Дос Көшім: Басты қателігіміз – Қазақ елінің тұтқасын орыстілділерге беріп қойдық

Сайт Әкімшілігі - 19.03.20208669


–Тәуелсіздікке  қол  жеткізген  29  жылда қазақ тілі қазақстандықтар  сөйлейтін  ортақ  тілге – ұлтаралық  қатынас тіліне айнала алмады. Басты  себебі  не? Неден  қателік жібердік?

 – Бұл мәселенің объективті және субъективті себептері бар. Объективті себебі – біз орыстандыру саясаты ерекше өтіп кеткен елміз. Сондықтан бізді Балтық жағалауы елдерімен не Грузия, Украина, Өзбекстанмен салыстыруға болмайды. Олар Кеңес өкіметі кезінде де өздерінің тілдерін қорғай білді, дамытты. Ал біз қазақ тілін ортақ тілге айналдыру түгіл, өзіміз де сөйлемейтін жағдайға жеткіздік. Сондықтан болу керек, зиялы қауым мен ел басшылары орыстілділерге айналды. Олардың балалары орыстілді болып қалыптасты. Біздің басты қателігіміз – тәуелсіздік алған Қазақ елінің тұтқасын орыс тілінде білім алып, орыстың мәдениетімен суарылған азаматтарға беріп қойдық. Олар сөз жүзінде «қазақ тілін дамытайық» дегенмен, іс жүзінде ана тілімізге қарсы жұмыс істеді, әлі де сол бағыттан таймай келеді. Екінші қателік – 90-жылдары тәуелсіздігімізді алысымен отарсыздандыру бағдарламасын қабылдап, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуды, қайта тірілтуді мемлекеттік деңгейде қолға алмадық. Үшінші себеп, қазақтың «онда тұрған не бар», дейтін жайбасарлығы шығар.

 –«Мемлекеттік  тілді тізеге баса  отырып, мәжбүрлеп  үйрету керек»  дейтіндер мен «мемлекеттік тілді білуді міндеттесек, көпұлтты еліміздің тыныштығын шайқалтып аламыз»  дейтіндер  бар. Қайтпек керек?

 – Меніңше, ешкімді мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Тек қана қазақ тіліне деген қажеттілік жасау керек. Екіншіден, тіл мәселесі ұлттық не ұлтаралық мәселе емес, лингвистикалық мәселе екенін түсіну қажет. Керісінше, барлық өркениетті елдер бір тілдің арқасында топтасып, бір тілдің арқасында тұрақтылықты сақтап, бір тілдің арқасында бірігіп отыр. Осы қарапайым шындықты мойындамағандарды бұл мемлекеттің азаматы деп айтуға болмайды деп білемін. Қазір, біріншіден, «Мемлекеттік тіл туралы» заң қабылдануы керек, тез арада «Қазтестіні» енгізіп (оның дайындалғанына жеті-сегіз жыл болыпты, кімді күтіп отырмыз?!), қызметке тұратын, оқуға түсетін жандардың қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтап, сол арқылы ғана жұмыс істеуге, оқуға мүмкіндік берілуі қажет. Мемлекеттік органдардағы аударма қызметі өз жұмысын толық тоқтатуы шарт.   

 – Орыс  тілін   ресми  тіл  деп  жатамыз. Бұл  осылай  созылып кете бере  ме?                                

– Конституциямызда «Мемлекеттік мекемелер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми тіл есебінде қазақ тілімен қатар жүреді» деген сөйлем бар. Демек, заң бойынша,  бұл екі жерден басқа субъектілерде (банктер, дүкендер, т.б.) тек қазақ тілі қолданылуы керек. «Аллаға серік қоспа» дегендей, мемлекеттік тілдің қасына орыс тілін тықпаламау керек. Демек, бұл баптың алып тасталынуы талассыз мәселе. 

Елімізде тілдерді дамытудың 2011-20 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданған еді. Қазір  Қазақстан  халқының  қанша  пайызы  қазақ  тілін меңгерген?                             

– Соңғы мәлімет бойынша, қазақ тілін меңгергендер – 83 пайыз. Бұл министрдің аузынан шыққан ресми мәлімет. Бірақ өз басым қазақстандықтардың қаншасы мемлекеттік тілді меңгерді дегенге көңіл бөлудің қажеті жоқ деп есептеймін. Қазақ тілін меңгергендер 5 пайыз болса да, бұл – заң арқылы бекітілген мемлекеттің тілі. Оны білу және қолдану барлық азаматтардың міндеті болып табылады. Тағы да қайталаймын, басты мәселе – қоғамда қазақ тіліне деген қажеттілік жасау. Бұл – мемлекеттің міндеті. Ал мемлекеттің сол қажеттілікті жасауға деген ниеті болмаса, оны қазақ халқының өзі жасайды. Ол күн де алыс емес.

Сұхбаттасқан   Күлтегін  БЕК

 

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Ұқсас жаңалықтар