Алты ауылдың зары

Сайт Әкімшілігі - 19.03.2020738

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың облыстық қоғамдық кеңес алдындағы есебінде Талас ауданынан келген өңірге белгілі кәсіпкер Ақымбек Бектаев Талас өзеніндегі су тапшылығы мәселесін қозғап, аймақ басшысынан «Байзақ пен Талас ауданының шекарасынан суқойма құрылысын салу» жобасына қолдау көрсетуді сұраған болатын. Бұл жобаға Сарысу ауданындағы Талас өзенінің төменгі сағасын ен жайлаған алты ауылдың тұрғындары наразы болып отыр.

     Бұл алты ауыл – Тоғызкент ауылдық округіне кіретін Тоғызкент, Майлыкөл, Әбілда елді мекендері және Досбол ауылдық округінің құрамындағы Досбол, Шағалалы және Көкдала. Кезінде арнасынан асып, ернеуінен төгіліп жататын Талас өзенінің суы тартылғалы бері үш жылға жуықтаған. Су барда егін және мал шаруашылығын қоса дамытқандарын, енді су тартылғалы ауыл тұрғындары үдере көше бастағанын айтқан жергілікті тұрғындар «Егер онсыз да сылдырап келіп жатқан судың жолын бөгеп суқойма салатын болса, шалғайдағы шаруалардың тұрмысы тұралайды. Тіпті бұл біз қоныс тепкен аумақ үшін экономикалық қана емес, экологиялық қатер туғызып, орасан зардабын тартқалы тұрмыз» дейді.

Болат Жұмаділдаев,

«Нұрлан» шаруа қожалығының төрағасы:

–  Ауылда халық негізінен мал шаруашылығы үшін отыр. Әйтпесе қалаға, аудан орталығына көшіп кетер еді. Соңғы үш жылдан бері ағын судың тапшылығын көріп келеміз. Егер ағын су болмаса, жер астындағы судың да деңгейі төмен түсіп, құдықтан өзіміз ішіп отырған ауызсу ашып, ішуге жарамсыз болып қалады. Мал суару үшін артезиан құдық қаздырып едік, Таластың суы тартылған кезде оның да суы тартылып кетті. Ал енді Талас өзенінің ортасынан суқойма, бөгет саламыз деген әңгіме айтылып жатыр. Жолдан салынатын ондай суқойма мен бөгеттің өзен  етегінде отырған бізге керегі жоқ. Бабаларымыз «Судың басындағы су ішеді, аяғындағы у ішеді» деген сөзді текке айтпаған. Онсыз да қырғыздар суды аз жібереді. Бізге жеткенше жолда талай тоспа бар. Елдің бәрі жол-жөнекей су жинап болғанша, өзен табаны қаңсып қалмай ма?

Қамбар Жайлаубаев,

Әбілда ауылының тұрғыны:

– Бұрындары, 80-90 жылдары ауылымызда жүздеген үй бау-бақша егетін. Біздің жақтың дәмі тіл үйіретін торлама қауыны, қазіргі тілмен айтқанда, бренд болатын. Қауынқақ, қауынқұрт, қауынішек жасап сатып, пайдасын көргендер көп болды. Ол кезде «Түгіскен» аталған совхоздың осынау қауын түріне қызығушылардың көптігі сонша – алыс қалалардан арнайы тапсырыс беріп, алып кетіп жататын. Кейіннен ауыл тұрғындары бұл кәсіптерінен қол үзуге мәжбүр болды. Қазір ешкім бау-бақша өсірмейді. Өйткені су тапшы, ала жаздай тынбай еткен еңбегі еш, тұзы сор болып, бір-екі рет шығынға батқан соң қолдарын бір сілтеген. Су – тіршілік көзі, өмірдің нәрі ғой. Сондықтан бұл мәселе оңтайлы шешімін тапса деген тілегіміз бар.

