Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі - 20.03.2020584

21 наурыз – «Жас Алаш» жарық көрген күн. 1921 жылы 21 наурызда Алаш жұртымен алғаш рет жүздескен басылым әлі күнге жүрісінен жаңылған жоқ. Қазақтың небір текті ұлдары басқарған газет әрдайым айтарын айтып келді, бұл үрдіс әлі күнге бізге ғана тән. Билікке шырылдаған шындықты тіліп тұрып жеткізу, бүгінгідей қиын сәтте бұғып қалмау, креслоқұмарлардың сауатсыздығы мен жауапсыздығын әшкерелеу «Жас Алаштың» басты ұстанымы болып қала береді.

Иә, біз тышқан жылына қадам басқан тұста да тыныш отырмасымыз айқын. Өйткені зулаған уақыт өзінің қуанышымен қатар, қиындығын да ерте келіп, ел ішінде күрделі мәселелер қалыптасып жатыр. Түрлі заңсыздықтар мен бұрмалаушылық, жұрттың жүйкесіне тию, әкімқаралардың өктемдігі мен жауапсыздығы, парақорлық пен көпе-көрінеу қиянат жасау жұртты қажытты. Осы секілді кемшіліктерге қарсы тұру, тойтарыс беру, елдің еңсе көтеруіне жәрдемдесу «Жас Алаштың» басты міндеті болып қала бермек. Біз елге керек басылымбыз. Күнделікті редакцияға хабарласатын оқырмандардың ойынан түйгеніміз осы. Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы, «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» болып отырмыз.

Ұлт мүддесін қорғау, құндылықтарымыздың қадірін білуге шақыру, жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу де біздің төл міндетіміздің бірі. Мұның барлығын оқырман сезініп отыр. Олар біздің көмегімізге зәру. Сондықтан біз жанашырларымызға әрдайым жәрдемдесуге әзірміз. Тоқсан тоғыз жылды артта қалдыра отырып, жаңа белеске – 100 жылға қадам бастық. Бір ғасырлық мерейтойды бізбен бірге атап өтуге бел буған оқырмандарымыздың қатары көбейе береріне сенеміз. «Жас Алашты» өзіңіз ғана оқып қоймай, жаныңыздағы жолдастарыңызға да құлаққағыс жасауды ұмытпаңыз. Туған-туыстардың туған күніне газетті жаздырып беріңіз. Рухани жанашыры жанында жүргенін олар да сезінсін. Орта толсын, ойлы оқырман!

Бүгінде 16 515-ші нөмірі оқырманға жол тартқан «Жас Алаш» – қоғамдық формацияның қай кезеңінде де ұлттық мүддені көздеген әрі қазірге дейін сол үрдісінен жаңылмаған бірден-бір басылым. Газеттің ең алғашқы саны 1921 жылы 21 наурызда Ташкентте жарық көрді. Оның өзге елде баспа бетін көруі де кездейсоқтық емес. Өткен ғасырдың 20-жылдары Өзбекстанның бас қаласы Орта Азия мемлекеттері мен Қазақстанның рухани астанасы болғанын ескерсек, жастардың басын біріктіретін одақ атауының түркі әлеміне орайластырыл ы п , ТКЖО деп аталуы да бекер емес. Оның көшбасшысы Ғани Мұратбаевтың сол кезде қазақ жастарының үнпарағы іспеттес бір жастар басылымы қажеттігін айтып, үндеу тастап, үкімет басындағылардан қолдау табуы да өмір талабы болғаны сөзсіз. Алғашқы саны араб қарпінің төте жазу үлгісімен жарық көрген газеттің тұңғыш редакторы Ғ.