Жапонияда карантинге жіберілген Diamond Princess кемесінде төрт қазақстандық та болған

Дерек көзі: www.azattyq.org - 13.02.2020102

Жапонияда коронавирустың таралуына байланысты карантинге жіберілген Diamond Princess кемесінде төрт қазақстандық та болған, олар өзге жолаушылармен бірге ауруханаға жатқызылды деп хабарлады Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп 13 ақпанда.

"Жапония жағалауындағы Diamond Princess круиз кемесіндегі 3700 жолаушы карантинге жіберілді, онда елу мемлекеттің азаматы бар. 174 адамнан вирус табылған. Кемеде төрт Қазақстан азаматы бар. Олардың денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда. Зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр" деді Диас Ахметшәріп.

Оның айтуынша, карантиннің мерзімі 19 ақпанда аяқталады.

Қытай билігі 13 ақпанда вирусты жұқтырған адамдар саны бір тәулік ішінде күрт артқанын хабарлап, олардың саны 60 мыңға жуықтағанын айтқан.

Қытайда коранавирустан 1300 мыңнан астам адам көз жұмды. Шамамен алты мыңы аурудан айықты.

Вирустың таралу ауқымы кеңейіп барады. Әлемнің 50 мемлекетінде коронавирус табылған.

Diamond Princess круиз кемесі 20 қаңтарда Жапонияның Иокогама қаласынан Кагосима - Гонконг - Окинава бағыты бойынша екі аптаға саяхатқа шыққан. Кейінірек Гонконгте жағаға түскен жолаушылардың бірінен вирус табылып, 3 ақпанда Иокогама портына тоқтап, карантинге жіберілген еді.

Үш күннен кейін вирустың ондаған адамға тарағаны анықталды. 12 ақпанда вирусты жұқтырғандар саны 174 адамға жетті. Кемені тексерген Жапонияның денсаулық сақтау мамандарынан да вирус белгілері табылған.

Оқи отырыңыз: Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.