Жалтақтық жарға жығады

Сайт Әкімшілігі - 04.03.20205037

 Елімізде Масаншыдағы  секілді өзге  ұлттар  көптеп шоғырланған елді мекен – анклавтар  баршылық. Мәселен, оңтүстікте өзбектер,  күрдтер, ұйғырлар,  дүнгендер топтаса,  жұптаса  өмір  сүріп  жатқан  ауылдар  жеткілікті. Мұндай  жерде  міндетті  түрде жергілікті  халық пен өзге  ұлттардың  арасында кикілжің, текетірес болып  тұрады.   Мысалға,   бұған  дейін  болған қазақ пен тәжік, қазақ пен  шешен,  қазақ пен күрд,  қазақ пен ұйғыр арасындағы дүрбелеңдерді еске алсақ та  жеткілікті. 

     Қайтпек керек? Демек, мұндай анклавтарды  бөлшектеп,  ондағы  тұрғындарды – диаспораларды  қазақы ауылдарға   аз-аздан  орналастыру үлкен мәселе. Бір  сөзбен айтқанда, қазақы  ортаға  сіңіру керек. Осылай ғана ұлтаралық  қақтығыстардың алдын алуға  болады.  Бұл  мәселе  жөнінде  билік  жақсылап  ойлануы  тиіс.  Бұған  дейін  қазақпен жағаласып  қалған күрдтің  де,  ұйғырдың да, дүнгеннің де   артында  тіреп  тұрған  мемлекеті жоқ. Әгәрәки  Түркістан  облысында  қазақ пен өзбек Масаншыдағы талай адамның  өліміне алып келген жағдайды  бастан  өткеретін  болса  не  болмақ?  Ол  жерде тұрып  жатқан  өзбектің артында  Өзбекстан  тұр. Демек, Қазақстан мен  Өзбекстан арасына  сына  қағылады. Араздасады,  жауласады. Бұл керек  пе?  Жоқ.  Демек, ресми Нұр-Сұлтан  еліміздегі   ұлтаралық  саясатты қайта екшеп,  безбенге салып, өзгерістер жасауға  тиіс. Өйткені Масаншыда  болған соңғы  оқиға соны  қажет етеді. 

     Тағы  бір ескеретін  мәселе – Қазақстан  халқы  ассамблеясы еліміздегі ұлт пен  ұлт арасындағы  достықты,  ынтымақты, бірлікті қамтамасыз етуге  қауқарсыз. Сонда  бұл ассамблеяның  миссиясы  не? Әр  ұлтқа ән айтқызып,  би билетіп, дастархан жайдыртып, байқау ұйымдастырғаннан  басқа  шаруасы  жоқ  па? Ұлтаралық  дүмпулерді реттеуге  құлықсыз  болса,  онда қажеті  қанша? Не  үшін  ұстап отырмыз?  Бұл да  ойланатын  мәселе. Дегенмен  еліміздегі осындай ара-тұра  болып  тұратын ұлтаралық  қақтығыстардың   негізгі өзегі  қайда  жатыр?  Меніңше,  мынада: қазақты  биліктің  өзі  мойындамайды, менсінбейді, теперіш  көрсетеді. Билік  өз   ана  тілінде  сөйлемейді. Қазақ  тілі – олар үшін  екінші  сорттағы  тіл. Ал  мұны  көрген өзге  ұлт  не  істемейді?! «Балақтағы  бит өрлеп  басқа  шығадының»  керін  істейді. Қазақты көкірегінен  итереді.  Өктемдік  жасайды.   Олардың  ойында «Бізге  не істейсіңдер, қолдарыңнан  не келеді?  Биліктің  өзі  сендерді адам  құрлы  көрмей  тұрғанда»  деген астамшылдық  пиғыл  тұрады. Шын мәнінде  солай  болып  та  жатыр. Мұндайда  атам  қазақ  «Жаман  үйді  қонағы  билейді»  дейді. Ал  қазақты  мұндай  мүсәпір  күйінен арылту  үшін  билік  не  істеуі керек? Бірінші,  «біз  көп ұлтты  мемлекетпіз»  деген әңгімені  тоқтату.  «Қазақстанда  бір  ғана  ұлт  бар:  ол –  қазақ»  дегенге  басымдық  беру.  Кемсітуге  жол  бермеу.  Қазақ  тілінің мәртебесін көтеру. Оны  білу  үшін  қажет  болса, тізеге  сала  отырып  міндеттеу.

      Екінші, әр  ұлтқа  жеке-жеке  мектеп,  театр ашып  беріп, «тіліңді,  дініңді,  мәдениетіңді ұмытпа,  өркендет»  деп, оларды көкіректен  итеріп,  қазақтан алыстату  саясатын   доғару  қажет. Өйткені  өз тілінде  мектебі,  театры, мәдени  ошақтары  бар  ұлт  қазақтың  қолтығына кіріп,  тонның ішкі  бауындай  араласып кетпейді. Ортада  бір тосқауыл тұрады.

     Үшінші, бір  мектеп (қазақ  мектебі), бір  тіл  (қазақ  тілі)   және «Бір  ғана қазақ»  бағдарламасын  мемлекеттік  деңгейде  жүзеге  асыру. Бұл  дегеніміз – өзге  тілдегі мектептерді  қысқарта отырып,  түптің  түбінде  елімізде  тұратын барлық  ұлттың баласын бір мектепте, яғни  қазақ  мектебінде  оқыту. Қазақ  мектебінде  оқыған  бала  біртілді, яғни  қазақтілді  болып  шығады. Ал  қазақ  мектебінде  оқып, қазақ тілінде  сөйлеп,  мәдениетін, тарихын,  салт-дәстүрін  біліп   өскен өзге  ұлттың баласы ешбір  мәжбүрлеусіз қазақы  ортаға  сіңіп, жұтылып кетпек. Осылайша біз  өзге  ұлттарды сіңіріп,  жұтып,  «бір  қазақ» ұлтын  жасай алмақпыз. Егер де  осыған  қол жеткізсек, ел ішінде ешқандай  ұлтаралық  қақтығысқа жол бермейтініміз  белгілі.

    Алайда тәуелсіздік алғаннан бүгінге дейін жүргізіп келген,   жалған «интернационалистік», «толеранттық», өзге  ұлттарды «әлпештеп», өз  ұлтымызды  төмендетіп келген  жалтақ саясатты  жүргізе  беретін  болсақ, түбі  оңбаймыз. Демек, бүгінгі  билік  қан  төгілетін  қақтығыстардың  алдын аламыз  десе, ішкі  ұлтаралық  саясатты  қайта  қарап, түбегейлі  өзгеріс жасауы   керек.

Азаматхан  ӘМІРТАЙ,

«Байтақ-Болашақ»  экологиялық  альянсының  төрағасы, 

Ұлттық  қоғамдық  сенім кеңесінің  мүшесі


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Сайт Әкімшілігі

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Ұқсас жаңалықтар