Мұратбаев, жауапты хатшысы ақын Ілияс Жансүгіров болды. Бірінші күннен бастап ондағы жарияланған мақалалар қазақ жастарының намысын оятып, рухани сауаттандыруға бағытталды. Десек те, газеттің жолы үнемі даңғыл болған жоқ. Сол кездегі қаржы тапшылығына орай, оның атауы бірнеше рет өзгертіліп, 1924-25 жж. «Лениншіл жас», 1926-27 жж. «Жас қайрат» деп аталды. Тіпті тарихи деректер сол бір қиын-қыстау кезеңде газеттің жабылып қалмауына мүдделі болған А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, С.Сейфуллин сынды Алаш қайраткерлерінің «Еңбекші қазақтың» бір бетін «Лениншіл жас» деген атпен шығарғаны айғақтайды. 1927 жылдың 22 қыркүйегінен бастап қайтадан «Лениншіл жас» атанған бұл басылымға тек еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген кезде ғана бастапқы «Жас Алаш» атауы қайтарылды. Кеңес заманынан бері әр жастағы оқырман оны өткірлігі мен батылдығы, жаңашылдығы мен тапқырлығы үшін сүйсіне оқыса, тілшілікті өмірлеріне арқау еткен қазақтың әрбір қыз-жігіті бұл газетті журналистер ұстаханасы ретінде пір тұтты. Ұлтымыздың Ш.Мұртаза, С.Бердіқұлов, У.Қалижанов, А.Жақсыбай, Қ.Құрманғали, С.Әбдірайымов, К.Ахметбеков, К.Сегізбаев, М.Қожахметова, Ж.Бейсенбайұлы сынды қабырғалы қаламгерлері осы басылымда қызмет етіп, жазу өнерінің мәйегін бойына сіңірді. Қазақ әдебиетіндегі қос тұлға – А.Сейдімбеков пен Ф.Оңғарсынова алғашқы еңбек жолдарын осы газетте меншікті тілшіліктен бастады. Мұқағалидың алғашқы өлеңдері осы газетте жарық көрсе, Оралхан Бөкей «Лениншіл жаста» шыққан «Қамшыгер» әңгімесі арқылы танылып, Кенді Алтайдағы «Коммунизм туында» істеп жүрген шағында сол кездегі бас редактор Ш.Мұртазаның шақыруымен 1968 жылы ауысып келді. 1970 жылы Мұхтар Шахановтың «Танакөз» поэмасының осы газетте тұсауы кесілсе, КСРО халықтары әдебиетінің белді өкілдері Ш.Айтматов, Р.Гамзатов, М.Кәрім шығармалары да осы басылым арқылы өз оқырмандарымен қауышты. «Жас Алашты» тыңнан түрен салған басылым деуге әбден негіз бар. Кеңес заманында жазуға тыйым салынған қазақ батырлары, Алаш қайраткерлері мен төл әдебиетіміздің даму кезеңдері туралы көбесі сөгілмеген тақырыптағы тың дүниелерді оқырмандар тұңғыш рет осы газеттен оқып-білді. Мәселен, Ы.Кененбаевтың қазақтың батыр ұлы Р.Қошқарбаев туралы «Рейхстагқа ту тігуші» (ЛЖ №86 (7514) 02. 05. 1970 ж.), Ә.Нарымбетовтің ҰОС жылдарындағы қазақ әдебиетінің хал-ахуалы туралы «Қамал бұзған қаһарлы сөз» (ЛЖ №88, (7516) 06. 05. 1970 ж.) атты мақалалары мен Әнес Сараевтың «Маршал мақтаған қазақ» деген (ЛЖ № 58 (7486) әйгілі Жуковтың батасын алған қазақ

жауынгері жайлы жарияланған эссесі осының айғағы. Жастар басылымы үнемі санасы сергек жастармен толығып, бірнеше бас редактор ауысты. Әрқайсысының қайталанбас қолтаңбасы қалды. Десек те, Алаш аманатын арқалаған басылымның әр жылдары тұтқасын ұстаған редакторлар Ш.Мұртаза мен С.Бердіқұловтың орны бөлек. Журналистер арасында қазірге дейін айтылатын «Шерағаңның шекпенінен шыққандар», «Бердіқұловтың мектебінен өткендер» деген сөз бар. Бір қарағанда әзіл секілді көрінетін бұл сөздің астарында көл-көсір мән-мағына жатыр. «Жас Алаштың» осынау «алтын ғасырына» куә болған Қазақстанның құрметті журналисі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мағира ҚОЖАХМЕТОВА: «1969 жылы КазГУд і б і т і р г е н н е н кейін мен еңбек жолымды «Жас Алаш» газетінен бастадым. Мені жұмысқа алған – Шерхан аға. Ол кезде жұмысқа сынақ мерзімімен қ а б ы л д а й т ы н . Бір жылдан кейін Шерағаң басқа қызметке ауысып, оның орнына Сейдахмет аға бас редактор болып келді. Ол кездегі әріптестердің бәрі еңбекқор еді. Біздің ұжымның ауызбірлігі де керемет еді. Жылдар өте келе, Ө.Мұқай бір естелігінде ол туралы: «Мен ол кездерді әйгілі Пеленің ұйымшыл футбол командасына теңеймін», – деп есіне алыпты. Сейдағаңның ерекшелігі – тілшілерді іссапарға жиі жіберетін. Редакцияға келетін хаттарға байланысты «Журналист жолға шықты» айдарымен аймақтарға іссапарға шығып, ауыл еңбеккерлері мен жеке адамдардың көкейтесті мәселелеріне қатысты өткір мақалалар мен репортаждар жариялап тұратынбыз. Сол жылдары жазасын өтеуші азаматтардың туысқандары жазған хаттарға орай, Семей және Батыс Қазақстан облыстарының түрмелеріне барып, жазықсыз сотталғандардың өмірінен репортаж әзірлеп, араша түскен кезіміз де болды», – деп еске алады. Кеңес өкіметі ыдырап, одақтас республикалар дербес мемлекет болуға талпына бастаған 90-жылдары ел ішінде саясиэкономикалық өзгерістердің белең алып, жер-жерде түрлі партия белсенділерінің алаңға шығып, жанайқайларын ашық айтып шығатын мезгілі болғаны жасырын емес. Дәл осы кезде – У.Қалижанов редакторлық еткен тұста басылым елдің тұтастығы, ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілге қатысты күрмеулі мәселелерді көтеруде республикадағы газет-журналдар арасындағы озығы болды. Ауыл-аймақтың тоз-тозы шығып, ел ішіндегі дүбәра кезеңді халықпен бірге көтеріскен газет тілшілері осы кезеңде өзекті тақырыптарды тілге тиек етіп, халықтың болашақтан күдерін үзбеуіне себепкер болып, рухани демеу көрсетті. Әлбетте, бұл газеттің сол жылдары қоғамдағы жаңғыру мен жаңаруға жаңаша көзқараспен қарайтын жас кадрлармен толығуымен де тікелей байланысты. Бұл тұрғыда мәдениет және спорт министрлігі тіл комитеті төрағасының орынбасары Әділбек ҚАБА былай дейді: «Университетті бітіргеннен кейін «Арай» журналына орналасқанмын. С о л ж ы л д а р ы КазГУ қалашығында бір маньяктың бес қызды өлтіргені тур а л ы м а қ а л а жазған болатынмын. Осынд а й бірнеше өзекті материалдарым орталық комсомол комитетіндегілердің назарына ілінсе керек, өзім ойламаған жерден «Лениншіл жас» газетіне жұмысқа шақырды. Бірден келістім. Жұмысқа кіріскеннен кейін, бір аптадан соң Атырау облысындағы Қ ұ л с а р ы ғ а « Т е н г и з ш е в р о й л » компаниясындағы сол кезде туындаған мәселелер туралы мақала әзірлеуге іссапарға жіберді. Бір апта бойы зерттей келе, мен ең негізгі сегіз мәселені: жұмысшыларды жергілікті жерден алу керек; мұнай саласы мамандарын ҚазПТИ-дың Атыраудағы филиалында даярлау қажет; экологиялық қондырғы орнату керек; туберкулезге шалдыққан Атырау тұрғындарын медициналық тексеруден өткізу қажет; «Тенгизшевройл» жергілікті халыққа әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті әкімдікпен келісімшартқа отыруы тиіс деген негізгі талаптарды көтеріп, «Теңізге теңдік керек» деген мақала жаздым. Осы мақала шыққаннан кейін аталмыш жұмыс орнындағы олқылықтар партия комитеті отырысында қаралып, экологиялық қондырғы орнатпайынша, бір жыл компания жұмысы тоқтап тұрды. Одан кейінгі жылдары компания қойылған талаптардың бәрін орындады». Өткенсіз бүгін, бүгінсіз болашақ жоқ екенін айтар болсақ, бұл басылымның басты ерекшелігі – ұрпақтар сабақтастығының үзілмегендігінде. Жаңа ғасыр басында таралымы 34 мыңға жеткен басылымда «Ырғақ», «Студент», «Отбасы», «Мыңнан бір мезет» қосымшаларымен бірге, «Мақатаев – 22» оқырман хаттарына арналған бет ұдайы шығып, қоғам қайраткерлері мен сарапшылардың келелі сұхбаттарының «Ашық әңгіме», «Екеуара әңгіме» айдарлары тұрақты беріліп тұрды. Мұны жастар газетінің қайта жаңғырғанының белгісі десек, жаңалықтың жаршысы болған «Жас Алаштың» 2000 жылы «Алтын жұлдыз» жүлдесін иеленуін де заңдылық деп бағалауға болады. Аптасына екі рет оқырманмен қауышатын бұл басылымнан бүгінгі күні де ағымдағы ақпараттармен бірге, саясат және экономика, өндіріс пен экология, әдебиет пен өнер, білім беру, денсаулық, заң және құқық, кәсіпкерлік, басқару жүйесі тақырыптарына арналған мақалаларды оқуға қай жастағы оқырманның да мүмкіндігі бар. Лайым ғасыр куәгері атанып отырған «Жас Алаш» бұдан кейін де осы үрдісінен жаңылмасын деп тілейік! Арай САХАРИЕВА (1-беттен) Несие демекші, қазір елде қалыптасып отырған жағдайға сәйкес, қаржы нарығын реттеу және дамыту орталығы кәсіпкерлердің есиесін 90 күнге дейін кешіруге мүмкіндік жасалатынын хабарлады. Енді алдағы 90 күн аралығында несиесін төлемей тұра тұрса болады. Бұл аралықта банктер олардың несиесіне өсімпұл қоймайды. Несиесін төлемегені үшін несие тарихын жағымсыз санатқа да жібермейді (Айта кету керек, бұл тек кәсіпкерлерге қатысты дүние. Жекелеген адамдарға қатысты мұндай жеңілдік қарастырылған жоқ). Ал бұл қадамды мамандар «суға кеткен тал қармайдының кері», деп отыр. Экономист-сарапшы Марал Төртенованың пайымынша, бұл банкті де, бизнесті де алға жетелей қоятын қадам емес. Себебі үш ай бойы кәсіпкерлер несиесін төлемесе, банктердің көңіл-күйі бұзылады. «Тоқсан күн, яғни үш айға жуық уақыт кәсіпкерлер банктерден алған несиесін төлей алмаса, бұл қаржы институттарына аса жағымды емес. Себебі кәсіп иелері банктен аз сомада несие алмайды. Олар үлкен сомада 7-11 пайызбен несие алады. Білесіздер, қаржы нарығын дамыту және реттеу орталығы кәсіпкерлердің несиесіне 90 күндік каникул жариялады. Демек, бұл арада 90 күн бойы банктерге несиеден қаржы түспесе, банктерге үкіметтен демеу қаржы бөлуге тура келеді. Өз басым бұл сценарий тығырықтан суырып алады деп ойламаймын», – дейді Марал Төртенова. Нарықты дамыту үшін қарызға батпаған, аяғынан тік тұра алатын бизнес керек еді. Өкінішке қарай, елдегі бизнестің 90 пайызында несие бар. Ал солардың 60 пайызы қазір несиесін төлей алмайтын деңгейге жетсе, бұл банктерде жағымсыз несие портфелін ұлғайтып, дағдарысты одан әрі өршітіп жіберетіні даусыз. Сөйтіп, нақ қазір банк пен бизнес арасы қинап тұр. Билік «бизнесті несиеден босатайын» десе, банк қиналады. Ал «бизнеске өз күніңді өзің көр» деп тағы айта алмайды. Нақ қазіргі жағдайда үкімет үшін бизнеспен тіл табысу керек. Болашақта билік бизнестің бабын білмесе, ішкі нарықтағы баға саясаты шиеленісе беруі әбден мүмкін. Мәселен, 13 наурыздан бастап мұнайдың бағасы құлдырап, доллар қымбаттады, ол аздай, тәжтажал да тығырыққа тіреп тұр. Осы тұста импорттан бөлек, отандық өнім де тұсауға көнбей кетті. Өмірі қымбаттамайтын Қызылорданың күріші мен Аралдың тұзы да қымбаттап сала берді. Бұған байланысты билік қанша жерден өнім бағасын шарықтатпау керегін айтып тоқпақтаса да, тыңдай қойған жан болмады. Өтімді тауар әлі де қымбаттап жатыр. Бұған қатысты сарапшы Марал Төртенова: «Қазақстан өзін-өзі толық қамти алмайтын елдердің қатарында тұр. Біз өзімізді-өзіміз азық-түлік, киім-кешек және басқа қажеттіліктермен толық қамтамасыз ете алмаймыз. Импортқа тәуелді елміз. Отандық өндірістің күші халықты толыққанды өз өнімімізбен қамтуға жетпейді. Осыдан барып үнемі қанша жерден өніміңді қымбаттатпа десе де, кәсіпкерлер ұтымды сәтті пайдаланып өнім бағасын жоғары қоя алады. Себебі олардың да шығыны, салығы, қосымша құн салығы, транзиттік шығындары, тағы басқа төлемдері бар. Демек, бұл арада үкіметке бизнесті қолдауға қатысты жаңа реформа керек», – деді. Жаңа реформа демекші, осындайда біздің кезінде нарықтық қағиданы елімізге ендірер тұста француз ғалымы Фридмен Милтонның теориясын қалап алғанымыз еріксіз ойға оралады. Жалпы, Милтонның қағидасы «елде қымбатшылық орнамау үшін ақша массасын қысып, өндірістік салаға емес, қаржы саласына, яғни банктерді қолдауға пейіл аудару керек» дегенге саяды. Заманында бұл қағиданы тек Қазақстан емес, біраз мемлекет таңдап алған-ды. Бірақ экономикалық жағдайына сәйкес келмегендіктен, қазір дамыған елдер Милтонның өндірістік саланы қолдамайтын монетарлық теориясынан әлдеқашан бас тартқан. Ал біз болсақ осы ескірген теорияны әлі де ұстанып келеміз. Елде өндіріс орындарын дамыту, отандық өнімді қолдау жағы әлі кемшін. Импортқа тәуелділіктен құтылуға талпыныс аз. Біздің билік банк секторы мен құрылыс саласын айрықша қолдауды әлі жалғастырып келеді. Ал бұл екі сала бүкіл мемлекеттің жоқ-жітігін түгендей алмайды. Сондықтан қит етсе бітті, қазынадан қаржы бөліп, банктерді қолдай жөнелетін қағиданы өзгертіп, отандық өнеркәсіп саласын дамытуды ойластыратын кезең әлдеқашан жеткенін пайымдайсың.

Арай САХАРИЕВА


Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным