Бауыржан Байбек Түркістан облысының шалғай ауылдарын аралады

Сайт Әкімшілігі - 27.02.20201094

«NurOtan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары БауыржанБайбек бірнеше күн ішінде Түркістан облысының Созақ, Отырар және Жетісай аудандарының шалғай ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Жетісай ауданында Бауыржан Байбек Абай ауылының тұрғындарымен жүздесіп, олар үшін аса өзекті болып отырған егіс алқаптарын суару мәселесінің мән-жайына қанықты. Мұнда бірнеше жылдан бері 2600-ден астам шаруа қожалықтары пайдаланатын К-30 суару каналын қайта қалпына келтіру аяқталмай келеді.

«Тұрғындар айтқандай, каналды бетондау жұмыстары мерзімінен кешіктіріліп, көбінесе сапасыз жүргізіледі. Аталған мәселе, орталық, және жергілікті атқарушы органдар жұмысын үйлестіруді қажет етеді. Шаруа қожалықтарының басшыларымен бірге мақта индустриясын дамытуға мемлекеттік қаржылай көмек көрсету мәселесін де көтердік. Бұл мәселелерді елордада партиялық алаңда партия мүшелері – ауыл шаруашылығы және табиғи ресурстар министрлерінің қатысуымен егжей-тегжейлі талқылауды жоспарлап отырмыз. Қорытындысын тұрғындарға  қосымша хабарлаймыз», – деп жазды Бауыржан Байбек өзінің Instagram парақшасында.

Бұдан кейін партия төрағасының Бірінші орынбасары Отырар ауданының Шәуілдір ауылына ат басын тіреді. Мұнда бұрын 300-ден астам отбасы жылу мәселесіне байланысты «Nur Otan»-ға хабарласқан болатын.

«Елбасының бастамасымен қолға алынған «Ауыл – Ел бесігі» жобасының аясында бүгінде еліміздің шалғай аудандарының түйіткілді мәселелерін шешу бойынша партия жүйелі шаралар әзірлеуде. Облыс әкімінің айтуынша, жақын арада бюджетті нақтылау кезінде жылу жүйелерін салу үшін 700 млн. теңгеден астам қаржы бөлінеді. Қазандықтың құрылысына қаражат бөлінген. Ауыл тұрғындары көтерген мәселені шешу «Nur Otan» партиясының бақылауына алынды»,– деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Түркістан облысына жұмыс сапары барысында билеуші партия басшылығы Жетісай қаласындағы 1964 жылы салынған апатты жағдайдағы емхананың орнына жаңадан бой көтерген қалалық емхананың ғимаратымен танысты. Тиісті медициналық жабдықтардың толық жеткізілмеуінен бұл нысан бірнеше айдан бері пайдалануға берілмей келеді. Жергілікті билік бұл мәселені таяу арада шешеміз деп сөз берді.

Сол күні Бауыржан Байбек Қазыбек ауылына да барып, облыстағы ізгі жүректі кәсіпкерлердің көмегімен баспанаға қол жеткізген отбасылармен кездесті.

«Бақытты отбасы» партиялық жобасының аясында облыста қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған «Қамқорлық» қайырымдылық бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда.

«Жетісай ауданында әлеуметтік қолдауды қажет ететін 141 отбасы тіркелген. Өңір басшылығының бастамасымен олардың әрбіріне «Nur Otan»-ның мүшелері мен жақтастары арасынан кураторлар бекітілді. 86 отбасыға материалдық көмек көрсетілді. Демеушілік қаражаттың есебінен 10 мұқтаж отбасыға үй салынып жатыр.

Менің ойымша, бұл – даңқты бабамыз, ұлы философ, ойшыл әл-Фараби тұжырымдаған ізгі және қайырымды қоғамның нақты мысалы. Ынтымақтастық, әділдік, өзара сенім және жауапкершілік, әлсіздерді қуатты, жағдайы жоқты ауқатты адамдардың қолдауы – «Nur Otan» партиясы ұстанатын өзгермес басты құндылықтар», – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Еске сала кетейік, Елбасы тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы бірнеше айдан бері Үкіметпен және өңірлік филиалдармен бірлесе отырып, алдағы 5 жылға аудандарды, қалаларды және облыстарды дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеп жатыр. Аталған бағдарламаларда әрбір жекелеген өңірдің жергілікті ерекшеліктері ескеріліп, азаматтардың нақты қажеттіліктері көрініс табатын болады. Осы жұмыстардың аясында «Nur Otan» партиясының басшылығы еліміздің барлық өңірін, тіпті шалғай елді мекендерін де аралап шығады. Бүгінгі шаралар аяқталған соң Бауыржан Байбек бірден Қызылорда облысына жұмыс сапарымен жол тартты.

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?