Ң әрпін қалай жазамыз?

Сайт Әкімшілігі - 17.03.20201279

Қазіргі таңда латын әліпбиіне көшумен байланысты кейбір әріптердің таңбалануына қатысты әртүрлі ұсыныстар, пікірлер айтылып жүргені белгілі. Сондай әріптердің бірі ң әрпінің латын графикасында таңбалануымен байланысты болып отыр. Жаңа қазақ латын әліпбиінің бірнеше нұсқасында /ң/ әрпі әртүрлі таңбаланды: /Ńń/, /Ŋŋ/, /Ng ng/, /N’ n’/, /Ňň/, /Ŋŋ/. Қазақ тілінде /ң/ әрпі сөз басында кездеспейді, сөз ортасы мен аяғында келетіні белгілі. Тек О.Әубәкіровтің «Ңөң» деген өлеңінде ғана /ң/ әрпі сөз басында келіп отыр. Фонетикалық сипаты: тіл ортасы/тілшік, тоғысыңқы, үнді дауыссыз дыбыс.

Тарихқа көз жүгіртер болсақ, 1929 жылы ресми түрде жарияланған қазақтың латын әліпбиінде /ң/ әрпі /ŋ/ графемасымен таңбаланған. Мысалы, çаŋа, keŋes, eŋbekci, tilimizdiŋ. Бас әрпі болмады. Бұл тек /ң/ әрпіне ғана емес, барлық әріпке қатысты болды. Н.Әміржанованың зерттеуінде «1929 жылы латын графикасы негізіндегі әліпбиге көшкеннен кейін талқыға түсіп тұрған "Бас әріп" айтыс ағарту майданында көңіл бөлерлік орын алды. Осы аралықта мерзімді басылым беттеріндегі жалқы есімдер, қысқарған сөздер, саяси ұйымдар, кәсіпорындар мен оқу орындардың, мекемелердің, газет, журнал, кітап, шығарма аттары 1930 жылға дейін кіші әріппен таңбаланды», -  деп беріледі. Сөйтіп 1930 жылы Қазақстан Орталық  Атқару комитетінің қаулысымен бас әріп таңбасы бекітіледі. Сонымен /ң/ әрпінің бас әрпі /Ŋ/ таңбасымен, ал кіші әрпі /ŋ/ графемасымен таңбаланды. Бұл әріптің таңбалануында да бірнеше ұсыныстар болды. Айталық, Н.Төреқұловтың 28 әріптен тұратын алғашқы әліпбиінде ˂ң> фонемасының кіші /ŋ/ әрпімен ғана таңбаланып, бас әрпі болмағанын зерттеулерден көруге болады. Кейінгі жобасында бас әрпі /Ŋ/ таңбасымен, кіші әрпі /ŋ/ түрінде берілді. Ал Х.Досмұхамедұлы, М.Мырзаұлының жобаларында дауыссыз [ң] дыбысы /Ņŋ/ әрпімен таңбаланды. Сол сияқты Т.Шонанұлының әліпби жобасында да /ң/ фонемасының бас әрпі /Ŋ/ таңбасымен, ал кіші әрпі /ŋ/ әрпімен таңбаланды.

Сонда қазіргі әліпби жобаларында ұсынылып жүрген /ŋ/ әрпі 1929-1938 жылдардағы қазақтың латын әліпбиіндегі әрпімен сәйкес келеді деуге болады. Сонымен қатар латын әліпбилі түркі тілдес халықтардың ішінде түрікмен әліпбиінде /Ŋ, ŋ/ әрпі жазылады. /Ŋ, ŋ/ әрпі ағылшын-латын әліпбиінде жоқ болғанымен, кеңейтілген латын әрпінде бар және халықаралық фонетикалық әліпбиде тіл арты, мұрынжолды дыбысты береді.     

Қазақ тілінде /ң/ әрпімен басталатын сөз жоқ екені белгілі. Осымен байланысты /ң/ графемасының бас әрпін таңбаламасақ та болады деген пікірлер де бар. Алайда атауларды жазуда сөзді тұтас бас әріппен жазатын кезде /ң/ әрпінің үлкейтілген шрифтісі қолданылады. Мысалы, ТАУ СҰҢҚАР медициналық орталығы, СҰҢҚАР тобы.

Қорыта келгенде, /ң/ әрпінің /Ŋ, ŋ/ таңбасымен берілуі тарихи сабақтастықты қамтиды,  халықаралық фонетикалық әліпбидегі дыбыстық сипатын сақтайды. Сонымен қатар тез жатталады, себебі қазіргі кирилдегі таңбасына жуықтайды. Қол үзбей келесі әріппен жалғастырып жазылатындықтан, жазуда оңтайлы болып келеді әрі қолдағдыны оңай қалыптастырады. Көзтанымды жеңілдетеді, себебі әріпүсті, әріпасты диакритикалық таңбалары жоқ.  

 Жанар Жұмабаева

А.Байтұрсынұлы атындығы Тіл білімі институтының  аға ғылыми қызметкері,ф.ғ.к

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Сайт Әкімшілігі

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным