Несиені мұраға қалдыру Қазақстанда ғана бар

Сайлаубаева Қарлығаш - 03.03.20201934

Қазір елімізде жұмыс істеуге қабілетті 8,5 миллион адам болса, олардың 6,1 миллионға жуығының мойнында несиесі бар. Бұл елдегі әр үшінші адамның банк алдында қарызы барын көрсетеді. Ел тұрғындарының несие бойынша банктер алдындағы қарызы 6 триллион теңгеге жеткен. Ал несие алушылардың 2 миллионнан астамы алған қарызын қайтара алмай, банктердегі проблемалық несие  қорын көбейтіп отыр. Бүгінгі күні елдегі қайтарылмаған несие көлемі 3 трлн теңгеге жетіп қалған. Демек, халықтың несиеге алған 6 трлн теңгесінің тең жарымы қайтарылмай жатыр.

    Несие жүйесіне қатысты экономист-ғалым Жұмаділда Баяхметов несиеге 24-28 пайыз үстеме, қайтарылмаған несиелерге елде жоқ пайызбен өсімпұл қосу біздің елде ғана бар үрдіс екенін алға тартты. Ж.Баяхметовтің айтуынша, біздегі банктердің ұстанып отырған саясаты дамыған елдердің тәжірибесінен әлдеқашан алынып тасталған.

    Экономист-ғалым Жұмаділда Баяхметовтің пайымдауынша, біз осы уақытқа дейін үкіметтен қолдау қаржы бөліп, банктерді демеп келдік. Енді үкімет қарапайым халықтың жайын ойласа, банктерден пайыздық үстемені түсіруді талап етуі керек. «2004-05 жылдары шетелдің қаржы институттары Қазақстандағы банктерге 2 пайызбен қарыз бере бастады. Біздегі банктер 2 пайызбен алған қарызын халыққа 22-24-28 пайызбен несиеге берді. Осындай жауапсыз саясат жүргізу арқылы банктер 10-12 есе пайда көреміз деп ойлады. Бірақ 2008-09 жылдардағы дағдарыс кезінде банктердің проблемалы несие портфелі өсе түсті. Жеке тұлғалар алған қарызын қайтара алмай, бірқатар банктер дағдарысқа ұшырады. Қазір елдегі қайтарылмаған несиелер көлемі 3 трлн теңгеге жетті. Бұл банктер үшін өте қауіпті жайт. Жалпы, экономикаға бөлінетін қаржы  20 трлн теңге болса, біз оның 16 трлн теңгесін банктерге береді екенбіз. Ал банктер қарапайым тұтынушылардың қалтасын қағып отыр. Мұны дереу доғарту керек. Үкімет дер кезінде оларға қолдау көрсетті. Енді халықтың жайын ойлап, пайыздық үстемені төмендету туралы талап қою керек», – дейді Жұмаділда Баяхметов.

     Мамандар біздегі «Банктер және банк қызметі туралы» заңының да солқылдақ тұстары көп екенін алға тартты. Мысалы, елімізде банктен қарыз алған адам бақилық болып кетсе, оның несиесін бала-шағасына қалдырып, заңды ұтымды пайдаланып отыр. Негізінде, көптеген елдерде мұндай саясат жоқ. Бұл ретте экономист-ғалым Жұмаділда Баяхметов «өлсең несиеңді балаң төлейді» дейтін банктерге тыйым болуы керек екенін айтады. «Дамыған және дамушы елдердің біразында несие тұтынушыға 2-3-4 пайызбен беріледі. Сондай-ақ  несие алушыға жазатайым жағдай болғанда сақтандыру компаниялары қарызын өтейді. Ал бізде банктер несие аларда сақтандыру қызметін мәжбүрлеп тұрып тұтынушыға ұсынады. Ол үшін төлем алады. Ал жазатайым жағдай болса,  сақтандыру қызметінің толық несиені өтеп беретініне ешкім кепілдік бере алмайды. Өзге елдерде қайтыс болған адамның несиесін «бала 18-ге толғанда төлейді» деп, кәмелет жасқа толмаған баласына жүктеп қою, артында қалған туыстарына төлету деген жоқ. Біздегі несие саясаты халыққа емес, банкке ғана тиімді», – деді экономист-ғалым.

    Осы орайда, қаржыгер Арман Мусин, расымен де, банктер ұсынатын сақтандыру қызметі көңілден шықпайтынын қоса айтты. «Қазір елдегі банктер кез келген тұтынушыны «тонап алып», қоя береді. Несие аламын десе, несиесінен комиссиялық төлемді бір, сақтандыру компаниясы арқылы бір ұстайды. Сосын тұтынушы қолына діттеген сомасын ала алмай дал болып қайтады. «Сақтандыру қызметі қымбат, мен басқаша сақтандырамын» десе, оны тыңдап жатқан ешкім жоқ. Әр мемлекет өзінің қаржылық саясатын оңтайлы жолға қойып, халқының әлеуетін көтеру үшін оған арнайы бір құрал-жабдық қа