БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі - 20.03.2020902



«Жас Алаш» газетіне президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа наз айтқан бір топ ақсақалдың атынан хат келіпті. Аманатқа қиянат жасамай, хатты ықшамдап жариялауды жөн көрдік. Орфоэпиясы мен пунктуациясы сақталды.


      Қазақстан Республикасының президенті

       Қасым-Жомарт Тоқаев жолдасқа!


 Сіз президент болғаннан кейін, 2019 жылдың 13 сәуірінен бастап, жалпы, қарапайым кедейлік саласында жүрген көп халықтың арман-тілегін бір емес, бірнеше рет өз атыңызға жазып жіберіп едік. Сол жазған өтініштерімізден  бері бір жыл өтті, еш нәрсе шешілмеді.

 Қасым-Жомарт Кемелович! Мына жазып, ренжіп отырғанымыз тіпті айтуға тұрмайтын адам өмірімен бірге жүретін ұсақ мәселе ғой. Жазба түрде, бүкіл құзырлы орындардың басшыларына «жеке адамдарды әр жеті сайын қабылда» деп екі ауыз сөз жазсаңыз бітті. Орындалады. Басшылар жай халықты көрмегендіктен, олармен сөйлеспегендіктен, адамдар митингіге шыққысы келеді. Осыны түсіну қиын ба? Митингіні ұнатпайсыздар. Полиция ұрып-соғып, басын жарып, қолын сындырып алып кетеді. «Бейбіт митингіге рұқсат болу керек» деп, президенттік таққа отырған күні айтып едіңіз.

 Осы өткен 30 жыл бойы қу жанымызды тісімізге тістегендей қиындықпен өмір сүріп келе жатқанда, Сіздің президент болғаныңызға халық қуанып, жақсы тұру жағдайын ойлайтын адам келді деп, өркениетті жастарымыздың жұмыс орны болып, ешбір қайғысыз өмір сүретіндігіне дәмеленіп еді. Көпшілікке жетерліктей, бірден әртүрлі жұмыс орны бола қоймайтынын білеміз. Дегенмен бұрынғы бар болған завод-фабрикаларымыз бен өндіріс орындарын біртіндеп, аздап болса да іске қосса, жастарымызға жұмыс орны ашылады ғой. Оларды жеке адам алып қойса, мемлекеттің өзіне керек болды деп қайтарып алуға болатын заң бар. Басқаша болмайды. Жастарымыздан айырылып қаламыз, қазақ саны кеміген үстіне кемиді.

 Кейінгі 5-6 жылда елімізден жылына 50-60 мыңнан астам әртүрлі мамандықта оқу бітірген жастар шетелдерге жұмысқа кетіп жатыр. Бұл жағдай мемлекетімізге абырой әпере ме? Ал мұндағы қалған әке-шешесі уайым-қайғысыз тыныш өмір сүреді деп ойлайсыз ба? Шетелге кетіп қалған жастардың, осы өз елінде қалған үлкендері, әке-шешелері, бұл өмірден ерте ме, кеш пе, кеткенде оларға топырақ салатын адам болмайды. Мұндай кешірілмес ауыр жағдайды бір басшы ойлап отырған жоқ.

  Президент мырза! Осы жағдайды жақсылап жоспарлап, бюджеттен бөлінетін ақшадан өзінше бөлек бір графа аштырып, жастар үшін жұмыс орнын тез арада ұйымдастыру керек. Басқаша болмайды, жастардан айырылып қаламыз. Сосын кілең пенсионерлерді бағып отырамыз. Тіпті жаңадан жұмыс орны ашылғанша, жоғары оқу орындарынан маусым, шілде айына қарай оқу бітіретін жастардың мамандығы бойынша тізімін алып, түрлі мекемеге, фирмаға орналастыра тұруға болады ғой. Әбден болады. Оқу орнына не керек, студенттің ақшасын алып, әйтеуір «3» деген бағасын қойып, дипломын беріп, қайда барсаң сонда бар деп таратса болды. Студент түк сезбесе де, 3-ті қойып береді. Олай болмаған жағдайда студент кетеді, оқу орны ақшасыз қалады. Сондықтан бес жыл бойы үштік бағамен болса да, ешкімді үйіне қайтармай ұстайды. Ал, шындығына келгенде, жекеменшікке айналған оқу орындарын тез арада жабу керек. Олардың оқытып шығарған мамандарының білімі өте төмен екенін кейінгі 10 жылда өмір дәлелдейді.

