Жарылыс жоспарлаған кімдер?

Сайт Әкімшілігі - 18.03.2020874


  Алматыда  «Наурыз мерекесінде теракт жасамақ болды» деп күдікке ілінген адам ұсталды.

     Ұлттық қауіпсіздік комитеті елімізде тыйым салынған ДАИШ ұйымының жақтаушысын қолға түсірді. Ол Наурыз мейрамында теракт жасауға дайындалған көрінеді. Жедел іздестіру шаралары барысында одан екі граната тәркіленді. Оған Қылмыстық кодекстің  255-ші (терроризм актісі) және 258- баптары (экстремистік және террористік ұйымды қаржыландыру немесе кез келген көмек көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жалпы, бұл жыл басынан бергі алғашқы оқиға емес.



   Өткен айдың 18-і күні Алматы қаласында деструктивті ағымның екі жақтасы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынғаны хабарланған. Олардың мекенжайлары бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген нысандардың фото және бейнетүсірілімдері бар смартфондар алынған. Оларға қатысты терроризм актісіне дайындалу (ҚК 255-бабы) және терроризмді насихаттау (ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

   Жат ағымның жетегінде кеткен азаматтардың қарап отырып айрандай ұйыған елдің берекесін алуға ұмтылатындары түсініксіз. Жоғарыда айтылған адамдар гранатаны қайдан алған? Елде неге мұндай жағдайлар жиілеп барады? Осы тұста жастардың 73 пайызы діни сауатын интернеттен ашатындықтан,  асыра діншілдік пен жат ағымға еретіндердің неге көбейгенін түсіне бастағандай боласың.

    Статистикаға көз жүгіртсек, еліміз бойынша терроризм мен экстремизге бет бұрғандар саны жалпы халықтың санымен салыстырғанда тым аз екенін байқаймыз. Бірақ бұл көрсеткіш жыл өткен сайын өсіп келеді. Былтырғы ақпаратқа сенсек, діни экстремизм мен терроризмге байланысты 662 адам жазасын өтеп жатыр. Олардың 14-і – әйел. Бұдан бөлек, ресми санағы жүргізілмеген ДАИШ ұйымына қосылу үшін шекара асқандар да бар. 2017 жылы Қылмыстық кодекстің 256-бабына сәйкес (терроризмді насихаттау және террористік актіні жасауға ашық түрде шақыру), 10 адам жазасын өтеуде. Бұлардың үшеуі – алматылық, қалғандары – Нұр-Сұлтан, Түркістан, Атырау, Ақмола, Қарағанды және Павлодардан. Ал терроризмді насихаттау немесе терроризм актісіне ашық түрде шақыру, сондай-ақ көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату немесе тарату мақсатында дайындау, сақтау  бабы бойынша 62 адам жазасын өтеуде. Бұл статистикада аймақтардағы адамдар саны тең десе  болады. Тек шығыс пен солтүстікте адам саны аздау. 

   ҰҚК мәліметінше, радикалды идеологияның ең негізгі таратушысы және насихаттаушысы шетелде теология мамандығымен оқып келген азаматтар.  Қолға алынған шараларға қарамастан, қазақстандықтардың шетелдегі террористік ұйымдардың қатарынан табылуы азаймай келеді. Іс жүзінде бұл мемлекеттік мамандандырылған департаменттер үнемі айтып келе жатқан дәстүрлі себептерден басқа, экстремистік және террористік ұйымдарға қатысу немесе қосылу, экстремистік және террористік сипаттағы қылмыстар жасау, негізінен, әлеуметтік-экономикалық ортаға, діни сауаттылықтың төмен деңгейіне, сондай-ақ елдегі және аймақтағы жалған діни топтардың деструктивті әрекеттеріне байланысты.

     Шет тілдер және іскерлік карьера университетіндегі тарих және дінтану факультетінің деканы Ұлан Абдыхалықовтың айтуынша, асыра діншілдікке берілудің негізгі себебі – сауатсыздық. «Қазіргі таңда діннің  қасиетінен гөрі қасіретіне куә болудамыз. Оның басты себебі – халық арасындағы сауатсыздық», –  дейді ғалым. Ол ХХІ ғасырдың жастарына алаңдаушылық білдіріп, «Қазіргі жастар білсе де, білмесе де, дін туралы айтқанды жақсы көреді. Олардың дін туралы шешенсіп сөйлеуі діни сауатсыздықтың себебінен», – деген ойын айтты.

   Бүгінде көптеген жастардың дінге қызығушылығын есепке алсақ, мешіт имамдарының күші жеткіліксіз болып жатыр екен. Сол үшін де жастардың көп бөлігі дін туралы ақпаратты ғаламтордан алады. Мұндай сайттар жастардың психикалық ой-өрісіне, сана-сезіміне, ұлттық-рухани бағытта өсіп-өркендеуіне әсер етіп, ғылым мен білімге қызығуына кедергі келтіреді екен.  «Жалпы айтқанда, әсіредіншілдік – қоғамдық сананы еліктеушілік пен асырасілтеушілік жайлап алған жерде пайда болатын құбылыс», – дейді Ұлан Қадырбекұлы.

    Ал теолог, магистрант Жандәулет Сүлейменов мұны «рухани вирус» деп атайды. «Кез келген радикалды, деструктивті діни ағымның артында саяси мақсат пен мүдде тұрады. Дінді олар тек тетік, яғни құрал ретінде пайдаланады. Әйтпесе ислам дінінде мұндай қатты идеологиялық агрессивті ұстаным жоқ, бәлкім, керісінше», – дейді.

   Радикалды идеологиямен күрес әлеуметтік желілерде де белсенді түрде жүреді. ҰҚК-нің 2018 жылғы дерегінде 620 мыңнан астам экстремизм сипатындағы  сайт пен материал бұғатталғаны хабарланды. Бұл көрсеткіштер 2015 жылы 150 мыңды, 2016 жылы 700 мыңнан астам адамды құраған.

   Елімізде 2014 жылдан бері ҰҚК 30-дан астам терактіге оқталған адамдарды  тоқтатқан. Дәл осы жылдары басқа жердің деректерінде 78 деген санды көрсетеді.  Былтыр әртүрлі террористік ұйымдар жетегінде кеткен адамдардың 600-і  «Жусан» операциясы аясында елге қайтарылды. Оның 400-і – балалар.

      Елдің экономикалық жағдайы нашарлаған сайын діни фанатизм арта түсетіні белгілі. Мемлекет пен адамзатты дамытқан ғылым мен білім екенін  білеміз. Еліміздің болашағы жастар болғандықтан, оларға діни білімнен гөрі ғылым мен адамзаттың негізгі құндылықтары, философия, технология сынды бағытта білім беру ләзім.

Думан ТЕРЛІКБАЙ

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Сайт Әкімшілігі

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Ұқсас жаңалықтар