Айсұлтанның жаңа мәлімдемесі

Сайт Әкімшілігі - 13.02.202019630

Айсұлтан Рахат (Назарбаев)  Facebook-тағы парақшасында жаңа мәлімдеме жасап, бүгінгі билікті күшпен ығыстырып тастауға шақырды.

«Егер халық ел ішінде билікке қарсы біріксе, онда бұл билікті төңкеріп тастауға күшіміз жетеді!» дейді Айсұлтан. «Біз мемлекет құлағын ұстап отырғандарға олардың Құдай емес екенін көрсетеміз! Олар бізді қуғынға салып, өлтіруі де, еркіндігімізден айырып, тіршіліктің түрлі қиындығына түсіруі де мүмкін. Бірақ, маған сеніңіздер, Құдай бізбен бірге, біз жеңеміз!» деген Назарбаевтың ұл-немересі өзінің Ұлыбритания корольдігінен саяси баспана сұрағанын мәлімдеді. «Мен Ұлыбританиядан саяси баспана сұрап отырмын. Өмірімнің соңғы бес жылы сұр жолақтан көрінбейді. Ел-жұрт шын мәнісінде не болғанын және неге олай болғанын білуі керек! Мәселе менің Ресей және Қазақстан үкіметтері арасындағы биік масштабтағы коррупция туралы ақпаратты білетінімде. Мен Қазақстан халқынан ұрлалған миллиардтаған дорлларлар туралы айтып отрымын» деп, өзі шыққан шаңырақ пен биліктің басқа тармақтарына қатысты үлкен бір мәселенің шетін шығарды.

«Мен өз шаңырағымның, шешем (Дариға Назарбаева) мен оның күйеуінің (Қайрат Шәріпбаев),  сараң да тойымсыз пиғылының тұтқынында қалдым» дей келе, ол екеуінің өзінің қайын атасы Қайрат Боранбаевқа қарсы  істеген әрекеттері туралы жазады. Сөйтеді де, мұндағы бар кілтипанның, қазақ газының тиынға сатылып жатқанына себепкер,  ресейлік «Газпроммен» екіарадағы келісім-шартта екенін айтады. Екі ортада,  есеп-шотында  жылына 1,5 миллиард доллраға  жуық пайда қордаланып қалатын,  аралық компания бар көрінеді. Ақша Сингапурдегі шотқа аударылып, кейін Ресейлік биік шенділернің арасында бөліске түседі екен. Қазақстанға қалатын 700 млн доллар шамасындағы ақшаны Тимур Құлыбаев пен Қайрат Боранбаев бөліп алатын көрінеді. Міне, Дариға мен оның күйеуі осы келісім-шартқа көз сағлан екен. Айсұлтан қайныатасын қорғап шығып, басына бәле тілеп алған көрінеді.

«Мен ұзақ уақыт бойы шешемді түсінбей жүрдім. Аналық мейірімі қайда кеткен? Жүрегінің астында 9 ай бойы көтерген туған ұлын неге бұлайша тұқыртады?  Қайдағы бір ақша үшін...» деп налыған Айсұлтан кезінде өзі сынаған чиновниктердің аяғынан жиі шалғанын да ұмытпапты. «2015-ші жылдың күзінде мені, Ұлыбританияға сапармен келген Нұрсұлтан Назарбаев өзінің пәтеріне шақыртты. Бірден байқағаным – маған әбден қарсы ғып қойған екен. Екеуіміздің арамыздағы әңгіме айқай-шу мен боқтаудан ғана тұрды, тіпті, ПКҚ(президенттің күзет қызметі) қызметкерлерінің шашы тік тұрған болар. Оған отбасы мен маңындағыларға не істеймін десе де еркіндік беріп қойғаны, бірінің бизнесін екіншісі тартып алуға мүмкіндік беріп қойғаны өзі құрған жүйені де, басқасын да құртып тынады дегенді жеткізе алдым. Сараңдық пен тойымсыздық бәріңнің түбіңе жетеді дедім!». Келесі күні қайын атасын атасымен(әкесімен) кездестіргенін, мән-жайды түсінген елбасы қызын вице-премьерліктен сенатқа, Қайрат Шәріпбаевты ҚазТрансГаздың төрағалығынан бақылаушы кеңесіне ауыстырып жібергенін айтады.  Міне, шешесіне жақпай қалғаны да осыдан екен! Жаны осылай күйзелген кезде жалғыз жұбанышы есірткі болыпты. Одан кейінгі әңгімесін шешесі мен өгей әкесінің өзін қалайша қуғынға ұшыратқаны, 14 ай бойы Ресей түрмесінде жатқаны, 12 ай өткенде шешесінің келіп, басын игізе алмай кеткені, Әлнұр Мұсаевтың арқасында ол түрмеден босап шыққаны туралы тарқатады.

«Кейінірек Рахат Әлиевтің, ол өзінің кітабында жазбаған мәліметтері бар, архиві маған мұраға қалды. Сол жерден мен өзімнің кімнен туғанымды білдім! Шешем болса, мені жер-көктен іздей бастады! Олар, мына жағдайдан жаным құлазып, есірткіге елітіп отырған мені Лондоннан тапты. Күзетшілерін жіберіп, еркіме қарсы, мені Қазақстанға алып кетіп, кейінірек, тағы да Ресейдің бір түпкірінде тығып қоймақшы болатын!»

«Қалғанын және басқа көптеген мәселені Times-қа берген сұхбатымнан оқи аласыздар. Әрине, оған дейін тірі болсам!» дейді Айсұлтан Назарбаев.

Айсұлтанның бұл жазғандарын оқи отырып, өзі жазды ма, әлде біреу көмек көрсетті ме екен деген ойдың да келгені рас. Пост толығымен Дариға Назарбаеваға қарсы бағытталған. Кім жазса да, билік биігіндегі көп құпиядан хабары бар екені анық. Айсұлтан келтірген «ГазПром» АҚ мен арадағы келісім-шарт туралы мәліметке қатысты лауазымды шенділер қандай жауап қайтарар екен? Ондай келісім-шарттың бары рас па? Ол туралы Тимур Құлыбаевтың жауабы болады ма?

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.