Шымкенттіктер "короновирустан адыраспан құтқарады" деп жүр

Сайт Әкімшілігі - 23.03.20201327

Коронавирус қауіп төндіргелі Шымкенттің сауда орталықтарында адыраспанның бағасы аспандап кетті. Бұған дейін бір бумасы 150 теңге тұрған дәрілік шөптің қазіргі нарқы 450-500 теңгеге дейін барып жатыр. 
Халық ұғымында адыраспанның түтінімен аласталған үйге жұқпалы аурулар жоламайды. Өйткені оның құрамында зиянкестерді өлтіретін зат бар көрінеді. Адыраспан аурудан ғана емес, шаңырақты бәле-жаладан сақтайды. Сол себепті бұрынырақта оны керегенің басына іліп қоятын болған. 
«Коронавирус індеті келе жатыр» деген сөз шығысымен шымкенттіктер адыраспан іздей бастады.
 -Қалада адыраспанның бір бумасы 500 теңге дейін барды. Бірақ менде 350 теңгеден. Өйткені бағасын сұраған жұрт «пейілдеріңе не болып кеткен» деп, кейіп жатады. Сондықтан пейілімізді тарылтпайық деп басқалардан  арзандау сатып отырмын,-деді бізбен сөйлескен саудагерлердің бірі. 
Жалпы адыраспан ғана емес Шымкентте төтенше жағдай жарияланысымен, көптеген тауарлардың бағасы қымбаттап кетті. Саудагерлердің тілімен айтқанда «қымбаттамаған ештеңе қалған жоқ».  
-Ең алдымен ұн қымбаттады. Қабы 8-10 мың теңгеге дейін барды. Құмшекерге де баға өсті. Бұрын 25 келілік қабы 4800 теңге тұрса, қазір 6 мың теңгеден саудалануда. Өсімдік майы да  қымбаттап кетті. 1350 теңге тұрған құтысын қазір 1700-ден алдық. Бұрын көтерме саудада «Хагистің» (памперс) 40 даналық қаптамасын 5600 теңгеден алушы едік, енді 6250 теңгеден берді. Арақ-шарап та қымбаттады деп естідік. Біреулер бағаның қымбаттағанын айтып, әкімдікке дейін барған көрінеді. Бірақ бізде ешқандай кінә жоқ. Бәрін қымбаттатқан тауарды алып келетін фирмалар. Егер сенбесеңіздер, біздің қолымызда осы тауарлардың қанша бағадан алынғаны туралы құжаттар да бар,-деді Шымкенттен алыстағы аудандарға тауар тасып жүрген саудагерлердің бірі. 
Ал Шымкенттегі дүкен иелерінің айтуынша, кейінгі күндері көп тауарларға баға өскен. Бұрын 120 теңге тұрған картоп 150-160 теңгеге шыққан. Сабын, кір жуатын ұнтақ сияқты тұрмыстық заттарға да баға қосылған. Бірақ соған қарамастан жұрт алып жатыр. 
Соңғы тәуліктерде Шымкенте нанның бағасы да қымбаттады. Бұған дейін әлеуметтік дүкенде бір бөлке нан 75 теңге болса, енді 85 теңгеден сатылуға көшкен. Ал кейбір дүкендерде нан 100 теңгеден саудалануда. Кафе, мейрамханалардағы тамақтың бағасы да өсті. Мәселен бұған дейін 200-250 теңгеден сатылған кәуап 320 теңгеге шықты. Шымкентті қымбатшылық қысып тұр. 
Саудагерлер бағаның қымбаттауын доллар бағамының көтерілгенімен байланыстырып отыр.  Алайда бағасы өскен тауарлардың ішінде отандық өнімдер де бар. Қымбатшылыққа төтенше жағдай кезіндегі дүрлігу, жұрттың жаппай азық-түлік өнімдерін сатып алуы да әсер етен сияқты. 
Ал Үкімет пен жергілікті әкімдер қанша айтса да бәрібір бағаны ұстап тұра алмады. 
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,
Шымкент.

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным