Жетеуі қалтада біреуі ойда болған

Сайт Әкімшілігі - 20.03.2020413

 Амманда өткен олимпиадалық іріктеу турнирінің жартылай финалына шыққан жеті жігітіміз Токиодағы кешенді сынға жолдама алды. Сәкен Байбосынов алтыншы орынға таласты. Олар неге Иорданияға барды? Неге барды дегенде, Хубей провинциясында өтуі тиіс болған жарыс Ухандағы ахуалға байланысты ауада асылып тұрды. Ақыры Амманға аманат артылып, олимпиадалық іріктеу турнирі Иордан өзенін жағалады.

Олар неге Иорданияға барды?

 Неге барды дегенде, Хубей провинциясында өтуі тиіс болған жарыс Ухандағы ахуалға байланысты ауада асылып тұрды. Ақыры Амманға аманат артылып, олимпиадалық іріктеу турнирі Иордан өзенін жағалады.

Одан бұрынғы тарихты қозғасақ. АІБА тағдыр-талайы әркімге мәлім шығар. Әуесқой бокстан дүниежүзілік қауымдастық басшылары былықтың ортасында қалған соң, Халықаралық олимпиада комитеті былғары қолғап шеберлерін кешенді сынға мүлде қоспау жайында бастама көтерді. Олар Токио рингіне шықпай қалуы мүмкін еді. «Ойындар бағдарламасынан сызылып кетсе қиянат шығар» дескендер бокстың ежелден келе жатқан олимпиадалық спорт түрі екенін де ескерді. Ақыры кеңес құрып, ақылға салып, шешім қабылдады. АІБА емес, олимпиада жолдамаларын осы қозғалыстың басында отырған ұйым өзі шешетін болды. Нәтижесінде бес қалада, яғни Дакар, Амман, Лондон, Буэнос-Айрес және Парижде ұзын саны 286 жолдама үлестірілетіні жайында хабарланды. Қазақстан жолдама жолындағы жарысты Амманда бастады. Наурыз айының басына белгіленген іріктеу сынында 63 жолдама сарапқа салынатыны белгілі еді. Оның 41-і жігіттерге тиесілі. Қалғаны қыздардың үлесінде. Қазақ елінің былғары қолғап шеберлері бүгінге дейін бірнеше салмақ дәрежесінде жолдама алып үлгерді. Мысалы, Амманда өткен олимпиадалық іріктеу турнирінің жартылай финалына шыққан жеті жігітіміз Токиодағы кешенді сынға жолдама алды. Сәкен Байбосынов алтыншы орынға таласты. Олар неге Иорданияға барды? Неге барды дегенде, Хубей провинциясында өтуі тиіс болған жарыс Ухандағы ахуалға байланысты ауада асылып тұрды. Ақыры Амманға аманат артылып, олимпиадалық іріктеу турнирі Иордан өзенін жағалады.

Жетеуі қалтада, біреуі ойда болған. Спорт Абылайхан Жүсіпов алдымен моңғол Мишилт Баттумурдан басым түсіп, ширек финалда екі дүркін Азия чемпионы, 2013 жылы әлем чемпионы атанған Вуттичай Масукты ұтып, Токио олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды. Абылайхан Аммандағы турнирдің жартылай финалында үндістандық Викас Кришан Ядавпен кездесті.

Жүсіповтің көрсеткені жүдеу бокс

Ақиқаты осы. Абылайды жүндеуге зауқымыз соқпайды, жөндеуді бапкерлеріне қалдырдық. Жүсіповтің жұлдызды шағы келмеске кетіп қалмаса болды. Өте талантты жігіт. Ісінде иә боксында қазір бір кемшілік бар. Қай тұстан екені анық байқалмайды. Викаста алып бара жатқан шеберлік көрінбеді. Жүдеу бокс көрсеткен – Жүсіповтің өзі. Тактиканы дұрыс таңдамаған ба, әлде сол тактика құрбаны ма? Құрбаны дегенде, қазір, өзі, түсінуден қалдық. Тактикалық жүріс дейді де, негізгі мәселе шешілген соң, былғары қолғап шеберлері буынған белдіктің тілін ағытады. Ол буынға әсер етеді.

