Түркістан облысы әкімінің есебіне барған журналист өзін полицияның ұстап әкеткенін хабарлады

Дерек көзі: www.azattyq.org - 14.02.2020524

14 ақпанда Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шүкеевтің халыққа есеп беру жиынына барған бірнеше адамның ұсталғаны хабарланды. Олардың арасында журналист Амангелді Батырбеков те бар.

Амангелді Батырбековтің Азаттыққа айтуынша, есеп өтіп жатқан залға кірейін деп жатқанда Сарыағаш аудандық полиция басқармасының қызметкерлері белгісіз себеппен күш қолданып, полиция автобусына салып алып кеткен. Полиция өзінен бөлек тағы бірнеше адамды ұстаған.

Журналистің өзі бірнеше рет Facebook-та тікелей эфирге шығып, бірінде өзін полицияның автобустан шығармай отырғанын, тағы бірінде көлікпен белгісіз жаққа апара жатқанын хабарлады.

"Құрметті Тоқаев мырза! Бұл қандай мемлекет? Бұл не деген адам құқығын таптау? Мына тірлікті қолға алу керексіз. Бұл облыс әкімінің арнайы тапсырмасымен істелген дүние ме? Әлде мұны полиция істеп отыр ма? Бұны қалай түсінуге болады? Біз тұтқынбыз ма?" деді журналист видеожазбаларының бірінде.

14 ақпанда түс кезінде Азаттық тілшісі Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің басшысы Әсет Ибрагимовке хабарласып, журналистің ұсталуына байланысты түсініктеме сұраған еді. Ол оқиғадан хабарсыз екенін, "жиналыста отырғанын" айтты. Ал Түркістан қалалық полициясы әзірге жауап бермеді.

Түскі бірлер шамасында полицияның Батырбековті Шымкентке апара жатқаны белгілі болды. Оның не үшін ұсталғаны белгісіз.

Амангелді Батырбеков - "Жала жабу" және "Қорлау" баптары бойынша істі болып, жақында ақталған тәуелсіз журналист. Ол аймақтағы жемқорлық сияқты қоғамдық маңызды мәселелерді көтеріп, мақала жазады. Қазір Түркістан облыстық сотында журналистің Facebook-тегі жазбасына байланысты "Қорлау" бабы бойынша тағы бір сот жалғасып жатыр.

Ресми БАҚ-тың хабарлауынша, әкімнің есеп беру жиынына 700 тұрғын қатысқан.

Оқи отырыңыз: Әкімнің блогерлермен кездесуінде белсенділер ұсталды

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?