Батыс Қазақстан облысында қорық аумағынан мұнай іздемек

Дерек көзі: www.azattyq.org - 14.02.2020294

Батыс Қазақстан облысының экология департаменті Кирсанов қорығы аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат берді.

Ерекше қорғаудағы аумақтан мұнай іздейтіні туралы ақпаратты экология департаментінің бастығы Ербол Қуанов жыл қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты кезінде айтты.

- Біз сондай жұмыстар жүргізуге рұқсат бердік. Бірақ биыл басталмайды, - деді Ербол Қуанов.

Кирсанов қорығы аумағынан мұнай іздейтіні туралы ақпарат өткен жылы күзде айтыла бастаған. Геологиялық барлау жұмыстарын "Ural Oil and Gaz" компаниясы жүргізбек. 2019 жылы қорық аумағына жол тартылып, көлік өтуі үшін көпір жасалған. Билік ұйымдастырған қоғамдық тыңдау кезінде жергілікті тұрғындар мұнай іздеуге қарсы болмады. Алайда кейбір тұрғындар жол салынған жағдайда ғана рұқсат берілсін деген талап айтты.

Кирсанов қорығы 1967 жылы Батыс Қазақстан облысы Жайық өзенінің аңғарында ашылған. Қорықта елік, бұлан, құндыз, борсық сияқты аймақта сирек кездесетін жануарлар тіршілік етеді.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.