Қытайлықтар Қазақстанда ұлт ретінде ресми тіркеле ме?

Асхат Асан - 14.02.20202274


«Алдағы халық санағында еліміздің азаматтығын алған алғашқы «қытай диаспорасы» да тіркеледі. Қытайларды диаспора ретінде мойындап, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелігіне тіркейтін болсақ, біз өз қолымызбен еліміздің қытайлануына жол ашып беретін боламыз» деп мәлімдеді,  Adyrna.kz  ұлттық порталы жүргізген «Халықтар Ассамблеясы бізге керек пе?» деген саулнамаға  жауап берген Дос Көшім.  «... Қазақстан азаматтығын алған қытай ұлтының өкілдері ертең саны басым ұлт ретінде Парламенттен орын сұрайды. Бұл олар «ашықтан ашық қорғалады» деген сөз» дейді Дос мырза.

2019 жылдың 19 маусымы күні үкіметтің Қазақстанда 2020 жылы халық санағын жүргізу туралы № 419 қаулысы жарық көрген болатын. Оған дипломатиялық өкілдіктерде істейтін шет елдіктер мен жұмысқа, оқуға («Болашақ» бағдарламасынан бөлек) шет ел асқандар қатыспайды.  Елде тұрып жатқан шет елдіктер мен азаматтығы жоқ жандар да өзі туралы мәліметтерін берулері тиіс. Санақ екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде, яғни, маусым айының 1-нен 30-на дейін санақшылар үй-үйді аралап, тұрғындарды тіркеу жұмысымен, айналысады. Демек, интернет дамыған, әр азамат жеке салық нөмірі арқылы тіркелген заманда баяғыша «етік тоздыруды» қоймаймыз. Үкімет ондай заманға сай санақ үлгісіне тек 2030-шы жылы ғана өтпекші. Ал, биылғы «жаяу» санақтың бюджетке түсірер салмағы 8 миллиард 200 миллион теңге.

Бұған дейінгі бір санақты(2009 жылы) өткізген ҚР Статистика комитетінің басшысы Анар Мешімбаева, мемлекет қазынасына ірі көлемде шығын келтіргені үшін, 2014 жылы  ҚК 176 бабының үшінші бөлімі бойынша сотталып, жеті жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Онымен бірге кәсіпкер Серік Тұржанов (9 жыл) пен комитет төрағасының орынбасарлары Нұрман Баянов(5) пен Бірлік Меңдібаев(6) та сотталып кеткен. Анар Мешімбаев, Серік Тұржановтар өздерін кінәлі деп мойындамаған еді.   

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Мақала авторы:

Асхат Асан

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.