылық танытып" түрмеден босатуын сұраған.

Бірақ бұл өтініштердің ешбіріне Қазақстанның жоғары билігі реакция білдірген емес.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?