Дәретхана, әкім және жалдамалы пәтер

Дерек көзі: www.azattyq.org - 25.01.2019353

Бес миллионға салынып қатып қалған қоғамдық дәретхана, жүздеген бүлінген аялдама (оларды жөндеуге бюджеттен 50 млн теңге бөлінді), қараусыз қалған 6,5 млн теңгеге салынған "Тәуелсіздік" көшесіндегі аллея. Павлодар қаласы дегенде міне осы жайттар еске түседі. Бұл шаһардың басшысы «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген Қазақстандағы ең жас әкім Әнуар КҮМПЕКЕЕВ. Мәскеуде де білімін жетілдірген бұл шенеунік былтыр 2018 жылы қала басшысы болып тағайындалған. Алайда жас әкімнің аты өзіне қызметтік баспананы 50 млн теңгеге сатып алып шықты. Амал нешік, журналисттер болмағанда хан сарайында тұра берер ме еді... [caption id="attachment_23600" align="alignnone" width="640"] Тәуелсіздік көшесіндегі аллея (мұрағат фото)[/caption] Бүгін Павлодар әкімі жергілікті журналистердің алдына шықты. Жуырда ғана даулы баспананың жеті пәтерге ауыстырылып мұқтаж жандарға өз қолымен кілтін бергенін масаттана айтып, өзінің қазір пәтер жалдап тұрып жатқанын айтты. Осылайша, әп сәтте дәулет пен байлықты сүйетін әкімнен ең қарапайым шенеунікке айналып шыға келді. Айтпақшы, сол үшін облыс басшысы Болат БАҚАУОВТАН ескерту алған шенді өзін журналистер алдында сенімді ұстады. Әріптестеріміздің сауалдары да аз болмады. Мәселен, қаладағы қоғамдық көліктердің жағдайы. Тілшілердің айтуынша, әсіресе шаhарға қарасты елдімекендерге қатынайтын автобустардың жағдайы көңіл көншітпейді. Автобус аз, бұған қоса арнайы кестеден кешігіп келеді. Кесірінен, аялдамаларда сағаттап тұрып, жаураған тұрғындар «бұл мәселе қашан шешіледі» деп жергілікті БАҚ өкілдеріне жиі хабарласады екен. - Автобустар бар. Кестеге сай жүрулері тиіс. Жалпы, биыл облыс орталығына қостанайлық 30 автобус әкелу жоспарлануда. Жазда қала көшелерінде су жаңа автобустар қатынауы мүмкін. Бұған бюджеттен 700 миллион теңге бөлінген, - деді әкім. Биыл Павлодарда қоғамдық көлікте жолаушыларды электрондық билеттендіру жүйесі енгізілмек екен. Ол үшін қазір алматылық және мәскеулік қос инвестормен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, облыс орталығындағы трамвайлар жаңартылмақшы. 13 жаңа вагон үшін қалалық бюджеттен қаражат бөлініп қойыпты. Осы ретте жұрт жиі шағымданатын аялдамалар жайлы да сөз болды. Тұрғындардың жайлылығы үшін қаладағы барлық аялдамалар жөнделеді. Жалпы, Павлодар көшелерінде 450 аялдама бар. Олардың барлығын жөндеп, жаңалау үшін бюджеттен 50 миллион теңге бөлінген, - дейді КҮМПЕКЕЕВ. Журналистер «Тәуелсіздік» даңғылында демеушілердің 6,5 миллион теңгесіне салынып, кейін сұрқы қашқан аллеяға да тоқталды. Бүгінде серуендеу аллеясы әкімдік балансында. Әдемі аллея қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналып үлгергенімен, кейін қараусыз қалып, арканың гүлдері селдіреп, диодты шамдары істен шығып қалған. Шаһар әкімінің сөзіне сенсек, бүгінде арканы қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар қолға алынған. Десе де, әкімдіктегілер оның көркін келтіруге дәмелі тұрғындар табылып жатса, көмектен бас тартпаймыз деп отыр. Бұдан бөлек, Әнуар Күмпекеевке тура қалалық әкімдіктің алдында орнатылған қоғамдық дәретханаға қатысты да сұрақтар қойылды. Өйткені, бюджеттің 5 миллион теңгесіне салынған әжетхана қараусыз қалып, әбден бүлінген. Бұзақылар ондағы жылытқыш құрылғысын қолды қылып, дәретхананың ішін ластап кеткен. Әкім әжетхана алдағы күндері жөнге келіп, қайта қолданысқа беріледі деп сендіріп отыр. Бүгінде дәретханаға күзітші тауып қойдық. Енді қайта жөнделіп, іске қосылады. Қоғамдық дәретхана бұрынғыдай ақылы емес, тегін болады.  Коллаж және фотолар автордікі.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?