Ол Қамшыбектен қашып еді

Енді... Қоңқабаев рингке шықпады. Жартылай финалда. Әлде қолы, әлде білегі аздап жарақат алған. Бізге жеткен ақпарат осы. Тағы да тактикалық тұрғыдағы бас тарту ма? Ол маңызды емес. Сыр елінің боксшысы негізгі мәселені оң шешті. Өткен жексенбінің кешінде Қазақстан құрамасының капитаны Токио олимпиадасының жолдамасын қолға түсірді. Ширек финалда қытай спортшысы Маймайити Айемаитидың осал тұсын тапты. Табатыны – табандылық танытты. Дәл сол күні Қамшыбек Маймайитидің соққысын дарыту қайда, реті келсе бір құлатуға жақын жүрді. Сосын Австралия боксшысы Джустис Хунимен финалға берілер жолдаманы сарапқа салатын болған. Сол кезде езу тарттық. Екеуі былтырдан бері кездесе алмай жүр. 2019 жылы қыркүйекте Екатеринбургтегі әлем біріншілігінің жартылай финалында жолдары түйісіп еді, Хуни жекпежектен бас тартты. Дүниежүзілік чемпионаттың жартылай финалында біреуге жол беру... Жүрегі дауаламаСосын сылбыр қимылдайды. Қазір Абылайханға сын садағын бұрасыңау, бірақ ол іштей біліп тұруы мүмкін, Ядавқа өзі ептеп мүмкіндік бергенін. Сондықтан әліптің артын бағайық. Айтпақшы, біраз бұрын Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалым Кенжебаевпен кездестік. Ақтаудағы Шоқыр Бөлтекұлы атындағы турнирден келе жатқан беті екен. Аз-кем әңгімелесудің сәті түсті. Жігіттерді сұрадық, жағдайын білдік. Бас бапкер айтады: «Қазір кез келген салмақ дәрежесінде үш-төрт мықты боксшы бар. Бірінен-бірі өтеді. Бір жағынан, жақсы, бәсекелестік шыңдалады. Кейде кері әсері де тиеді. Бокс туралы көп айтуға да, тіс жармауға да тура келеді. Ар жағын өзің салмақтарсың. Қазір Азия құрлығында бокс қатты дамыды. Бұрын мұрын шүйіре, өзгелер шекеден қарайтын Үндістанның өзі деңгейін көтеріп алды. Келесі олимпиадада сол елдің спортшысынан өтудің өзі мұңға айналуы мүмкін. Ақпарат ағылып жатқан заман, ақыл жетілген кез. Бапкерлер ғана емес, боксшылар ғаламтор кезіп көп ізденетін болды», – деп. Дәл Жүсіповқа қатысы аз шығар, дегенмен боксқа шамасы келмейді делінетін елдердің өзі де қазір биікке бастайтын жолды біліп алған. ды ма, әлде Джустис шынымен де жарақатына байланысты шыға алмады ма екен? Оны енді Амман шаршы алаңында білеміз деп жымиған едік. Тағы да көңілде күмән, көкейде сұрақ қалды. Бұл жолы бас тартуға бастамашыл болған – біз жақ. Сауығып кетсін, Қамшыбек. Әгәрәки Токиода жолдары түйісіп жатса, жолығып қалар. Қазір жасыл құрлықтың ұлдары да қарсыластарына жұдырық жұмсап үйренді. Мысалы, Давид Ниика. Жартылай финалда өзбек боксшысы Санжар Тұрсыновтан басым түсті. Күліп қойып, білгенін жүзеге асыратын Давидтен мұндай нәтиже күтпеп едік. Талдырмаш жігітті күрзі жұдырықты Тұрсынов талдырып қоя ма деп уайымдадық. Бірінші раундта Нииканың сау-тамтығын қалдырмауға бекінген Санжар салды да кетті. Ұрды, төнді. Төрешілер де ұпайды аямай берді. Давид те қызық жігіт екен, ішінен соққы алса да күледі, жағынан ұрса да жымияды. Биік бойды, ұзын қолды пайдаланайын деген ниет жоқ. Ә дегенде айыл жиған боксшыдан іш тартып қалғанымыз да шын. Екінші раундта Давид түлеп сала берді. Қолы өзінікі екеніне көз жеткізді ме, Тұрсыновты соққының астына алды. Арақашықтықты сақтап, барынша сауатты өнер көрсетті. Өзбек боксшысы да аң-таң, жаңа ғана жеңіс қолында еді, сусып бара жатқанын сезді. Үшінші раундта Санжар алға ұмтылды. Ниика тосып алады да, өзі төпейді. Нәтижесі белгілі. Ол енді біздің Василий Левитпен кездеседі.

Левит суынып қалған секілді

Байсалды Василийдің бабы таяған кезін көрген емеспіз. Қашанда бірқалыпты. Қарсыласын әбден зерттеп барып іске кірісетін. Алайда Иордания шаршы алаңында шаршаңқы Левитті көрдік. Әлдебір ой құшағында. Тіпті ширек финалда да жасындай жарқылдай алмады. Тәжік боксшысы Давлат Болтаевты ұтты. «Шынымды айтайын, бәске түспегелі бірталай уақыт өтті. Суынып қалыппын. Рингке етім үйренгенше оңай соқпайды», – деп ағынан жарылды. Жартылай финалда жергілікті спортшы Хуссейн Яшаишпен кездесіп, бірінші раундта ашыла алмады. Екеуі былтыр Ресейде өткен әлем біріншілігінде қарсылас атанып, Василий өз үстемдігін паш еткен. Хуссейн өзіндік ұрыс жүргізу мәнері бар жігіт. Оның үстіне қалың Амман қолдап отырғанда білгенінен жаңыла ма, алғашқы раундты өз пайдасына шешті. Келесісінде де келісті соққылар жасады. Бірақ енді қарманбаса кеш болатынын түсінген Василий де іске кірісті. Нәтижесінде финалға жолдама алды. Жеңуін жеңген шығар, бірақ өзі айтқан, біз көрген жағдай алаңдауға негіз болады. Дәл осылай жүрсе олимпиада жүлдесі жалынан да сипатпайды.

Бауырға жұдырық сілтеу

Есімізге елден Еуропаға кеткен Нұрхан Сүлейменоғлы түседі. Шымкентте шеберлігін шыңдаған Нұрхан кейін түрік туы астында өнер көрсетті. Халықаралық жарыстардың бірінде Болат Ниязымбетов екеуін жеребе жұптайды. Қазақстан құрама командасына енген жігіттерден естідік, Нұрхан да, Болат та қатты қиналыпты. Екеуіне де жеңіс керек. Құр жүруге намыс қана емес, бапкерлер де жібермейді. Қазақ елінің былғары қолғап шеберлерін Әбдісалан Нұрмаханов бастап барған. Нұрмаханов Нұрханды ұруға болмайды деп айта ма? Болат екеуі жас кезінен таныс екені ол кісіге де мәлім еді. Сүлейменоғлы Ниязымбетовті іздеп келіп, екеуі бірін-бірі ұрмауға уәделесіпті. Келесі күні рингте қандай жағдай орын алғанын айтуға қазір асықпайық. Тағы бірде реті келер. Өзбек жерінде бокс әліппесін таныған Бақыт Сәрсекбаев осы бір спорт түріне Шыңжанда қызыққан Қанат Исламның 2007 жылы Чикагода өткен әлем біріншілігінде кездескені де еске түсіп отыр. Хаттамаға есім-сойы Ханати Слами болып жазылған бауырды 2006 жылы Дохадағы Азия ойындарында да көргенбіз. Енді тағы бір беделді сында екеуінің төбелесуіне тура келді. Бұған дейін құрлықтың жарыс деңгейінде кездесіп, Қазақстан туы астында өнер көрсететін Бақыт жеңіске жеткен. Енді Ханати мығым көрінді. Шеберлігін шыңдапты. Қара күші жетіліпті. Сақ қимылдап, сауатты қорғанып, бәсекені өз пайдасына шешті. Слами қауіпті қарсылас еді. Қауіпті болатыны – кезекті жазғы ойындар 2008 жылы Бейжінде өтетіні белгілі. Шаршы алаң қожайынына айналатын, онсыз да шашасына шаң жұқтырмайтын Ханатидың Сәрсекбаевты тағы да ұтуы мүмкін еді ғой. Келесі жылы, яғни сол Бейжің олимпиадасының бокс бағдарламасы басталар күнгі алдындағы жеребеден кейін көңіл орынға түсті. Екеуі финалға екі жолмен барады екен. Жете алса, әрине. Жететіні күмән тудырмаған. Тай боксшысы Манн Бомжумнонгтан өзгесі оларға қарсылас емес еді. Тіпті әлем чемпионы Деметриус Андраде «Ханати мен Бақытқа жолықпасам финалдамын» деп сұхбат берген. Екеуі де 69 келілік салмақ дәрежесіндегі серкелер. Жететін де еді. Ханати жартылай финалда күтпеген жерден Куба боксшысы Карлос Бентаур Суарестен жеңілді. Бір өкіндік, бір ойландық. Өкінетініміз, Қанат бауыр финалға шыға алмады. Ойланатынымыз, Суаресті сүріндірсе, Сәрсекбаевқа оңай соқпайтын еді. Арада жылдар өткенде, Амманда 75 келілік салмақта өнер көрсететін Әбілхан Аманқұл Қытай туы астында өнер көрсететін Тоқтарбек Таңатқанұлымен шеберлік байқасатын болды. Тоқтарбек ширек финалда Иран өкілі Мусави Сейедшахинді жеңді. Әбілханға өзбек Фанат Қаһрамонов тап болған. Әбілхан жұдырықтасудың әдемі үлгісін көрсетті. Қаһрамоновты айқын басымдықпен жеңді. Енді Тоқтарбекпен сынға түсуге тура келді. Аманқұлдың қазіргі бабы шындаса Таңатқанұлын тарпа бас салып, тас-талқан ұтуға мүмкіндік беретін еді. Ол да осал емес және былтырғыға қарағанда көп өсіпті. Рингтегі қозғалысы, қол сілтеуі, қорғанысы – бәрі-бәрі көңілден шығып тұр. Тағы да сол ішкі түйсік, екеуі де беттен ұрмауға өз-өзі іштей серттесіп алғандай әсер берді. Үздіксіз соққы жасаумен болды. Жан ауыртатын емес, жанкүйерлер мен төрешілерді алдаусыратуға арналғандай. Бірбіріне деген өшпенділік жоқ. Қайта ішкі мейірімдерін әрең іркіп жүргендей. Екеуінің де мақсаты – үш раундты жылдам өткеру. Кім жеңсе де, қайғыратын кейіп танытпады. Сырт көзге қарсыласқа салқын қарағандай көрінуге тырысты. Мысалы, рефери Әбілханның қолын көтергенде, Тоқтарбек қарсыласын құттықтауға ұмтылған жоқ. Екеуі де көсіліп шаба алмады. Ол анық. Біз Әбілханды өзбек боксшысымен өткен кездесуде байқадық. Токио шыңын бағындыруға бірден-бір үміткер өзі.

 Бекзат белесті бағындырды

Шыңға шыға ала ма? Әлі де ширай түсу керек. Мұхиттың арғы бетінде дайындалды деп естідік. Есейгені ептеп байқалды да. Есейді дегенде, сол толысқан тәжірибе, шыңдалған шеберлік туралы айтып отырмыз. Тағдыры солай, Бек Нұрмағамбет әлем чемпионатының алдында жарақат алып, кезек Бекзатқа тиді. Екатеринбург рингінде Нұрдәулетов мүмкіндікті мүлт жібермей, чемпион атанды. Бас бапкер Ғалым Кенжебаев Иорданиядағы іріктеу турниріне Бекзатты лайық көрді. Ол сенімді ақтады. Алайда көзге ұрып тұрған кемшіліктері де бар. Енді соны түзеуге ұмтылса дейміз. Әлем чемпионы дегенде, Мирәзизбек Мырзахалилов еске түседі. Қазақстан өкілі Серік Теміржановпен кездесуде дүниежүзінің мықтысы өзін қалай ұстауы керегін байқатты. Серік те жарап тұр, Павлодарда да бокс бар екенін дәлелдеп берді. Ширек финалда Иран спортшысы Даниал Шахбахшты жеңіп, Токио олимпиадасының жолдамасын ұтып алды. Желпінген жеті жігіттің ішінде Закир Сафиуллин де бар. Ал жеңіл салмақтағы Сәкен Бибосынов қосымша жолдамалардың біріне қол созды.

 Амангелді СЕЙІТХАНОВ

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Ұқсас жаңалықтар