Масанчиде тағы бір адамның денесі табылды

Гүлім Омар - 13.02.20202025

Масанчидағы жанжалдан көз жұмған тағы бір адамның денесі табылды. Бұл жөнінде Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Құлшыманов мәлімдеді.

«2020 жылдың 11 ақпан күні сағат 12:07-де Жамбыл облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне, Қордай ауданының Масанчи ауылында, сауда орталығы ғимаратын (өрттен кейін шатырдың құлауы болған), тазарту кезінде, қираған үйінділердің астында адамның күйген денесі табылды», - делінген Құлшыманов жариялаған мәлімдемеде.

Әкім кеңесшісінің сөзінше, қазір мәйіттің жеке басын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Бұған дейін құзырлы органдар Қордайда болған қазақ-дүнген қақтығысынан 10 адам қайтыс болғанын айтқан. Жанжал ақпанның 7-і күні болған.

Фото: Азаттық радиосы.

Мақала авторы:

Гүлім Омар

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.