  Біздің ойымызша, болашақты ойлап отырған, уайымдап жүрген бірде-бір үлкен бастық жоқ. Олардың жоспары, күндіз-түні ойлайтыны жеке бастарының қамы. Президент тағына отыру, депутат болу, шетелдерге аударған ақшасын көбейту. Жалпы, ел-жұрттың тұрмыс-жағдайын, болашағын ойластырып жүрген үлкен бастықтардың біреуі жоқ. Сенбесеңіз, Алматыдағы Республика сарайына жалпы халықты жинап, бір рет жиналыс өткізіңізші. Сонда бәрі айтылады. Ал жалпы халықпен кездесу не деген керемет, жетістіктер мен кемшіліктер айтылады. Болашағы зор, бағалы ұсыныстар айтылса, ол республикамызға үлкен көмек қой.

     Қасым-Жомарт Кемелович!

 Бұрын Сізге жазылғандықтан, көп уақытыңызды алмай, бұл жолы жалпы Қазақстан халқының қысқаша талап-тілегін жазайық. Бізге Қытайдың 55 заводы керек емес, керек болса, экономикамыз көтерілгенде өзіміз салып аламыз. Қазақстан жері сатылмасын, жалға  берілмесін. 1993 жылғы Конституция ешбір өзгеріссіз орнына келсін. Онсыз қазақ халқына жақсылық жоқ. Қазақстан астанасы «Алашорда» болуы – міндетті әрі заңды. Алашорда – қазақ халқының туы, гимні, беткеұстар абырой-атағы. Бүкіл дүниежүзі қазақтарының басын бір орталыққа қосқан – ұлы Алаш. Қазақ деген халық жер бетінде пайда болғанда «бүкіл Алаш болып бірігейік» деп жер жүзіне жариялаған.

 Ұлттық қоғамдық сенімнің барынан жоғы. Онда кілең бастықтардың төңірегіндегілер отыр. Мәселе шындықпен шешілмей жатыр. Жалтақтау басым. Түрмедегі саяси тұтқындар дереу босатылсын. Олар өкіметтен еш нәрсе ұрлаған жоқ. Жаңа президент келіп босатты деп, өмірлік есінде ұстайды. Бұл өтінішті Сіз президент болғалы айтып келеміз.

  Қазақстан халқы ассамблеясы таратылсын. Түкке керегі жоқ. Астанадағы әуежай «Алашорда» деп аталуы керек. Қазақстанға бірпалаталы ғана парламент керек. Сенаттың мүлде керегі жоқ. Артық штаттың айлығын, басқа шығынын есептеп көріңіз. Бюджетті ойсыратып-ақ тұр.


Құрметті Тоқаев мырза!

   Сіз еліміздің жағдайын білетін, адал, білімді, бірнеше мамандықтың иесісіз. Қасым-Жомарт Кемелович, президенттік төрт жыл мерзімде жылжымай отырады деп, Сізге халық сенеді. Сіздің ар-намысыңыз бар емес пе?! Халық Сізді қолдайды. Осы хатты біз бүкіл Қазақстан халқының қолдауымен жазып отырмыз.

Құрметпен

Р.Дәулетов,

З.Мақанов,

З.Каримов т.б.

(Хатқа барлығы 241 адам қол қойған. Оның ішінде 6 академик, 8 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты, 35 еңбек ардагері бар)



Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным