Наурыз көженің бабын қашан келістіреміз?

Сайлаубаева Қарлығаш - 21.03.2020516

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі жақындаған сайын әр отбасы наурыз­көже жасауды міндетім деп санайды. Тіпті көже жасау­ды білмейтін жас келін­дер үлкен кісілерден наурызкөжені қалай дайындаудың әдіс-тәсілін сұрас­тырып, тәжірибе алмасып жататын жайттар да кездеседі...

Тереңіне үңілсек, наурызкөженің қасие­ті мен құрылысы тым ерекше. Әйтсе де бойына айрықша қасиет жиған бұл асты дайындау оңай шаруа емес. Дәмі тіл үйіру үшін оған міндетті түрде сүр ет қосу керек. Сондай-ақ көжеге қосылатын басқа да дәмдерді нақпа-нақ дәл қоса білу де үлкен шеберлікті қажет етеді. Жасыратыны жоқ, қазірде Наурыз мейрамдарында да­йындалып жүрген наурызкөженің белгілі бір технологиясы, құрамы, дәмі, стандарты көңілімізден шықпай да жатады. Көжені кім қалай естісе немесе бір жерден оқыса, біреуден үйренсе, солай жасап жүр. Ал енді жылдар өте келе, осы ұлттық дәміміз­дің сапасы одан әрі төмендеп кетпесіне кім кепіл?!
Не істеу керек?
Жалпы, қазірде, елде жаппай агро­өнім­дерімізді қолдау үрдісі жүріп жатыр. Бұл ретте агроөнім өндіретіндерге қар­жылай көмек беру, банктердің бетін ауыл­ға бұру, ауылшаруашылық өнімдерін шы­ғарушыларға субсидия, дотация бөлу тәрізді шаралар легі атқарылып-ақ келеді. Ендігі кезекте осы ұлттың шөлін басатын, халықтың денсаулығына оң әсерін тигізетін сусындарымызға да белгілі бір қолдау керек тәрізді. Бұл ретте мамандар «қымыз, шұбат өндіретіндер өз алдына, жаңағы наурызкөжені жасау үшін де бел­гілі бір жүйе қажет» деседі. Мәселен, бұған қатыс­ты Қазақ ауылшаруашылық өнім­дерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу ин­ститутының ғалымдары «Бүгінде қымыз, шұбат, нау­рыз­көже, айран, қымыран тәрізді сусын­дарымыздың құнарлылығы, адам ағзасы­на тигізетін пайдасы әбден зерттеліп, нақ­тыланып болды. Ендігі кезекте біз осы су­сын­дарымыздың кеңінен таралуына мүм­кіндік жасауымыз қажет» дейді. Мамандар бір ғана наурызкөженің кеңінен таралуы үшін мынадай жайттарға басымдық беруіміз керектігін алға тартады:
а) наурызкөженің ішіне жеті түрлі ас қосылатындықтан, көжені жартылай да­йын өнім ретінде шығару керек. Ол үшін нау­рызкөжеге қосылатын дәмдердің басын біріктіріп, арнайы қапшықтарға салып, сыртына өнімнің құнарлылығы мен қасиеті жөнінде кеңінен мағлұмат берілуі қажет;
ә) наурызкөжені қымыз бен шұбат тәрізді арнайы құтыларға құйып, дүкен­дер­де сатылатын етіп жасаған абзал;
б) көжені жасаудың технологиясын дамытып, оны арнайы заңмен бекітіп, көжеге қосылатын қоспаларды арнайы заңмен бекіткен абзал;
в) наурызкөженің ағзаға пайдасы дәйім насихатталып отыруы тиіс.
Міне, мамандар болашақта Наурыз көженің жасалу технологиясында кемшіндік кетпеуі үшін, сондай-ақ халыққа кеңі­нен таралуы мақсатында осындай ұсыныс­тарға назар аударылғаны жөн деседі.
Көжені баптау да бар, сақтау да бар
Негізінен, мамандар наурызкөжені баптап қана қоймай, оны сақтаудың да бір­неше тетіктерін ойластыру қажеттігін алға тарта­ды. Бұл ретте биология ғылы­мының канди­даты Жандос Айтбаев: «Нау­рыз мерекесі бас­талысымын, нау­рыз­көжені жасау, оны дайындау науқаны басталады. Осындай сәтте көжені сақтау барысында санитарлық талаптар сақтала бермейді. Әсіресе қала­ның кез келген бұрышында көжені сатылымға шығара­тындарға қатаң ескерту болса жөн болар еді», – дейді.
Жалпы, ғалымдардың пайымдауынша, наурызкөжені жартылай өнім ретінде да­йындап қана қоймай, көжені қатырып, одан арнайы таблеткалар шығарып сақ­тауға да болады. Бұған қатысты сарап­шы Тоғжан Шаяхметова: 
– Қазірде ауылшаруашылық өнім­дерін қайта өңдеу саласында жүрген мамандарымыз қымыз, шұбат тәрізді сусындарымызды құрғатып, қатырып, оны таблеткаға айналдыруға болатынын дәлелдеп жүр. Байып­тағанға, жаңа тех­но­логияның қуатымен жүзеге асатын бұл әдіс біз үшін өте тиімді. Бүгінде көп адам­дардың қымыз сатып алуға, наурызкөже жасауға, шұбат тұтынуға мүмкіндігі бола бермейді. Демек, осы өнімдерден арнайы таблет­калар жасап, оны дәрумендер іспетті етіп шығарсақ, құба-құп болар еді. Сондықтан болашақта осы өнімді шығарғысы келетін кәсіпорындардың құлағына алтын сырға делік, болашақта өнім құндылығын сақтау үшін өнімге қосылатын қоспалардан арнайы таблеткалар жасаса жөн болар еді, – деді.
Сөйтіп, мамандарымыздың дені нау­рызкөжеге қатысты жаңашылдыққа ұм­тылу қажеттігін, қуатты технологияны пайдалана отырып, бұл өнімнің өзіндік брендін қалыптастыру қажеттігін алға тартты.

Мақала авторы:

Сайлаубаева Қарлығаш

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Ұқсас жаңалықтар