Жансерік Майыров,

Тоғызкент ауылының тұрғыны:

  Жоғары оқу орнын 1973 жылы бітіріп, осы ауылда еңбек жолымды бастадым. Сондықтан бұл аймақтың мәселесін жақсы білемін. Ол жылдары су көп жайылатын. Талас өзенінің төбесінде құс ұшып, үйрек-қаздар келуші еді. Балық аулаған кездер болған. Қазір өзеннің табанында су тартылып кетті. Сыздықтап ағып жатыр, әйтеуір. Сарысу ауданындағы халықтың жартысына жуығы, шаруа қожалықтардың 90 пайызы осы өзеннің бойында отыр. Өзеннің орта шенінен бөгейтін болса, мұндағы халыққа көшуге тура келеді. Сондықтан жоғарыдағы басшылар ауылымызға келіп, мәселені көзбен көрсе дейміз.

Нұрлан Молдабеков,

Досбол ауылдық округінің әкімі:

– Ауылда 4500 гектар шабындық жер және 34 мың гектар жайылымдық жер бар. Жалпы, 27 шаруа қожалығы тіркелген, бүгінде оның 19-ы жұмыс істейді. Қазір Талас өзеніне жіберілетін 6 текше метр су жеткіліксіз. Жазда тіпті су тартылып қалады. Егер ағын су болмаса, қыстың күні қырау шөп жеген мал іш тастайды. Қазіргі кезде ауылда ірілі-ұсақты 29 мың мал басы бар. Ауыл тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Су болмаса, шаруашылықтың да жағдайы қиын екені түсінікті. Ауыл тұрғындарының ағын су мәселесін айтып, жоғарыдан көмек сұрап отырғаны орынды. Біз де өз тарапымыздан жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Сейітбек Дариябеков,

Сарысу ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

–Қазіргі таңда аудан бойынша 640 шаруа қожалығы тіркелген. Солардың жартысынан астамы Талас, Аса өзендерінің бойында отыр. Тоғызкент, Досбол, Байқадам, Жайылма, Жаңаталап ауылдық округтеріндегі фермерлердің кәсібі өзен суымен тығыз байланысты. Егін егіп, бау-бақша өсіріп қарық болмаса да, малын суарады, жемшөптерін дайындайды. Яғни өзен суын төменгі сағасына дейін жеткізудің маңызы зор.

Ақымбек Бектаев,

Талас ауданының тұрғыны, кәсіпкер:

– Мен «Ақмола» суқоймасын салу мәселесін алғаш рет  Қанат Бозымбаев әкім болғанда көтергенмін. Талас өзенінің төменгі сағасынан «Киров» суқоймасына дейін бірнеше рет зерделеп жүріп өттім. Ұзындығы 184 шақырымға созылып жатыр. Біздің Талас ауданы Талас өзенінің орта шенінде. Өздеріңізге белгілі, өзен басында Байзақ ауданының шаруалары отыр.  Байзақтық шаруалар суды өте көп қажет ететін қызылша, сәбіз, пияз секілді дақылдар егеді. Ол дақылдарды маусымында кемі 14-15 реттен суғарады. Сосын мұндағы біз судан таршылық көреміз. Сарысудағы ағайындар айтпаса да түсінікті. Ал егер «Ақмола» суқоймасын салатын болсақ, үш ай қыста суқоймаға суды жеткілікті мөлшерде толтырып алып, ала жаздай соны пайдаланар едік. Бозымбаев менің бұл ұсынысыма қолдау білдіргенімен, іске аспай қалды. Ал одан кейінгі әкім Кәрім Көкірекбаев  бұл жобаны қолдамады. Одан кейінгі әкім Асқар Мырзахметов қолға алып бастап еді, бірақ өзі қызметтен кетіп қалды. Өңірге Бердібек Сапарбаев әкім болып келе салысымен осы жобаны айтқаным сол еді. Бұл үлкен мәселе. Егер бұл жобаны Сапарбаев қолдап, суқойма салынатын болса, Сарысудағы ағайындар пайдасын көрмесе, зиян шекпейді. Өйткені біз бәрін мамандармен ақылдасып, әрбір деталіне дейін есептеп отырмыз.      

    Жалпы, шаруаларды судан қысу алқымдарынан қысумен бірдей екені белгілі. Бұл ретте Сапарбаев Сарысуға сапарлап, аталған алты ауылға барып, Ақымбекті қоса алдырып, бұл мәселені біржақты шешіп берсе, қанеки.


Нұрболат ӘЛДИБЕК

Жамбыл облысы



Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Сайт Әкімшілігі

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты