Қордай шекара бекеті жабылды

Сайт Әкімшілігі - 14.02.20202113

Қордай бақылау бекеті жабылды. Бұл жөнінде Қазақстанның шекара қызметі мәлімдеді.

ҚР шекара қызметінің баспасөз орталығының басшысы Қанатбек Сұлтановтың сөзінше, Қордай бақылау бекеті жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады.

«Жөндеу жұмыстарының қанша уақытқа созылатынын қазір айта алмаймын. Қазақстан және Қырғызстан азаматтарын өткізу күнделікті сағат 6:00-ден 24:00-ге дейін жүзеге асырылатын болады. Қауіпсіздік шаралары мен Қазақстан тарапының қажеттіліктеріне байланысты жөндеу жұмыстары жүргізіледі», - деді Сұлтанов

Бұған дейін, Қырғызстан тарапы жөндеу жұмыстарына байланысты Қазақстанмен арадағы «Ақ жол» өткізу бекеті ақпанның 20-ына дейін жабылатынын айтқан. 

Жөндеу жұмыстары кезінде бекеттен қол сөмкелері бар адамдар ғана өткізіледі. Жүк көліктері, жолаушы тасымалдарының негізгі бөліктері өзге бақылау бекеттері арқылы жіберіледі.

Естеріңізге салайық, ақпанның 7-і күні Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер арасында қақтығыс болып, салдарынан 11 адам көз жұмған. Қазір аталмыш оқиғаға байланысты аймақта үкіметтік комиссия жұмыс істеуде.

Фото ашық ақпарат көздерінен.  

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.