Қазақтың басы төтенше жағдайда да бірікпей ме?

Сайт Әкімшілігі - 22.03.20201273

Елде төтенше жағдай жарияланып, оның соңы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының карантинге жабылуға ұласқанына да бірнеше күн болды.
Әлемді жайпап келе жатқан аты жаман вирустың біздің елімізге "наконецто" келгеніне де бүгін бүгін алтыншы күн. Алайда, біздің халықта әлі бейғамдық бар. Басты қалаларымызды карантинге жаптырып тастаған коронавирустың елімізге келгеніне сенбейтіндер әлі бар. Кімге қашан қалай келуді сұрамайтын бұл вируспен қазір әлем халқы күресіп жатыр.
АҚШ-та 2 мың адам жұқтырып, 150 адам қайтыс болды.
Италия вирустың таралуынан Қытайдан артқа тастап бірінші орынға шықты. Әлеуметтік желілерде Италиядан келді деп тарап жүрген жазбаларға қарасақ, жағдайлары өте мүшкіл. Германияда жергілікті халықтың 70 %-ы жұқтыруы ықтимал деп дабыл қағуда.
Италияда бір күнде коронавирустан 475 азамат қайтыс болды.
Келесі күні 600-дің үстінде адам қайтыс болды деген ақпаратта шығып жатыр. Әлем бойынша қайтыс болғандардың жалпы саны 4000-ның үстіне шыққан.
Бізде Алматы мен Астанадан асып Қарағандыға жетті. Күні кеше Алматы облысында тағы бір адам тіркелді. Қазіргі таңда коронавирус жұқтырғандар саны 56-ға жетті. Бұл небәрі бір жұманың ішіндегі көрсеткіш.

Ал, біздің елде «вирус бізге келген жоқ. Бұл-саясат. Президентті ауыстыру үшін әдейі осындай жағдай ұйымдастырып отыр» -деп болжам жасаушылар әлі тыйылмай отыр. Бұлар тек өздері сенбегенімен қоймай, басқа адамдардың да сенуіне және сақтануына кедергі келтіріп тұр. Осындай дәлелсіз ақпараттарға сеніп сақтық шараларына бой ұсынбай жүргендер көп.
Әлгі "саяси сарапшылардың" айтқаны шындыққа жанасқанның өзінде, елімізге келгені рас қой бұл вирустың. Тек біздің елімізде болып жатқан жағдай емес, бүкіл әлемге таралып жатқан дерт. Әлем бойынша карантин жарияланып жатқанын бәріміз көріп, біліп отырмыз.
Бұл жағдайдың астарында қандай да бір саяси ойын жатыр дегенмен, дәл қазіргі төтенше жағдайда ең маңыздысы халықтың денсаулығы мен амандығы. Билік төңірегіндені бейресми ақпараттарға бола қарапайым халықтың зиян шекпегені дұрыс.
Әлбетте, аты жаман вирустың елімізге келмегенін, халықтың бұл дертпен ауырмағанын бәрімізде тілейміз. Бірақ көзсіз көбелектей дәйексіз айтылған сөздерге сене бермей, әрбір жағдайға реалистік тұрғыдан қарап үйренген дұрыс.

Қазір Алматы қаласы кәдімгідей босап қалды. Сауда орталықтары мен жұмыс орындары жабық. Жұмыс тоқтап тұр. Алматыдан сыртқа ағылып жатқан адам мен көліктің көптігінен қала сыртында кептеліс тіреліп тұр.
Мұның бәрі жайдан-жай емес.
Сондықтан, әрбір істің астарынан саяси мән іздей бермей, бір сәт өзіміздің және жақындарымыздың амандығын ойлайық.
"Ауру айтып келмейді,"-деп бабаларымыз баяғыда-ақ ескертіп кеткен ғой. Билікке сенбесекте, ең болмаса, сол ескертуге құлақ асайық!

  Гүлім ОМАР

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Сайт Әкімшілігі

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным