Нұр-Сұлтан полициясы КО елдері нөмірімен жүрген көлік иелеріне қысым көрсетіп отыр

Сайт Әкімшілігі - 13.02.20201798

Авто көлік иелері «Адам құқы сақталмайтын мемлекеттің, біз сияқты, қарапайым азаматтары оигархиялық топтардың жеміне айналдық!» деп үндеу тастады. Бұл туралы өздері жазып, YouTube арнасы арқылы таратқан бейне хабардан белгілі болды.

Бейнеге түскен бір топ ер азамат 12 ақпанда түнге қарай полиция тарапынан өздерінің армян номерлі машиналарын күштеп есепке тұрғызу әрекеттері болғанын, оған наразы екендерін мәлімдеді. Полиция қыспағына түсіп қалған Ерлан Алпысбеков деген жігіт өзін, Ішкі істер департаментіне еш қатысы жоқ,  «Орда инвест» атты компанияның кеңсесіне алып келіп, жауапқа тартып, қоқан-лоқы жасағандары туралы айтты. Оған наурыз айына дейін мәшинесін уақытша есепке қою туралы бұйыра отырып, нұсқау берген. Ерлан болса, «ол көлікті уақытша есепке қоя салатын 1 миллион 300 мың теңгем жоқ» дейді. Жиналғандар шет-шетінен сөз алып, наразылықтарын танытып жатты. Шүпеков деген полиция подполковнигінің,  жақында ғана, «кем дегенде, жарты жыл ішінде ешкім тиіспейді» деген уәдесін, теледидар арқылы елді тыныштыққа шақырып, бәрі заң аясында шешілетінін айтқан чиновниктердің сөзін  алға тартып, билікке қарсы «Неге уәделеріңізді жұттыңыздар?»,  «Неге ҚР КО-тың мүшесі бола отырып, ол одақтың заңдарын аяқ асты етеді? Неге ҚР ЖЕ туралы заңының 63-ші және 65-ші баптары КО заңының 260-шы заңынан биік болады?» деген сауал тастады.

Ескерте кетейік, ҚР «Жол ережесі туралы» заңының 63-ші бабы «халықаралық жол қозғалысын пайдаланушы көліктерден» басқа, Қазақстан аумағына енген бүкіл автокөлік бір жылдан аспайтын мерзімге міндетті түрде тіркелуі  тиіс дейді. Ал, осы заңның 65-ші бабы «Қазақстан Республикасы территориясында, 30 тәулікке дейін үзілістерімен қоса алғанда, бір жылдан астам уақыт жүрген көлік халықаралық жол қозғалысына қатысушы ретінде саналмайды» дейді.

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.