Абыздар бір-бірін жау көрсе, ұл-қыздары қалай ғана дос болмақ?

Сайт Әкімшілігі - 10.03.20201824


Бірде күйіп кеткеннен «Қазақтың мықтылығы мен осалдығы бір-ақ нәрседе – бәрі шетінен мықты, соның салдарынан бірін-бірі тыңдамайды, бірінің ойын екіншісі құптамайды» деп айтып салғаным бар. Сөйтсем, тек мен ғана бұлай ойламайды екенмін.

     Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Қабдеш Жұмаділов ағамыз жуырда «Жас Алаш» газетінде жарияланған «Орбұлақ шайқасы» деген тарихта болған емес» деген мақаласында: «...Ал қазақтың сарыаурудай созылған дау-дамайы оған мүлде ұқсамайды, жуырмаңда бітпейді, жаңармайды. Өйткені бізде сөзге тоқтау, уәжге жығылу деген ата салты әлдеқашан ұмытылған. Сондықтан әлдебір бітпес дауға неше қайта араласуға тура келеді», – деп жазды.
     Әлгі мақаладағы: «Менің тарихқа байланысты тартысқа жиі түсетінім сөзқұмарлығымнан не дауқұмарлығымнан емес, соған өмірдің өзі итермелейді. Бүгінге дейін менің талай уақытым ақиқат үшін алысумен, шындық үшін шырылдаумен өтіп келеді. Бірақ, амал қанша, біздегі адам санасы оңайшылықпен өзгерер түрі жоқ. Сен алысып жүріп бір өтіріктің бетін қайтарсаң, екінші біреулер қоғам өміріне өтірікті үйірімен енгізіп жатады» дегені мұның айқын дәлелі. Демек, бұл мінездердің жаман болмағаны ғой. Егер жаман болғанда Қабдеш ағам халық жазушысы атанбас еді.
     Әрі қарай автор университетті бірге бітірген курстас досы, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бексұлтан Нұржекеевқа отыз жыл бойы осы Орбұлақ шайқасына қатысты қисынды көзқарасын ұғындыра алмай келе жатқанын айтып, жақында ғана көрерменге ұсынылған осы аттас фильмге көзқарасын білдіреді. Шынын айтсам, бұл фильмге менің де көңілім онша толмап еді. Бірақ әрі қарай мен бұл мақала жайлы айтуды қойып, жоғарыда, бірінші сөйлемде айтылған ұлттық бірлік және оған ұлт зиялылары қалай ықпал ететіндігі жайлы өз ойымды ортаға салғым келеді.

     2019 жылы 11 наурыз күні 365info.kz сайтында «Елін-жерін сатқан Әбілқайыр ханнан ғұлама жасау кімге қажет?» деген пікір жарияланды. Онда: «Сөздің қысқасы, Әбілқайыр хан туралы қазақтың мүйізі қарағайдай жазушысы Қабдеш Жұмаділ «Таңғажайып дүние» атты ғұмырнамалық романында былай деп жаза кетіпті: «Тарихи деректерді саралай келгенде, ХVІІІ ғасырдағы басты уақиға – біреулер айтып жүргендей, Қазақстанның «өз еркімен» Ресейге қосылуы емес, қазақ халқының жоңғарға, тағы да басқа басқыншыларға қарсы жүргізген азаттық соғысы екені анықталды. Ал ғасырдың басты тұлғасы – елін-жерін сатып, бодандық жолын бастаған, екіжүзді Әбілқайыр емес, қазақ жерінің азаттығы, бүтіндігі жолында қан төккен Абылай хан мен оның төңірегіне топтасқан қолбасы батырлар деген қорытындыға келдік. Әбілқайырдың ақ патшаға хат жазып, көршінің қолтығына тығылуы ел қамын ойлаған зәруліктен емес, басындағы бағын, астындағы тағын күйттеген сатқындықтан, өзімшілдіктен туыпты. Қазақ халқы сол заманның өзінде-ақ оның ісін осылай бағалаған.
    Асыл текті Барақ сұлтан Әбілқайырды жекпе-жекте жеңіп, басын алған кезде қазақтың үш жүзінен құралған жеті бидің соты оны ақтап жіберген екен. Осы оқиғадан кейін абыройы асқан Барақты Ұлы жүз билері оңтүстікке шақырып, өздеріне хан көтермек болуы да көп нәрсені аңғартса керек. Бір таңғаларлық нәрсе, сол заманда Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай, Баян, Ер Жәнібек, Еспембет, Есенгелді батырлар туралы неше алуан мадақ жырлар шыққанда Әбілқайыр хан жайында бір ауыз өлең тумапты. Демек, дана халықтың кімдерге алғыс, кімге қарғыс айтқанын осыдан-ақ аңғаруға болады», – дейді. Бұған біздің алып-қосарымыз жоқ», – депті Дарын Заманбайұлы есімді замандасымыз.
    Жарайды, Әбілқайыр хан ұлт тарихындағы айтулы тұлға болмай-ақ қойсын, бірақ оны «елін-жерін сатып, бодандық жолын бастаған, екіжүзді» деп осынша тұқыртатын болсақ, тәуелсіз ел атанғанымызға 30 жыл өтіп, оны бүкіл әлем таныса да, әлі күнге орыс тілі үстемдік құрып, иен байлыққа өзіміз иелік ете алмай отырғанымызды қалай бағалаймыз?! Неге онда сол саясат әлі күнге жалғасып келе жатыр?!
     2018 жылы 12 қараша күні «Қазақ үні» газетінде танымал журналист Тоқтар Жақаштың «Қабдештің ата жауы Әбдіжәміл Нұрпейісов екен» деген пікірі басылды. Ол Қамшы.kz порталында да жарияланған еді. «Қайбір жылы Өскеменнен іссапардан кері қайттым. Жаңғызтөбеге таксилетіп келіп, Семей–Алматы бағытындағы пойызға міндім. Менің қуанышыма орай, көрші купеде кіл ақын-жазушылар келе жатыр екен. Қуанып кеттім. Әсіресе Қабдеш ағамыз бүкіл жұртты аузына қаратып, әңгімені соғып келеді. Тыңдаушы бірнеше адам. Бауыржан Жақып, Есенғали Раушан, Мамытбек Қалдыбай есімде. Басқаларын ұмытыппын.
     Сөйтсем, ақын-жазушылардың Семейдегі Шәкәрімнің тойынан қайтқан беті екен. Шетте Қабекеңнің әңгімесін тыңдап отырғам. Кенет Қабдеш маған қарап тұрды да:
– Әй, бала! Сен қайдан боласың? – деді.
Ойымда дәнеңе жоқ, іссапардан қайтып келе жатқанымды айттым.
– Жоқ, туған жерің қайдан деп сұрап тұрмын, – деді.
– Аға, Шымкенттен боламын.
– Шымкенттің қай жағы?
– Созақтанмын.
– Созақтан болсаң, қоңырат шығарсың?
– Жоқ, аға. Тама боламын.
   Сол-ақ екен, ағамның көзі сүзеген бұқаның көзіндей алайып шыға келді де, айқай салды:
– Ә-ә-ә! Сен шпион екенсің ғой! Менің ата жауым сені арамызға әдейі жіберген екен ғой. Бар! Шық купеден! – деп баж ете қалды.
    Басында әзілі шығар деп мән бермей отыра бергем. Өйткені Қабдештің кіммен жауласып, кіммен айтысып жүргенінде не шаруам бар? Сөйтсем, ақсақал екіленіп қоятын түрі жоқ.
– Мен ары қарай ештеңе айтпаймын! Мына шпионды шығарып жіберіңдер! – деп үдетіп барады.
     Басқалар да мен сияқты түсінбей қалды. Жымиып, үндемей отыр. Мамытбек ағам сыртқа жетектеп алып шықты да: «Бұл қиқар шал. Шын ниетімен айтып отыр. Жүйкесін жұқартпай-ақ қойшы», – дегесін, өз купеме кеттім.
     Кейін Қабдештің «ата жауы» кім екенін білдім. Сөйтсем, Кіші жүзден шыққан Әбдіжәміл Нұрпейісов екен. Сөйтіп, ойда-жоқта «титандардың» соғысы арасында жазықсыз жапа шеге жаздағаным бар. Бірақ бұдан мен тек Қабдеш Жұмаділов қана рушыл деген ойға келген жоқпын.
Осы бір мысалдан біздің зиялы қауым арасындағы кеселдің тым терең, тым дендеп кеткенін ғана білдім», – дейді әріптесіміз.
     Сонда қалай? Ғасырлар бойы қазақты жер бетінен жойып жіберуді армандап, ақырында өзі құрып кеткен кешегі жоңғар, тілімізден, ділімізден, бүкіл ұлттық ерекшеліктерімізден айырғысы келген басқа басқыншылар ата жау емес те, қазақтың ұлы, өз туысы Қабдеш ағамыздың ата жауы болғаны ма?! Онда абыз ақсақал, қоғам қайраткері, халық жазушысы деп жүрген Қабдеш ағамыздың өзі әлі рулық санадан әрі кете алмай жүргені ме?! Әлгі әріптесіміздің «бұдан мен тек Қабдеш Жұмаділов қана рушыл деген ойға келген жоқпын, біздің зиялы қауым арасындағы кеселдің тым терең, тым дендеп кеткенін ғана білдім» дегеніне қарағанда, бүкіл зиялы қауым осы деңгейде деуге болатын сияқты.
     Біз қазір қазақ халқы ең ауыр нәубетке, қуғын-сүргінге, репрессияға ұшыраған халық дейміз. Неге солай болғанын тек қана коммунистік қызыл саясаттың кесірінен деп түсінеміз. Осыған байланысты бір оқиға есіме түсіп тұр. Мен 1981 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы университеттің журналистика факультетіне оқуға түстім. Ұмытпасам, қазан айының 17-сі болуы керек, қазақ тобындағы 50 студент Әуезов атындағы театрда отты ақын Қасым Аманжоловтың 70 жылдық мерейтойына орай өткен кешке қатыстық. Кеште халық әртісі Асқар Тоқпанов атамыз: «Қазақтың қаншама арыстары атылып кетті дейсіңдер. Сонда атқан кім? Аттырған кім?» – деп сұрақ қойды да, өзі сол сұрағына: «Атқан – Иванов! Аттырған – Қаратаев!» – деп жауап берді.
    Бұл нені аңдатады? Бұл қазақтың ежелден келе жатқан «Жау іштен алады» деген сөзі бекер айтылмағанын, қазақ зиялыларының арасында бірлік, бірін-бірі тыңдау, уәжге тоқтау болмағанын білдіреді.     Негізінде, қарапайым қара халық ешқашан бөлінбейді. Оларға «кедейлігінен» басқа жоғалтатын еш нәрсе жоқ. Менің пікірімше, елді, ұлтты бірлікке бастайтын да, сол асыл бірлікті таптайтын да – ұлт зиялылары мен билікте отырған шенділер. «Жаман әдет жұққыш келеді» деп, бұл індет осылай қоғамды шарпиды. Өзіңіз ойлап көріңізші, ұлтқа ұйытқы болар абыздарымыз бірін-бірі жау көрсе, ұл-қыздары қалай ғана дос болмақ, сонда?!
Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ,
мәдениет қайраткері










Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Сайт Әкімшілігі

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Ұқсас жаңалықтар