Мемлекеттік тілге – 50 млрд теңге, сонда да келмеді жөнге

Сайт Әкімшілігі - 10.03.20201312

    Биліктегі қазақтардың мемлекеттік тілге жаны ашымайды. Ашымайтын себебі – олар ана сүтімен бойына дарымай қалған тілді жек көреді.  Туған тіліне тіксіне қарайтын креслоқұмар қазақтың бір шоғыры оның «болашағы жоқ» деп санайды.  Одан да үйреніп қалған орыс тілі, үйреніп жүрген ағылшын тілімен нан тапқан оңай секілді. Айналып келгенде, мемлекеттік тіл мазаққа айналды. Отыз жыл бойына орнын таба алмаған тілге жаны ашитын қарапайым халық бабадан қалған байлығын жиі еске түсіріп, бір мезгіл биліктің есіне түсіріп қояды.


   Соңғы уақытта «тағдырлы» тілімізге қатысты бір-біріне кереғар екі жаңалық жарқ етті. Бірі – жақсы, екіншісі – жаман. Тура анекдоттағыдай. Кез келгенінен ұялмай бастай беруге болады. Сонымен, үкімет 2020 жылы мемлекеттік тілді толық меңгерген тұрғындар санын – 91, ал 2021 жылы 92 пайызға жеткізбек екен. Несі бар? Жиырма жылдан бері «экономиканы әртараптандырып» та келдік қой. Мұны да іске асыру түк емес шығар?!

Ал екінші жаңалық – мемлекеттік тілді дамытуға бөлінетін қаржы біртіндеп азайтылады. Мысалы, 2018 жылы бұл мақсатқа 933 млн 674 мың теңге бөлінсе, 2020 жылы 743 млн 105 мың, 2021 жылы 773 млн 513 мың, 2022 жылы 591 млн 590 мың теңге беріледі. Яғни қазақ тілін дамытуға бөлінетін қаржы азая түседі, оның есесіне мемлекеттік тілді меңгеру мен іс құжаттарын қазақшалау математикалық прогрессиямен өсе бермек. Жә, оған да түсіністікпен қарайық. Жоғарыда айтылған қаржы қандай мақсатқа жұмсалмақ? Осы сұраққа мәдениет және спорт министрлігінің «логикасымен» жауап беріп көрейік.

      2020 жылдан бастап үш жылда игерілуі тиіс 2 млрд 108 млн 208 мың теңгені мына мақсатқа жұмсау көзделген:   

1.     Республикалық ұлттық-мәдени бірлестіктерінің жексенбілік мектептерінде өтетін курстарда мемлекеттік және ана тілін жыл сайын 700 адамға (барлығы 2100) оқуға;

2.     Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау жөніндегі ұйымдастырушылық, әдістемелік, мәдени іс-шаралармен 3500 адамды қамтуға (барлығы 10 500);

3.     Қазақстан үкіметінің мемлекеттік терминологиялық және ономастикалық комиссиясының отырысын сегіз рет өткізуге (барлығы 24 рет);

4.     Жаңа әліпбиді  және оның ережелерін меңгеру курсы бойынша барлық саны 120 дана мультимедиялық оқыту және танымдық, түсіндірме видеоблогтар жасауға;

5.     Тілді оқыту және үйрену әдістемелеріне 2020-21 жылдары 30 сарапшы тарту.

     Бір қызығы, жыл сайын қаржыландыру көлемі азайтылып отырса да, көздеген мақсаттағы адам мен шаралардың саны өзгермейді. Яғни жұмсалатын шығын көлемі оқитын, оқытатын және өткізілетін іс-шараларға еш қатысы жоқ секілді. Осы жерде «неге?» деген заңды сұрақ туады. Бірақ оған жауап беріп жатқан, жауапкершілікті мойнына алған ешкім жоқ. Бюджетке салынған ақшаны қалайда «игеру керек» деген ұранмен қаншама қаржы желге ұшып жатыр. Түпкі есебі сұралмаған, сұралмайтын осындай «Мемлекеттік тілді дамыту» бағдарламасына 30 жылда 50 млрд-тан астам қаржы жұмсалыпты.

    Мұншама қаржының дәл жоғарыдай, ешкіммен ақылдаспаған, талқыға салынбаған, мақсатсыз бағдарламалар арқылы нәтижесіз жоғалуы заңды нәрсе. Өйткені бағдарламаның соңғы нәтижесін ешкім тексермеген, зерттемеген, сұрамаған. Қазақ тілін үйрететін тиімді әдістемелер де жоқтың қасы. Терминология саласы құлаққа түрпідей тиетін сөздерді қолдан жасап әуре. Мәдениет және спорт министрлігі бөлінген миллиардтарды «әйтеуір, игерсек болды» деп жанталасады. Ал  басқа министрліктер мен мекемелер өз білгенін істеп әлек. Мемлекеттік тілдің дамуын үйлестіретін не заң, не мекеме жоқ. Соның салдарынан шығар, ауыл шаруашылығы министрлігінің minagri.gov.kz  сайтында ауылдың қазақтілді тұрғыны үшін Жер кодексі мен ауыл шаруашылығын субсидиялау туралы ақпараттар қазақшаланбаған.    «ҚазАгро» да қалыспайды. www.kazagro.kz сайтында ауыл еңбеккерлерін қасақана шатастырып, жобалар туралы ақпарат бермеу үшін жасалған сияқты.

    Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында (kaz.emer.kz) рұқсат беру құжаттар туралы, рұқсатнамалық рәсімдер бөлімінде өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік лицензиялар туралы ақпарат жоқ. Ұлттың сенім кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов бұл мәселені былай жалғастырады: «Ішкі істер министрлігі mvd.gov.kz сайтының мемлекеттік тілдегі басты бетіндегі ақпараттар бірен-саран аударылған. Барлық нормативтік-құқықтық база тек орыс тілінде берілсе, ондағы «Оқиғалар мен хабарламалар» бөліміне кіру үшін түрікше білуіңіз керек. Неге дейсіз ғой? «Oturum Aç Oturum açmak için Tek Adımlı Oturum kullanıcı adınızı ve parolanızı girin» деген сөздерді жазу керек. Ақпаратты ашайын десең, түрік тілінде ескерту аласыз: «Bu sitenin yetkisiz olarak kullanılması yasaktır ve hukuki davalara konu olabilir». «Осы сайтты заңсыз пайдалануға тыйым салынады және дау сотпен шешіледі». Неге құпия сөз түрік тілінде енгізілетіндігін және мұны кім жасағанын түсініп көріңіз. Осы сияқты хабарламалардан соң, туындаған даулар «қай елдің заңдарымен реттеледі?» деген сұрақ туындайды».

      Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады. Қаржы министрлігінің www.minfin.kz сайтында есептер туралы файлдардың атауы қазақ тілінде көрсетілгенімен, енді оны жүктесең орыс тілінде мағлұмат аласың.

Электронды үкімет интернет-ресурстары мен порталдарындағы  денсаулық сақтау министрлігінің сайтында  www.mz.gov.kz  қазақ тіліндегі «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі» деген бөлімге кірсеңіз, қазақ тіліндегі ақпараттың орнына «Такой страницы не существует. Хотите создать?» деген жазуға тірелесіз.

    Ranking.kz сайтының зерттеуінше, 1991 жылдан бері қазақтілді орта екі еседен астам ұлғайып, 37 пайыздан  бүгінде 77 пайызға жетіпті. Ал 2025 жылы Қазақстан тұрғындарының 95 пайызы қазақ тілін меңгереді екен. Ендеше, мемлекеттік тілдің толыққанды қызмет атқаруына не кедергі? Әрине, ең басты кедергі – «комфорт аймағынан» шығуды қаламайтын биліктегі орыстілді депутаттар мен шенеуніктер. Олардың саяси енжарлығы. Мәдениет және спорт министрлігі, тілдер комитетін де осы «айыптылар» орындығынан «көреміз». Эволюциялық жолмен жетіліп, мемлекеттік қарым-қатынас тіліне айналуы тиіс тілді саяси-спекулятивтік құралға айналдыруында.

     «Мемлекеттік тіл туралы» заң қабылдап, Конституциядағы 7-бапты алып тастайтын немесе мемлекет құрушы ұлт тілінің ыңғайына бұратын уақыт әлдеқашан жетті. Өйткені қазақ мектептерін бітіруші түлектердің саны орыстілді мектеп оқушылары санына қарағанда екі жарым есе көбейіп келеді. Былтыр бүкіл Қазақстан бойынша 143 089 оқушы аттестат алса, оның 96 898-і қазақ тілінде, 40 457-сі орыс тілінде, 5734 түлек өзге тілде білім алған. Қазақ тілінің толыққанды мемлекеттік тілге айналуын статистика да қалап тұрғандай.

    Жақында Жамбыл облысының Қордай ауданында болған қақтығыс талай жылдан бергі іріңді жарып шықты. Қазақтілді ортаға интеграцияланбаған, томаға-тұйық, дербес этникалық анклавқа айналған орта отқа оранды. Қаншама шаңырақ қайғыдан қан жұтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнына барып, зардап шеккен ауылдарды аралады. Сапарының қорытындысы ретінде жергілікті тұрғындарға қазақ тілін үйрену жөнінде кеңес берді. Қазақстанда «төменгілер» мемлекеттік тілді толық меңгерді. Халықтың қазақ тілін кең көлемде қолдануға саяси-әлеуметтік ерік-жігері қайнап тұр. Бұл өте маңызды фактор. Тек «жоғарыдағылар» тілдің төрге шығуын тежеуді тоқтатуы керек.  

     Былтырдан бері Қазақ елі билік транзитін бастан кешіріп жатыр. Өтпелі кезеңнің неғұрлым жұмсақ, неғұрлым зардапсыз өте шығуына билік те, халық та мүдделі. Яғни бұл кезең билікпен қатар, мұхиттай айдынға шығар қазақ тілінің де транзитіне айналуы тиіс.


Тоқтар Жақаш


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Сайт Әкімшілігі

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным