Билік не үшін үрейленеді?

Сайт Әкімшілігі - 18.03.20201781


Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап ел басқару жүйесі озбырлықтарға жол беріп, конституциялық құқықтарды өрескел бұзумен, сөз бостандығын тежеумен келеді. Ал соңғы кездері сөз бостандығы бұрын-соңды болмаған қудалауға, қыспаққа түсіп отыр. Азаматтарды заңсыз ұстап әкету, түн жамылып қамауға алу, сот пен құқық қорғау орындарының сорақы іс-әрекеті, күштік құрылымдарға ол үшін ешқандай да жаза болмауы қазіргі билік үшін қалыпты жағдайға айналды.

   Белсендіні «құрбандыққа шалу» арқылы басқаға сабақ болсын» деп, шындықты шырылдап айтқан азаматтардың соңына түсіп жатқандарын қарапайым халық көріп отыр. Егер әрдайым ізгілік салтанат құрып, зұлымдық аласталса, біз Алтынбек, Заманбек, кешегі Дулат Ағаділ сынды арыстарымыздан айырылып қалар ма едік? Осындай жантүршігерлік оқиғадан кейін шын мәнінде біздің қоғамда саяси мақсатпен адамдарды құрбандыққа шалатыны белгілі бола бастады. Егер билікте иненің жасуындай жауапкершілік болса, мұндай талай сойқан істерге, бассыздыққа жол бермеуге болар еді. Бүгінде күштік құрылымдар мемлекеттің,  ел азаматтарының  бас амандығынан  гөрі биліктің қауіпсіздігін, жеке мүдделерін ғана қорғайтын  топқа айналғаны ешкімге жасырын емес.

Митинг, шеру дегеніміз – адамдардың өз пікірін, көзқарасын ашық жариялаудың бір түрі ғана. Созылмалы сипат алған дағдарыс, шыңына жеткен жемқорлық, сайлаудағы әділетсіздік, баға мен тарифтердің ретсіз әрі күрт өсуі,  Қазақстанға АЭС салу, ядролық қалдықтардың   шетелден әкелінуі т.б. мұның бәріне наразылық білдіріп, халық шеруге шыққысы келсе, билік рұқсат бермейді, бірен-саран адам бірігіп шеруге шыға қалса, бірден құрықталып, айыпталып қамалады, әкімшілік жазаға тартылады. Қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің  жұмбақ жағдайда бақилық болуына байланысты Қазақстанның бірнеше қаласында халық алаңға шығып, билікке наразылығын білдірмекші болып еді. Бұл жолы да рұқсат бермеді. Сонда халық өз ойын, пікірін ашық білдіріп, бас қосып жиын өткізе алмаса қалай болғаны? Бүйте берсе,   қарапайым халық өз жерінде өмір сүруге қақысы болмайтын да шығар. Елді дамыту мен өркендету жолында билік азаматтардың отаншылдығы мен ерік-жігеріне арқа сүйеудің орнына, керісінше, авторитарлық тәсілдерге бой алдырғаны қалай? Сөйте тұра, билік елде  тұрақтылық болсын дейді.   Егер биліктегілер салиқалы ұлт саясатын жүргізсе, қазіргі ұлт басындағы проблемалар туындамаған болар еді.

      Бүгінге дейін ұлт жанашырларының көтеріп жүрген тіл, жер, тағы да басқа ең өзекті мәселелері шешімін тауып, жүзеге асқан жағдайда, сөз жоқ, мұның өзі ұлттық рухтың көтерілуіне, патриоттық сезімнің оянуына, мемлекетшілдіктің қалыптасуына негіз болар еді.  Алайда бүгінгі билік бұқара халықты қоғамдық, әлеуметтік және саяси белсенділіктен  шектеп, тым жасқаншақ күйге жеткізгісі келеді. Қорқыту мен үркіту арқылы жағдайды реттемек. Еліміздің таңдаулы  азаматтарын түрмеге отырғызып, саяси қуғын-сүргінді тоқтатпаған билік сонымен мемлекеттілікті күшейттім деп есептейді. Әрине, бұл ұстаным  биліктегілер үшін тиімді шығар. Алайда бұл жағдай билік үшін құтқарушы күш бола алмайды. Тарихтың объективті ағысына қарсы жүзуге ұмтылыс еш жақсылыққа апармайды. Ұлттық сезімдерін жоғалтпаған, туған елінің бүгіні мен ертеңіне шынайы алаңдаған халықшыл азаматтар мен оппозицияшыл күштерге дұшпан көзбен қарау, оны тұншықтыру іс-әрекеттері, керісінше, халықтың билікке деген қарсы әрекетін оятып, арандата түседі. Мемлекеттің ертеңіне деген сенімділікті жояды, жоғалтады.  Халықтың үмітін үзеді, ең қауіпті нәрсе – осы.

      Қоғамда проблемалар қордаланған сайын халықтың айтар сөзі күшейеді. Ащырақ әрі анығырақ бола түседі. Бұл – саясат заңы. Ал әділетсіздік пен әділеттіліктің сындарлы тепе-теңдігі бұзылған жағдайда қоғамның толқуы кез келген елде болады. Бұл да өмір заңы. Өз халқынан қорқып,  оны тұқыртып ұстауға әуестердің аяғы немен аяқталатынын да басқа елдердің   мысалынан көріп жүрміз. Бәлкім, биліктегілер  тұрақтылық қажет деп, елді алдаусыратуға болатын шығар. Бірақ әділетсіздік өршіп тұрған елде қандай тұрақтылық болсын?! Бүгінде биліктегілер саяси реформа жасаймыз деп белсенділік танытып-ақ жатыр. Президент Тоқаевтың саяси реформаға қатысты ұсыныстары елді демократияға  біртабан жақындатты деп жалаулатқанымен, ел ішінде осы өзгерістерге қатысты біршама күмән бар. «Билік қоғамды демократияландыру, сайлау жүйесін өзгерту, парламентті күшейту, оған президент өкілетінің бір бөлігін беру туралы айтқанымен, алайда бұл орындалмады» деп,  сарапшылар тарапынан  қатты сынға ұшырауы көп жайды аңғартса керек.

   Президент Тоқаев «парламентке оппозициялық партияны ашық бәсеке арқылы емес, кепілдендірілген орын беру арқылы өткізу керек» дейді. Оппозициялық партияға квота беріп, мәжіліске өткізу демократияға томпақ екені  әу бастан белгілі. Оппозицияға кепілдік орын беру парламентке оппозиция өтеді деген сөз емес,  оппозиция рөлін ойнайтын «қалталы оппозиция» құру әрекеті тәрізді. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деп, билік бұрынғыдай жаппай бұрмалаушылық жасап, сайлау нәтижесін өз ыңғайына қарап шығарып, «өсуі керек не кетуі керек»  адамдарды анықтап, соларды қайткенде де құлағынан сүйреп, келесі парламентке өткізбек сыңайлы және бейбіт шерулер туралы «жаңа заң жобасы» өзіне ыңғайлы ғана митингілерді  өткізбекші  ойын аңғартады. Оған санасы  ояна бастаған қоғам келісе қояр ма екен? Қоғамда сенімділік тудыру үшін құрылған білдей бір кеңестің түкке тұрмайтынын білдік. Егер бүгінгі билік оның айналасындағылар әлеуметтік реформаға, саяси  реформаға халықты жетектей алса, ел ішіндегі ерегіс те,  кикілжің де азаяр еді. Егер осының бәрі елді алдауға арналған  бетперде болса, онда бүгінгі билік көп нәрседен  айырылып қалуы мүмкін.  

Мұрат Өтебайұлы  

 Жамбыл облысы










Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Сайт Әкімшілігі

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным