Миграциялық қақтығыс: 130 ұлт пен ұлыс қазақтың бағы ма, соры ма?

Сайт Әкімшілігі - 19.03.20201343

Ақиқатын айтар болсақ, елорда миграцияға байланысты саясатты қайта қарауы керек. Неге? Әрине, мұның үлкен себеп-салдары бар. Біз әлсін-әлсін «130дан астам ұлт пен ұлыстың өкілі тұратын, достығы жарасқан берекелі елміз» деп ұрандатқанды жақсы көреміз. Онымен де қоймай, «бәрінің тілін тауып, ынтымақта отырмыз» деп көпіреміз. Жөн-ақ. отырған Алаш баласымен бет жыртысты. Мәселен, қазақ-шешен, қазақ-ұйғыр, қазақ-күрд, қазақ-тәжік, қазақ-армян, қазақ-дүнген текетірестері. Соңғысы – Қордайдағы қазақ-дүнген дүрбелеңі. Дүнгендердің қазақ тіліне осқырына қарауы, күштік құрылым өкілдеріне пысқырмауы, аратұра жергілікті қазақтарға әлімжеттік жасауы, зорлық көрсетуі осыған жеткізді. Кеше ғана Қытайдан қысым көріп, шекара асып келген дүнгендердің бұл тірлігі таза басыну, асқандық. Ал мұндай жағдайда қисынсыз нәрсеге тосқауыл қою, есіргендерді тәубесіне түсіру – исі қазақтың міндеті.

Әрине, бұл жерде біз ұлттар арасына сына қағайық, араздықты қоздыртайық деп отырған жоқпыз. Болған жайттан сабақ алу ретінде сөз қозғап жатырмыз. Жоғарыда айтқан, қазақпен жаға жыртысқан ұлттардың барлығы тағдырдың талқысына түсіп, талайына көніп, сырттан келіп жерімізді паналағандар.

Енді етек-жеңін жиып, өсіп-өнген соң, "тілдері" шыға бастаған демейік, алайда кеуделеріне нан пісіп, екі иығын жұлып жеп, қазаққа әкіреңдеп ақыл айтатындар да, жекіретіндер де баршылық . Кейде солардың аузынан «Государство ваше, а земля наша!», «Земля ваша, власть наша» дегенді де естіп қаламыз. Бұл не, сонда? Өкініштісі, сол қазақ жерінен пана тапқандарының басым көпшілігі қазақ тіліне пысқырмай, Ресей тілімен сөйлейтіндер. Бұған кім кінәлі? Әрине, өзіміз.  Қазақтың «ит үреді , керуен көшеді», «көш жүре түзелер» дейтін салғырттығы, «түбі бір оңалар» деген бостығы һәм биліктің солқылдақ саясаты еңсемізді басты. Хош, мұны қоя тұралық. Ал тәуелсіздік алғалы бері сырттан ағылып келіп жатқан шетел азаматтары қаншама. Олардың қаншасы ретін тауып Қазақстан азаматы атанып, жергілікті халықтың арасына сіңіп үлгерді. Бұл жөнінде ресми орындар да, бейресми ақпараттар да нақтысын айта алмайды. Мәселен, 2014- 15 жылдары қытайлық «Хуанцю Шибао» ресми басылымы «Қазақстанда 400 мың этникалық қытай өмір сүріп жатыр» деген ақпарат жариялапты. Одан бері қаншама уақыт өтті. Бұл цифр бірнеше есеге өскен болуы керек. Қазақтың қызына үйленіп, бала сүйіп, осында мекендеп қалған қаншама қытай азаматы бар. Бұған арзан жұмыс күші ретінде келген иә болмаса түрлі жолдамамен келіп, осында тұрақтап қалып жатқан өзге мемлекеттердің азаматтарын сондай-ақ азын-аулақ болса да, Таяу Шығыс елдерінде болған соғыс, қақтығыстан бас сауғалап келгендерді қосуға болады. Демек, бұлардың саны недәуір болып қалды. Біршама күш. Осы жерде белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғалидың мына пікірін келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз. «Мен кезінде шетелдік бір баспасөзге берген сұхбатымда «үшінші дүниежүзілік соғыстың ұйытқысы дін, идеология, тіл болады» деп айтқан едім. Одан бері біраз уақыт өтті. Қазір төрткіл дүниеде болып жатқан дүрмекті таразылай келе, бұрынғы айтқандарымды қайтып аламын. Оның орнына «миграциялық қақтығыстар орын алады» деп айтқым келеді. Өйткені түрлі себептермен бір елдің шекарасынан асып төгілген халық өзге жұрттың  мекеніне құйылатыны белгілі. Сол жерде өсіпөнуге тырысады. Уақыт өте келе, «жер біздікі» деген сияқты әңгіме де айтылып қалады. Мұның арты қанды қақтығысқа алып келері анық . Сондықтан бізге осы бастан миграцияға байланысты саясатты қайта қарау керек. Еуропаға қараңыз, кезінде Испания, Франциядан арабтарды қуған. Бірақ қазір олар сол елдерге қайта толып алды. Сол секілді Еуропадан түріктерді де қуған. Қазір кәрі құрлықта түріктердің саны ондаған миллионға жетті. Мұның бәрі нені көрсетеді? Бұл миграциялық саясаттың солқылдақ екенінің дәл ел і . Кім біледі, кім көрінгенге азаматтық беріп, есіктен аттата берсек, біз де солардың кебін киіп жүрмесімізге?» – дейді саясаттанушы. Қазір бей берекет көшіп келіп, еш қиындықсыз Қазақстан азаматтығын алып жатқандардың етек-жеңін жинай келе, өзгеше сөйлеп шыға келмесіне кім кепіл? Қордайдағы дүнгендер ддүрбелеңі соның анық өрінісі емес пе? Мұның бәрін неге тілге тиек етіп отырмыз? Өйткені сырттан келгендердің бәрін құшақ жайып қарсы алып, төрге оздыра берсек, ертең осы ақкөңілдігіміз, аңғалдығымыз өзіміздің басымызға таяқ болып тиюі мүмкін. Яғни қауіп еткеннен айтып отырмыз. Демек, миграциялық саясатты қайта пысықтайтын кез жетті.

Күлтегін БЕК

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Сайт Әкімшілігі

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Ұқсас жаңалықтар