Ұлт сенімін ақтамаған Ұлттық кеңес керек пе?

Сайт Әкімшілігі - 03.03.20201845

    Осылай  демеске амал  жоқ. Өйткені бұл  кеңес  «тау  қопарып,  сел тоқтатыпты»  дегенді  естімедік. Тіпті,  «Күлтөбенің  басында күнде кеңес»  деп,  тіс арасынан сыздықтатпай-ақ  қоялық. «Ұлттық»  деген атауға  ие  болған   кеңестің   небәрі  екі-ақ  жиыны  өтті. Онда  не айтты,  не  қойды, бұл  бір  Құдайға  және  өздеріне  ғана  мәлім.   «Қырық ергежейлі  жиналып, белдемшенің қыртысын  жаза алмаптының» кері  ме? Мүмкін.

    Ұлттық қоғамдық  сенім  кеңесі  жөніндегі әңгімеміздің әлқиссасын  мемлекет  басшысы Қасым-Жомарт  Тоқаевтың еліміздегі  саяси  жүйеге реформа  жасауға   деген талпынысынан  бастайық. Билік  тізгінін  қолға  алғалы бері  жасаған  тірліктерін  былай  сырып  қойғанда, президент  қолдан  келгенше саясатта,  экономикада,  кадрлық  салада  өзгеріс  жасауға   талпынды: ол – Ұлттық  қоғамдық  сенім кеңесінің  құрылуы; ол – 300  жастан  тұратын кадрлық  резервтің  жасақталуы; ол – қоғамдық  негізде  жұмыс істейтін экономикалық реформалар орталығын  дүниеге әкелу  жөнінде  пәрмен беруі.

     Қолдауға  тұратын  бастамалар екенінде дау жоқ. Егер де  осы  құрылымдар жақсы  жұмыс  істеп кетсе, елімізде  біраз өзгеріс  болар  еді. Әрине,  жақсы кейіпте. Дегенмен кадрлық  резервпен экономикалық  реформалар  орталығын   қоя  тұрып, тілге  тиек етуге ниет еткен Ұлттық  кеңес  жөніндегі  сөзімізді  жалғастырайық.  Жарлықта Ұлттық кеңестің негізгі міндеті мынадай: «...тұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу; жұртшылықтың және азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемаларды қарау; жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету; өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру болып табылады».                       

    Жөн-ақ. Арада  бірқыдыру  уақыт  өтті. Алайда кеңестің билік пен халық арасында «дәліздік» рөл  атқарып, жұрттың мұң-зарын,  өтініш-талабын  билікке  жеткізіп, әрмен  қарай сол  түйткілдердің  шешілуіне   мұрындық  болғанын   ешкім көрген  жоқ. Рас,  алғашында  халық Ұлттық кеңесті елдегі үлкен  өзгерістің  алғашқы  баспалдағы  деп  қабылдады. «Ұлттық кеңес өздеріне артылған  сенімді ақтап, қоғамды ілгері сүйрейтін  локомотив  рөлін  атқаруы  тиіс» десті. Негізі, солай  болуы  керек еді. Бірақ кеңес халықшыл  бола алмады. Өйткені  қоғамдық  кеңестің  құрылымында  әр  саланың һәм  әртүрлі мүдденің (тек  халықтық,  ұлттық емес) күйін  күйттейтін азаматтар  бас  қосты. Тіпті  олардың қайсыбіреуі  бірін-бірі мойындай  қоймайтын   амбициялардың  иелері еді. Ал  оларға елдің  жоғын  жоқтап,  мұңын мұңдайды  деп  үміт арту артық-ты. Қысқасы, «тоқ бала аш  баламен  ойнамайды»  немесе «біреудің  жоғын  біреу  ысқырып  жүріп іздейдінің» кері. Ең  өкініштісі, бұл  кеңестің  тілі – қазақ  тілі емес,  орыстың  тілі. Не  істейсің,  кімге  мұң  шаққандайсың,  кімге  барып көз  жасыңды  бұлағандайсың?

    Ұлттық  кеңес  құрылғалы   қоғамда  елді елең еткізген  талай  оқиға  болды. Соңғыларының  бірі – Қордайдағы  дүрбелең  және қоғам  белсендісі, қазақтың   алдаспан  ұлы Дулат Ағаділдің  өлімі. Кеңес  мүшелері осы  төңіректен бір ауыз сөз айтты ма, төбе көрсетті ме? Қайдам... «Олар барыпты, ұлттың,  халықтың  сөзін сөйлепті» дегенді  шыққыр  көзіміз көрмеді,  керең  боп  қалғыр құлағымыз естімеді. Әрине,  мүлде десек,  тағы  қателескеніміз. Азаматхан  Әміртай, Қазыбек Иса,   Мұхтар  Тайжан сынды  кеңес  мүшелері барды,  көрді. Тығырықтан шығудың жолын  саралап, әлеуметтік  желілерге  жазды. Бірақ  қалғаны қайда?  Оларға елдің  бүтіндігі, тыныштығы, әділетті  қоғам орнауы  қажет емес  пе?

    Әңгімеміздің  басында Тоқаевтың  Ұлттық  қоғамдық  сенім  кеңесін  құруы  дұрыс деп  қолдап  қалдық. Иә, дұрыс. Президент әлемдік тәжірибеге  назар аударған  болар.  Жастарға  сенген  шығар. Өйткені  кешегі патшалық  Ресейдің  өзі  де  ХVІІІ-ХІХ ғасырларда  талапты  балаларына  сенім артты.  Сыртта оқытты,  тоқытты.   Олар  тарихта  «Архив жүгермектері»  деген атпен  белгілі. Олар Ресейдің алдағы  жүретін жолын белгілеп берді. Ішкі-сыртқы  саясатын,  экономикасын сараптады. Тарихын,  архивін  реттеді. Түркиядағы «Жас  түріктер»  қозғалысы түрік  жұртының  Кіші  Азиядағы  іргелі  елге айналуына мұрындық  болды. Малайзияда да сондай «дүмпу»  жүрді.  Диктатор атанған чилилік  Пиночеттің  өзі Америкадан  оқып келген  бір  топ  жасқа  сенім артты. Экономикада  реформа  жасауды  соларға  тапсырды.   Сол «Чили  жүгермектері» атанған  6-7  жігіт  мемлекетті Латын Америкасындағы ең  дамыған  елдердің  қатарына  қосты.

      Міне, жастарға  сенім арту  деген – осы.  Ал бізге  келетін  болсақ, «Болашақ»  бағдарламасы  болды. Соның  арқасында мыңдаған  жас  әлемнің  атынан ат үркетін  жоғары  оқу  орындарында  дәріс алды. Алайда  олардың  ешқайсысы елге  оралған соң, ел экономикасын  көтеруге, әміршіл  саяси  жүйені  реформалауға  бел  шешіп кіріспеді. Бәлкім, кірістірмеді. Тіпті тәп-тәуір  қызметке  орналасқан қайсыбіреулері  істі  болды, қамалды.  Демек, «Болашақтан»  пайда  көрмесін білген  мемлекет  басшысы   амалсыз білікті һәм білімді  жастардан кадрлық  резерв  даярлауға, халық пен билік  арасында «алтын көпір»  болып,  диалог жүргізетін Ұлттық  кеңесті  құруға  мәжбүр  болды. Кадрлық  резервтің  қаншалықты  тиімділігі  болатынын  уақыт  екшеп  жатар, ал Ұлттық кеңестің ұлт  сенімін ақтайтын  нағыз кеңеске айнала  қоюы  әзірге екіталай.  Өйткені  оның  құрамына енгендердің  бірен-сараны  болмаса, «ұлтым»  деп  жүргендері шамалы. Құрылымға  әр  саланың  мамандары  енген. Былайша айтқанда,  көзге  көрінбейтін,  бірақ  саясатта  да,  экономикада  да өз  орны  бар әртүрлі  топтардың  өкілі. Әрқайсысының  өз  мүддесі  бар. Демек, жеке  бастарының амбициясы  басым  олардың  ауызбіршілікте  бола  қоюы да екіталай.

    Әркім  өзі  илеген  пұшпағына  қарай  тартуы заңды.  Ал  мұндай  орта  ұсыныстар  мен  бастамалардың  мекеніне  айналады  деу артық. Кешегі  бабаларымыз айтқандай, «күндіз  отырмадым, түнде ұйықтамадым, ақыл-айлам мен бел  күшімді тоз-тоз  болған  жұртымның  ел  болуы үшін жұмсадым»   деп  олар айта ала  ма?  Жоқ! Алайда  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің  құрамына енген әрбір азамат  осылай  ойлауы  тиіс-тұғын. «Тәп-тәуір-ақ ән едіпұшық құрғыр қор қылды» дегендей, Тоқаевтың Ұлттық кеңес елдегі әлеуметтік, экономикалық, саяси мәселелер бойынша ұсыныстар дайындайтын органға айналса  деген  арманы  әзірге аяқасты  болып тұр.

      Қайтпек керек? Демек, кеңес  мүшелерін қайтадан сұрыптан  өткізіп, жаңаша  құрылымдау қажет.  Оған  халықтың,  ұлттың  сөзін  сөйлейтін, қоғамға  дұрыс диагноз  қоя алатын  азаматтарды  тарту да маңызды. Мәселен, ұлт жанашырлары Дина  Елгезек, Сәуле Әбілдаханқызы, Ләззат Кедебайқызы, Ася Асеткина  секілді  қарындастарымыз,  тіпті  кеше  ғана жұмбақ  өлімге  душар  болған  (жатқан  жерің  жайлы  болсын) қоғам белсендісі, арысымыз  Дулат Ағаділдей  бауырымыз  осы Ұлттық  кеңестің  мүшесі  болуы  тиіс еді. Сонда  ғана «Айтарын ашып айтқан абайламай, Дариға-ай, МахамбеттерАбайлар-ай!»  дегендей, ұлт  мәселесі ашық айтылар  еді. Сонда  ғана Ұлттық кеңес ұлттың сөзін  сөйлейтін  мінберге айналар  еді. Ал  әзірге  оны  көріп  тұрған  жоқпыз.

Күлтегін  БЕК


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Ұқсас жаңалықтар