Қарағандыда 31 тұрғын үй карантинде отыр

Сайт Әкімшілігі - 22.03.20201262

Қарағанды шенеуніктері короновируспен екі адам сырқаттанған соң , дереу арада етек жеңін жинай бастағандай болды. Білім саласындағы шенеуніктер келесі аптадан бастап, Қарағанды облысындағы балабақшалардың  төтенше жағдай режимі кезінде жұмысын тоқтататынын мәлімдеді. 
" Қазіргі уақытта балабақшаларға баласын әкелетіндердің саны 20 пайызды ғана құрап отыр. Егер біз мектепке дейінгі мекемелер жұмысын тоқтата тұрсақ , аурудың таралу қаупін азайтамыз " ,- деп мәлімдеді Қарағанды облысының білім басқармасының бастығы Есенғазы Иманғалиев. 
Төтенше жағдай режимі кезінде мектепке дейінгі мекемедегі балалардың орыны сақталады.
Сонымен қатар Қарағанды билігі жұмыс берушілерді осындай қиын кезеңде жауапты болуға шақырды.  Жұмыс орындары үшін  қашықтықта жұмыс жасау мүмкін  болмай , өнім өндіру азайып кетсе,  жұмыскерлерді аз көлемдегі жалақымен қамтамасыз ету қажет деген тапсырма жүктелуде . Аз жалақының көлемі 42500 теңгені құрайды. Алайда жеке меншік салада кәсібін дөңгелеткендердің барлығы бірдей мұндай талапты орындауға ыңғай таныта бермейді. Соңғы кезде сауда орындары жабылып, жұмыссыз қалып жатқан сатушылардың бар екені сөзсіз. Бүгінгі таңда  Қарағанды өңірінде бетпердемен микробқа қарсы спрейдің дәріханаларда жетіспеуіде  жұрттың алаңдаушылығын туғызып отыр. Ал денсаулық сақтау саласының басшылығы болса, бетперделердің дәріханаларға түсіп тұратынын айтудан жалығар емес. Әлеуметтік дәріханаларға бетперде түсе қалса, бір адамға бесеуден артық сатылмайды. 
Дәрігерлердің айтуынша короновирус жұқтырып, Қарағандыда жатқан екі науқастың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Жалпы облыс бойынша карантинге алынған 124 адам медициналық қызметкерлердің бақылауында.  Ал 31 тұрғын үй карантинінде отыр. 

Арайлым Еркебаева

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным