Амангелді Әбдіқалық: Қағбаның есігін ашқан сайын қазақ халқына арнап дұға жасалады

Сайт Әкімшілігі - 20.03.2020796


     Амангелді Еренғайыпұлы – «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының директоры. Мыңжылдық тарихы бар Әл-Азһар ислам университетінің түлегі (Қостанай облысы Амангелді ауданының тумасы). 2011 жылы халықтар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайта отырып, имандылық саласындағы сіңірген еңбегі үшін Халықаралық «Ата Түрік» атындағы алтын медальмен марапатталған. 2012 жылы Палестина өлкесі Иерусалим қаласындағы «Әл-Ақса» академиясының құрметті профессоры атағы берілген. 2013 жылы «Қоғам алдындағы еңбегі үшін» алтын медалімен марапатталса, «Бейбітшілік миссиясының елшісі» дипломатиялық атағы да бар. 2014 жылы Адам құқығын қорғау комитеті атынан «Алтын қыран» төсбелгісімен марапатталған. 2015 жылы Ұлттық бизнес рейтингі бойынша ТМД елдері арасындағы қажылық компаниялар ішінен «Нұр-Қазақстан қажылық» компаниясы «Сала көшбасшысы» атағын жеңіп алды. «Даңқ жұлдызы» орденінің иегері, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Амангелді Еренғайыпұлы – нағыз ұлт жанашыры.

– Жақында кіші қажылыққа барып қайтқан екенсіз, сапарыңыз қалай өтті? Әлемді шулатып жатқан вирус кедергі келтірмеді ме?

– Бисмилләхи Рахмани Рахим! Иә, қаңтар айында кіші қажылыққа, яғни умраға барып қайттық. Ол кезде коронавирусқа байланысты әлемде қатты дүрбелең бола қоймаған кез. Тек 27 ақпаннан бастап Сауд Арабиясы мемлекеті умра және туристік визамен елге кіруге тыйым салды. Кейбір адамдар оны «құлшылыққа неге тыйым салып отыр» деп түсінбей жатқан сияқты. Алайда бұл құлшылыққа қарсы шығу емес, індеттің алдын алу үшін жасалып жатқан, құлшылығын орындаймын деп келген мұсылмандар ауру тауып қайтпасы үшін уақытша қолға алынған сақтық амалы болатын.

– Исламдағы үшінші қасиетті орын саналатын Әл-Ақсада болыпсыздар, ол жаққа барарда қиындық болмады ма?

– 26 ақпанда бір топ қажы Әл-Ақса мешітіне зиярат ету үшін жолға шықтық. Шығар кезде «коронавирус пайда болыпты, Израиль мемлекетінен ауру жұқтырғандар бар екен» деп дүрліккендер болды. Тіпті Нұр-Сұлтаннан келген бір қажымыз «аяғым тартпай тұр, қалай болады екен» деп, баруға жүрексініп қалды. Әл-Ақсадағы шейхтарға да, сол мешіттің имамына да хабарласып, мән-жайды анықтап білуге тырыстым. Алып бара жатқан пәлендей қорқыныш жоқ екен. Бізді күтіп алатын туристік компаниямен байланысып көріп едім, олар да Кореядан баратын адамдардың аздап кідіріп қалғанын айтты, басқа алаңдайтын түк жоқ. Осы мәселенің барлығын елеп- екшеп алып, сосын тәуекел деп, Әл-Ақса сапарына аттандық. Құдайға шүкір, бәрі қалыпты болды. Зияратымызды орындап, жұма күні Әл-Ақса мешітінде имамның уағызын тыңдадық. Имам бұл індеттің Алланың ескертуі екенін, адам баласы тәубамен өмір сүріп, аурудан барынша сақтанып жүруі керегін ескертіп өтті. Қайтарда бәрімізді жақсылап тұрып тексерді. Мәскеу арқылы ұшып келдік. Орта жолда ешқандай бір оқыс оқиға болған жоқ.

