Белсенді бас прокуратура алдында Жәкішевті босатуды талап етті

Дерек көзі: www.azattyq.org - 13.02.2020404

13 ақпанда түстен кейін астаналық белсенді Бибігүл Тұяқова бас прокуратура ғимаратының алдында жалғыз адамдық пикет өткізді. Ол "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы жетекшісі Мұхтар Жәкішев пен Жаңаөзендегі жұмыссыз жастар белсендісі, былтыр бес жылға сотталған Ержан Елшібаевты бостандыққа шығаруды талап етті.

Оның қолында "Мұхтар Жәкішевке бостандық! Мерзімінен ерте босасын" деген жазуы бар плакат болды.

- Қолдағы бар ақпаратқа қарағанда Мұхтар Жәкішев үшінші рет мерзімінен ерте босату туралы өтініш беріп жатыр. Оның денсаулығына қауіп төніп тұр. Қайта-қайта түрмеде құлап қалып жатқанын естідім. Сол себепті Жәкішевті босатуды талап етемін, - деді Бибігүл Тұяқова Азаттық тілшісіне.

Ол бұдан бөлек "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бабымен былтыр бес жылға сотталған жаңаөзендік белсенді Ержан Елшібаевты түрмеден шығару қажеттігін айтты.

- Оның үстінен ешкім арыз түсірмеген. Бұрынғы оқиға бойынша соттады. Тіпті "жапа шекті" деп тауып әкелінген адамның өзі оған арыз-шағымы жоғын айтты. Бас прокуратура протест жасасын, - деді Бибігүл Тұяқова.

Бұдан соң бас прокуратурадан өзін Ілияс Сәнібаев деп таныстырған қызметкер шығып "Сіз прокуратура қандай реакция жасасын деп сұрайсыз? Жүріңіз, ішке кіріп сөйлесейік" деп белсендіні ішке алып кетті.

Мұхтар Жәкішев "Венада (Австрия) "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының заңсыз өкілдігін ашу арқылы пайда тапты, астыртын касса ұстады, күзетшісіне қосымша еңбекақы төлеп келген" деген айыппен 2009 жылы 14 жылға сотталған. Түрмеде отырған кезде үшінші топ мүгедектігін алған Жәкішев өзіне тағылған айыптармен келіспейді.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Жәкішевті "саяси тұтқындар" тізіміне қосқан. Құқық қорғаушылар "Жәкішев елден қашқан Мұхтар Әблязовпен (бұрынғы банкир, Қазақстан билігін сынаушы) араласқаны үшін қысымға ұшырады" деп санайды. Ал Қазақстан билігі елде "саяси тұтқындар жоқ" деп есептейді.

Бұған дейін оның мерзімінен ерте босату туралы өтініштері қанағаттандырылмаған. Наурыз айының басында Семей қалалық соты оның үшінші өтінішін қарайды.

Оқи отырыңыз: Жәкішевке катаракта диагнозы қойылды, ерте босату туралы үшінші өтініші наурызда қаралады

2019 жылы 17 қарашада Жаңаөзен қалалық соты 31 жастағы Ержан Елшібаевты "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша кінәлі деп тауып, бес жылға соттаған. Сот оның кінәсі дәлелденді деген. Кейін 25 қарашада оқиғаға қатысы бар адамдар талаптары жоқ екенін айтса да, апелляциялық сот алқасы шешімді өзгеріссіз қалдырған еді.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Ержан Елшібаевты да "саяси тұтқын" ретінде таныған.

Оқи отырыңыз: Жаңаөзендегі сотта белсенді Елшібаевты босатуды талап етті

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?