Халық санағына бюджеттен 8,2 млрд теңге жұмсалады

Дерек көзі: www.azattyq.org - 13.02.2020415

Қазақстанда халық санағы 2020 жылы қазан айында өтеді. Оған бюджеттен 8,2 млрд теңге бөлінеді деп хабарлады 13 ақпанда Нұр-Сұлтанда ұлттық экономика министрлігіне қарайтын статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов.

Оның айтуынша, халық санағын өткізу үшін 32,5 мың адам тартылады, бюджеттің негізгі бөлігі яғни, 3,7 млрд теңге солардың жұмысына төленеді.

- Бюджеттің негізгі бөлігі - 3,7 млрд теңге интервьюерлердің еңбекқасын төлеуге жұмсалады. Бұған қоса санаққа байланысты онлайн ресурстар жасалады. Ақпараттық жүйе құрдық. Әр облыс орталығында халық санағы үшін басқарма ашылады, - деді халық санағының бюджеті туралы сұрақтарға жауап берген Нұрболат Айдапкелов. Оның айтуынша, планшет сатып алуға 1 млрд теңге қаражат бөлінбек. "Бюджет туралы толық кесте арнайы сайтта жарияланады" деді ол.

Ол мұғалімдер мен дәрігерлердің халық санағы жұмысына қатыспайтынын, халықтан сауалнама жинайтын адамдар арнайы іріктелініп, курстардан өтетінін айтты.

Жалпы санақ екі кезеңнен тұрады. 1-30 маусым аралығында интервьюерлер тұрғын үйлер мен ғимараттарды аралап, онда тұратын адамдар санын анықтайды. Санақтың екінші кезеңінде яғни, 1-30 қазан аралығында санақ жүргізіледі. Оған онлайн түрде де қатысуға болады. Сауалнама аяқталғанда әрбір азаматқа халық санағынан өткені туралы анықтама беріледі.

Заңға сай, Қазақстанда санақ әр он жылда бір рет өтуі тиіс. Соңғы рет халық санағы 2009 жылы өткен.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?