Мұхтарды босата ма?

Сайт Әкімшілігі - 13.02.20201841

Мұхтар Жәкішев өзін кесілген мерзімнен бұрын босатуды сұрап үшінші рет өтінішхат жазды. Бұл туралы оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев өзінің Facebook   парақшасында жариялады. Адвокаттың мәліметінше, Жәкішев өтініш хатты ақпан айының 6-ы күні жіберген.

Мұхтар Жәкішевтің өтініш хаты, 3-ші наурызға белгіленген,  сотта қарастырлатын болады. 2019-шы жылдың 24-ші шілдесінде Мұхтардың өзін мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатын қарастырған Өскемен қаласының соты Ермек Шымыров оның өтінішін қанағаттындырмай тастаған.  10 қыркүйек күні  «ҚазАтомпром»-ның бұрынғы басқарма төрағасының аппеляциялық өтінішін  Шығыс Қазақстан облыстық соты аяқсыз қалдырған. Судья Құрманов адвокат Н. Бейсекеев алға тартқан  Жәкішевтің ауыр халі, денсаулығының өте әлсіздігі туралы дәрігерлер қорытындысын да  ескермеген болатын.

2009-шы жылдың мамыр айында қамауға алынған М. Жәкішев он жылдан астам уақытын түрмеде өткізіп келеді. Оны коррупциялық қылмысқа қатысты деп айыптап, 14 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Қоғам оны саяси тұтқын деп танып, адам құқын қорғаушылар оны босату жөніндегі талаптарын билікке бірнеше рет қойған да еді. Республиканың жер-жерінде Мұқтарға бостандық беруді талап еткен пикеттер де болып өтті.   Халықаралық Freedom House ұйымы да оның түрмеден босап шығуын қолдаған. Ал, адам құқы жөніндегі Қазақстанның халықаралық бюросы Жәкішев ісінде саяси іліктер бар екенін мәлімдеп, президент Қ. Тоқаевты БҰҰ адам құқылары жөніндегі Комитетінің 2015-шы жылғы 9-шы желтоқсанда қабылдаған шешімдерін орындауға шақырып хат жазған да болатын.

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.