– Биыл қажылыққа байланысты докторлық диссертация қорғамақшы екенсіз. Жалпы, біздің елде қажылыққа қатысты ғылыми еңбек жазған адамдар бар ма?

– Алла нәсіп етіп «Нұр Мүбәрак» университетінің Phd-ін бітірген едім. Соған байланысты докторлық диссертация жазып жатырмын. Диссертациямның негізгі тақырыбы «Исламдағы төрт мәзхабтың қажылықа қатысты үкімдері» деп аталады. Исламдағы төрт мәзхаб бойынша қажылық парызы қалай орындалатынын жан-жақты зерттеп, осы тақырыпты ашып жазуға тырыстым. Қажылық туралы айтылса, біз көбіне Құнанбайдың, Мырқыбайлардың қажылығын еске аламыз ғой. Досжан хазірет, Шәукер қажы деген кісілер де болған. Шәкәрім Құдайбердіұлы да қажылыққа барған. Қажылық тақырыбын ең көп жазғандардың бірі – Мәшһүр Жүсіп атамыз. Ол кісінің өзі қажылыққа бармапты. Оны кейін барып білдім. Ол заманда малының санынан жаңылатын байлар көп болған. Солардың парызын орындауына мұрындық болып, қажылықтың маңызын айтып, кейін қажылықтан келгенде солардың үйінде айлап жатып, әлгі адамдардың аузынан естіген әр сөзді құнттап, қағазға түсіріп отырыпты. Сондай бір жазбасынан мынандай қызық жайтты оқыдым. Өңшең байлар жиналған бір аста бүй депті:

«Біреуі бес парыздың қажыға бару,

Бұл жолға мал мен жанды керек салу.

Алланың шақырған бұл жеріне,

Байларға қиын екен бармай қалу.

Пайғамбар «байлар қажыға келсін» депті,

«Үмбетім мені келіп көрсін» депті.

«Шамасы келіп тұрып бармаған жан,

Қауымында кәпірлердің өлсін» депті».

     Осыны айтқанда Ізет деген бай орнынан тұрайын деп, тұра алмай қалған екен. Сол жерде отырған байлар Мәшһүрге сөзі сүйектен өткенін айтып, содан кейін 60-қа жуық бай қажылыққа аттаныпты. Кейін сол қажылық туралы зерттеп, өзі бармаса да, солардың қалай қажылыққа барып қайтқанын көзбен көргендей етіп жазады. Қажылыққа аттанғандардың Одессаға барып, ол жерден кемемен Түркияға қарай өткенін баяндаған. Осман әулетінің соңғы ұрпағы – Әбдулхамит ханды көріпті. «Ол жақтан жүк таситын кемемен Александрияға келіп, ол жерден Құдыс шаһарына барып, түйемен зиярат етіп келдік» деп жазады әлгі жазбада. Одан кейін кемемен Жидда қаласына жеткен екен. Сол кезде бір жұқпалы ауру тарап, карантин деп кіргізбей қойыпты. Сол замандағы дезинфекцияның түрі болса керек, адамды ыстайды екен. Жиддадан Меккеге дейін үш күндей жол жүрген. Барған 60-қа жуық адамның біразы орта жолда қайтыс болып кетеді. Одан соң Меккеден Мәдинаға жол тартып, пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.) зиярат етіп жүргенде де тағы біразы көз жұмады. Мәдинаға жақындағанда мынандай бір қызықты деректі жазыпты Мәшһүр атамыз. Мәдинаға жетер жерде бір құдық бар екен. Сол құдықтан су ішкен адамның қажылығы қабыл болғанын я қабыл болмағанын білдіретін «пәленбайдың қажылығы қабыл» деген дауыс естіледі екен. «Сарыбайдың қажылығы қабыл» деген дауыс шығыпты сонда. Сарыбай деген бай қажылыққа бармақ болып, бара алмай қалған екен, сөйтсе. «Бұл қалай?!» деп таңғалыпты бәрі. Қажылар қайтар жолда Жиддаға келіп, ол жерде ауру шыққандықтан, аттап баса алмай, Пәкістанды айналып келеді. Алпыс адамнан 15-20 адам ғана аман жетіп, елге келісімен олар қажылыққа бара алмай қалған Сарыбай деген кісіге барып сүйінші сұрайды. Қажылыққа бара алмаса да, ниеті қабыл болып, сондай дәрежеге жеткен ғой. Осы деректің барлығын Мәшһүр Жүсіп атамыз қажылық сапарына өзі барып келгендей етіп жазып шығыпты..

Қағбаның ішіне кіруге рұқсат берілгенімен, бес минуттан артық жүруге болмайды екен. Сіз екінші рет Қағбаға кіргеніңізде екі жарым сағат жүріпсіз, ол қалай болды?

–Аллаға шүкір. Негізі, қасиетті Қағбаны сыртынан көрген адамның өзі үлкен әсер алады. Басқа әлемде жүргендей боласыз. 1993 жылы біздің елімізден ең алғаш рет Қағбаға кіріп дұға жасаған адам елбасы екен. Қағбаның ішінде көп жүруімнің себебін айта кетейін. «Мекке қаласының тарихы» деп аталатын кітап жазғанмын. Ол кітапта «Қағбаның ішінде не бар?» деген бөлім бар болатын. Сол кітапты жазып жатқанда Алладан шын ниетпен «Я, раббым Алла! Қағба – ол сенің үйің. Оның иесі сенсің. Маған да осы үйіңе келіп, намаз оқуымды нәсіп етші!» деп тіледім. Алла сол тілегімді қабыл етіп, Қағбаға кіріп намаз оқуымды нәсіп етті. Қағбаға кіріп, шүкір намазын оқып жаттым. Шығатын уақыт та таяп қалды. Бір жас баладан «үлкендерден кім бар сөйлесетін» деп сұрап едім, ол бала жүзінен нұр төгіліп тұрған егде жастағы бір үлкен кісіні ертіп келіпті. Оған өзімнің кітабымды көрсетіп, кітаптағы мағлұматтар мен деректердің дұрыс жазылғанын анықтау үшін тағы да аздап уақыт беруін өтіндім. Ол кісі маған бір сағат уақыт берді. Қағбаның әр бұрышына барып намаз оқып, дұға тілеп жүрдім. Бір кезде қарасам, бір сағат уақыт зу етіп өтіп кетіпті. Намаз оқып жатқанда әлгі жас бала қайта келіп, уақыт біткенін айтты. Сол кезде кітабымның бір бетін аштым, онда «Қағбаның кілті» деген тақырып тұр екен. «Шәйби ұрпағынан кім бар?» деп сұрап едім баладан, ол маған «мен» деп жауап берді. Мен «үлкендерден кім бар» деп едім, бағанағы маған бір сағат жүруіме рұқсат еткен кісіні ертіп келді. Сол баланың әкесі екен. Мен ол кісіге кітабымдағы Қағбаның кілті туралы жазылғанды көрсетіп: «Бұл кітапта сіздердің ұлы бабаларыңыз туралы жазылған, соны айтып берейін бе?» – деп сұрадым. Ол жерде неғұрлым ұзақ уақыт тұрғым келіп тұр. Ол кісі кітапқа үңіліп қарады да, не жазылғанын сұрады. Қағбаның кілті қалай қолдарына тигенін баяндайтын Осман Ибн Талһаның риуаятын айта бастадым. «Жаһилет дәуірінде Қағбаның есігін ашып, қалаған адамды кіргізіп, қалаған адамды кіргізбейтін едік. Бір күні Мұхаммедтің (с.а.с.) Қағбаға кірмекші болып келе жатқанын көрдім. Ол кезде шамамен 36-37 жаста, әлі пайғамбарлық келмей тұрған уақыт болатын. Есікті қолыммен көлегейлеп, оны кіргізбейін деп ойлап тұр едім. Сол кезде Мұхаммед (с.а.с.) асықпай қасыма келді де: «Әй, Осман! Күндердің күнінде Қағбаның кілтін менің қолымнан көретін бір уақыт болады. Сол кезде кілтті өзіңе қайтарып беремін!» – дейді. Оны естіген Осман «кіріңіз, кіріңіз» деп елпектеп қалады да, осы сөзі ұмытылмастай болып есінде қалып қояды. Арада 25 жыл өтіп, пайғамбарымыз Меккені бейбіт жолмен басып алады. Мұсылман болмағандықтан, Осман Қағбаның кілтінен айырылып қалады. Пайғамбарымыз Қағбаның ішін пұттардан тазалап, сосын өзі жалғыз өзі қалып, сол жерде шүкір намазын оқыды. Осы сәтте қасиетті Құрандағы «Алла тағала сендерге аманатты өз иесіне қайтаруды бұйырады» деген «Ниса» сүресінің 58-ші аяты түседі. Пайғамбарымыз іле-шала Османды шақыртып алып: «Әй, Осман! Осыдан 25 жыл бұрын айтқаным есіңде ме?» – деп, баяғы айтқан сөзін есіне салады да, кілтті қайтарып береді. Осман әлгі жерде ағыл-тегіл жылап, тілін бірден кәлимаға келтіріп, ислам дінін қабылдапты. Пайғамбарымыз сосын оған: «Әй, Осман, мына кілт саған және сенің ұрпағыңа аманат. Егер біреу сендерден осы кілтті тартып алғысы келсе, ол адам зұлымдық жасаған болады», – деп ескертеді. Кітаптағы осы тарихи оқиғаны ол кісіге араб тілінде қаз-қалпында баяндап беріп едім, бір кезде ол мені құшақтап, «Саған Алла разы болсын, біздің шежіремізде дәл осылай жазылған» деп қатты қуанып кетті. Сосын ол кісі маған корольді күтіп отырғандарын, ол келгенше Қағбада жүре тұруға рұқсат деп, тағы уақыт берді. Қуанып кеттім. Қағбаның ішінде жалғыз өзім қалдым. Алдындағы бір түсімде төрт рәкағат тәспих намазын оқып жатқанымды көргенмін. Пайғамбарымыз да ең жақын туысқандарына «тәспих намазын күніне бір рет, ең болмаса аптасына бір рет, тіпті болмаса жылына бір рет, өміріңде бір рет болсын оқышы» деп айтыпты. Сол намазға ниет етіп, сәждеге жығылдым. Сол кезде бір үлкен құдіретті көрдім. Әр рәкағатты оқыған сайын жаңа бір әлемге көтерілгендей күй кештім. Ең соңында, намазымды аяқтайтын кезде жүрегім аузыма тығылды. Содан намазды аяқтап, «Я, Алла, саған мың да бір шүкір!» дедім.

   Қағбадан шығарда ол кісімен біраз уақыт сол жерде сөйлесіп тұрып қалдық. Оған өткен аптада Палестинадағы Ибраһим пайғамбардың мешітінде болғанымды, жұма күні Әл-Ақса мешітінде намаз оқығанымды айтып беріп едім, ол мені құшақтап, «Сен қандай бақытты адамсың!» деп жылап жібергені. Сөйтсем, осы екі мешітте намаз оқу ол кісінің бала кезден бері орындалмай келе жатқан арманы болып шықты. Аллаға шүкір, қандай бақытты ел екенімізді сонда барып түсіндім. Қолқа салып, «Қағбаның есігін ашқан сайын қазақ халқына берекет тілеп, халқымыз үшін дұға жасап отырсаңыз екен» деп өтініп едім, көңілі босап тұрған Шәйби ұрпағы ол өтінішімді де бірден қабыл алып, «аманатыңды орындаймын» деді. Сөйтіп, қасиетті Қағбаның есігін әр ашқан сайын ол кісі қазақ халқына арнап арнайы дұға жасап отыратын болды.

–Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Мағжан Қалымбекұлы

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Сайт Әкімшілігі

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Ұқсас жаңалықтар