Ұлттық банк қиын жағдайдың түйінін шеше ала ма?

Сайт Әкімшілігі - 22.03.2020731

Өткен аптадан басталған теңгенің құнсыздануы жалғасуда. Бүгін 1 доллар-458 теңгеге тұрақтады. Наурыз айының басынан бері төл валютамыздың 17 пайызға құлдырағанын көрдік. Сарапшылардың айтуынша көк қағаз өсуін қазір тоқтатпақ емес.

   Коронавирустың әлемдік экономикаға әсері туралы бірнеше рет айтылды. Жасалған болжамдар іс жүзінде көрініс табуы басталған секілді. Карантинге жабылған көптеген елдер мұнай тұтынуды азайтқан. Бұл өз кезегінде ОПЕК пен Ресейдің арасында 2016 жылы жасасқан келісімін қайта қарауға итермеледі. Бұл келісімге сай мұнайдың барелі 65 доллардан сатылған-ды. Бірақ 6 наурызда Вена қаласындағы мұнай экспорттаушы елдердің штаб пәтерінде кездескен Ресей мен ОПЕК ортақ келісімге келе алмады. Ресей өзіне жасалған бар ұсыныстан бас тартқан және өздері қалаған көлемде мұнай өндіретінін мәлімдеген. Осыдан соң әлемдік мұнайдың бағасы балерріне 40 долларға, біраз уақыт өткен соң 30 долларға төмендеді. Қазір бұл көрсеткіш 25$. Ресей мұнай бағасының түсуінен ең көп зардап шегіп жатқан ел, 1$ -80.87 Ресей рубльіне тұрақтады. Не бүлдіріп қойғанын түсінген көршіміз мұнай өндіруші елдермен қайта кездескісі келген, алай да ОПЕК бұдан мән көрмейтінін айтып, Ресейге қатысты қатаң шаралар жасайтынын хабарлады.  Бұдан соң әлемнің көптеген алпауыт елдерінде оның ішінде, Ұлыбритания, Жапон валюталары долларға қатысты едәуір құлдырағанын көруге болады.

    Осы жағдайлардан соң Ұлттық банк «Өткен тәулікте жаһандық қаржы нарығындағы валютаның құбылуы айтарлықтай артты. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 25 долларға төмендеп, бір тәуліктің ішінде 14%-ға, жыл басынан бері 60%-дан астамға құлдырады. Әлемдік қор және валюта нарықтары құлдырауын жалғастыру үстінде. Ресей рублі бір күннің ішінде 7,3%-ға, ал жылдың басынан бері 30%-ға әлсіреді» деп мәлімдеме жасады. Сонымен қатар енді биржадағы сауда саттық  франкфурт аукционы үлгісінде жүргізілетінін айтты. Бұл техникалық жағынан теңгенің айтарлықтай ауытқымауына, бағам динамикасын қалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді. Алайда бұл жаңалықтан кейін ақша айырбастау пункттері бірден АҚШ валютасын саудалауды доғарды. Мұның себебін мамандар  доллардың ресми бағамы мен халық сатып алатын бағамның әр түрлі болуында деп түсіндірді. Доллардың өсуі халық арасында алаңдаушылық тудырып жатыр. Қоғам доллармен бірге азық-түлік бағасы да өседі деп қауіптенеді. Алайда Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов шеттен келетін импорттық тауарлардан басқасы қымбаттамайтынын, ең негізгі тұтынатын заттар өз бағасын сақтап қалатынын айтты. Себебі ауыл-шаруашылығы министрлігінің сөзіне сенсек өзімізде толық өндірілетін тауардың қымбаттауына еш негіз жоқ екен. Оның үстіне доллардың қымбаттауы жалғаса берсе теңгені қолдау үшін Ұлттық банктің Алтын валюта қорынан қосымша ақша аударып интервенция жасауға болады екен. Мұнай бағасы түсе берсе болашаққа деп сақтаған 30-35млрд $-ға қол салуға тура келеді. Алайда мұнымен мамандар келісе бермейді.  Ал экономист Бауыржан Ысқақов «Тек қана мұнай емес, сонымен бірге экономикамызға көп пайда алып келіп жатқан әр түрлі металлдардың да бағасы төмендегенін көруге болады» дейді.  

   Экономист Исаев Илияс теңгенің құлдырауына мұнайдың әсері аз дейді. Қазіргі кездесіп жатқан проблемалардың негізінде 30 жылда нарықтық қатынас жасаймыз деп жүріп жіберген қателеріміз жатқанын айтады. «Доллардың бағасы 500 теңгеден, 600-ге дейін жетуі мүмкін. Мұның бәрі қолдан жасалған дүниелер. Нарықтық қатынастар орнатамыз деп жүріп, валюталық леголизация жасап жіберді. Ең негізгі қателеріміз: біріншіден, басшыларымыз ақшаға қызықты ма, әйтеуір банктерді жекеменшікке беріп жіберді. Мұны ырықтандырып, біраз уақыт ұстап тұру керек еді. Мысалы, Өзбекстанда 80-85 пайыз банктер әлі мемлекетке бағынады. Екіншіден, екінің бірі ақша айырбастау пунктін ашып алды. Тізгінді жібермей біраз ұстап тұру керек еді» дейді экономист.

«Біздің Ұлттық банк туралы заңымызда қайшылық бар. Ол жерде төлемді тек теңгемен жасайтынымыз айтылған. Бірақ бізде долларизация бағамы 42 пайызды көрсетіп тұр. Ол болашақта 50-60 пайызға көтерілуі мүмкін. Осылай қос валюта жүйесі қалыптасып отыр.  Қазіргідей мәселеге кезіккенде халық Ұлттық банктен шара күтеді. Бірақ ол валюталық интервенциядан басқа ештеңе істей алмайды. Мәселе – іргелі факторда!» дейді маман.

Ілияс Исаев долларды нарықтан ығыстыратын уақыт жеткенін айтады: «Осы сәтті пайдаланып, импорт алмастырумен айналысу қажет. Солай долларды нарықтан ығыстырамыз. Ол үшін Отандық өнеркәсіпке көп мөлшерде қаржы құйып, бір серпіліс жасау керек» дейді. Бұл мәселені зерттеп жүргеніме көп болды деген экономист проблеманың мұнайдың бағасына байланып қалмағанын, тамыры тереңде жатқанын баса айтты.  Басқа экономист мамандар бұл сөзбен келісе алмайды. Мысалы, экономист Атамұрат Шәменов доллар құнының өсуі белгілі бір деңгейге дейін жалғасатынын, бірақ экономикадағы өзгерістерге байланысты тұрақталатынын айтады. «Бұған әсер ететін ең негізгі екі фактор: мұнай бағасы және Ресеймен экономикалық байланысымыз» дейді А. Шәменов.

Оның үстіне Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде, Ресейге шығаратынымыздан гөрі, кіргізетініміз көп екен. Маман кезігіп отырған мәселені шешу үшін ОПЕК-пен келісімге келуіміз керек екенін айтады.

Думан ТЕРЛІКБАЙ  

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Сайт Әкімшілігі

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Ұқсас жаңалықтар