Эпидемия қаржы дағдарысына апарып соқтыра ма?

Сайт Әкімшілігі - 02.03.20201319


Биылғы жылы біз білетін қаржы әлемінде үнемдеу маңызды бола түседі.  Бұл ретте «Аналитик» талдау орталығының сарапшы маманы Тоғжан Шаяхметованың айтуынша, 2020 жыл қазақстандықтарға үнемдеуді мықтап ескертіп жатыр.

Халықаралық сарапшылардың пайымынша, Қытайдан шыққан коронавирус әлемдік экономикалық дағдарыстың елесін қайта жандандырды. Қазір  Қытай зауыттарындағы жұмысшыларға карантин жарияланған. Бұған қатысты халықаралық сарапшылар «вирус Қытайда 400-ден астам адамның өмірін қиды.  Егер инфекция жаһандық пандемияға ұласса, ол әлемдік экономикаға 2008-2009 жылдардағы дағдарыспен салыстырылатындай қауіп төнідіреді» деп отыр.

Бұл ретте бүгін Moodys халықаралық рейтинг агенттігінің аға экономисі Джон Лонски: «Коронавирустық пандемия - бұл дүниежүзілік қаржы дағдарысы мен 2008-2009 жылдардағы ұлы рецессияны тудыруы мүмкін» деген болжам айтты.

Бұл ретте қазақстандық ғалымдармен пікірлескенбіз.  Экономика ғылымының докторы, профессор Жаңабай Алдабергенов: «Дағдарыстың елесі  қазір инвесторларды қорқытып отыр.  Алдағы уақытта  мұнай, металлдар, облигациялар мен алтын бағасы түсе бастауы мүмкін. Қазір мұнай  бағасы барреліне 54,21 долларға дейін төмендеді. Бұл соңғы 12 айдағы ең төменгі көрсеткіш. Коронавирустық  індет аясында Қытайда жанармайға деген сұраныс төмендеді. Қытайда мұнай тұтыну тәулігіне 3 млн баррельге немесе 25 пайызға азайып кетті.  Себебі қазір вирусқа байланысты Қытайда біршама өндіріс орындары жұмысын тоқтатып тұр.  Өнеркәсіпте қолданылатын мыс, никель, алюминий көлемі де  вирус шыққан кейін орташа есеппен 7 пайызға төмендеді. Ал бұл әлемді алаңдатпай қоймайды. Ірі инвесторлардың көңіл күйі бұзылып отыр. Сондықтан мұның арты расымен де қаржы дағдарысына ұласып кетуі ықтимал»,- деді.

«Ал тікелей нақты  Қазақстанға қандай әсері бар» деген сауалымызға  мамандар бірінші сауда-саттық саласына қатты әсері бар екенін жіпке тізді.

 «Барометр» талдау-сараптау орталығының қаржыгері Арман Мусиннің айтуынша, Қазақстанға келетін тұтыну заттарынан бастап, киім-кешек, электроника жабдықтары  тағы басқа қажеттіліктердің 80 пайызы Қытай елінен жеткізіледі. Оңтүстік Кореяфдан техника, электроника заттары, Ираннан қалы кілемдер, Италиядан былғары етіктер мен т ондар келеді.

«Бұл арада бірінші Қазақстанның Қытайға негізгі экспорт бөлімдері 53% — шикі мұнайөнімдері,8% — жез, хром, кен мен темір қосылымы,56% металдан бұйымдар (же зді сым, катодтар, цинк, феррохром, құрыш несие),11% -жанармай,8% — уран, 14% — тері тағы басқа көптеген дүниелер жеткізіледі. Ал Қытайдан бізге 23% — мұнай-газ құбырлары,3% — қазба жүргізгіш машина мен басқада бұрғылаушы, 1,6% — көмірден кокс пен жартылай кокс,1,6% — қара металдан басқада металлконструкциялар, киім-кешектер, көкөністер, электроника тауарлары келеді. Алдағы уақытта Қытайдан тауар таситын жекелеген саудагерлерге қиын болады. Олар қазірдің өзінде тауар ала алмай отырғандарын айтып алаңдап отыр.  Нақты таразылап көрсек, бұл тек бізге ғана емес әлемдік экономикаға салқынын тигізетін құбылыс»,-деді қаржыгер Арман Мусин.


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Сайт Әкімшілігі

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты