Орал соты блогер Айболат Бөкеновтің үстінен қозғалған істі тоқтатты

Дерек көзі: www.azattyq.org - 24.03.2020192

Орал қаласы азаматтық соты блогер Айболат Бөкеновтің үстінен қозғалған іс тоқтағанын хабарлады. Блогерді БҚО полиция департаменті "ар-намыс, қадiр-қасиет пен iскерлiк беделге нұқсан келтірді" деп айыптап, сотқа берген.

Соттың баспасөз хатшысы Нұргүл Қанабаеваның Азаттыққа хабарлауынша, блогер өзінің видеосында айтқан деректерді “жоққа шығарған” соң іс тоқтаған.

- Құжатта айтылғандай айыпталушы Бөкенов шағымға себеп болған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. Осыдан соң сот 19 наурызда істі тоқтату туралы шешім шығады, - деді ол.

Полиция департаменті “Бөкенов Еуразия телеарнасына ақпаратын жоққа шығаратынын айтқан соң сот істі тоқтатқанын” растады. Бұл туралы Азаттыққа полиция департаментінің баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков хабарлады.

Бөкенов іс тоқтағаны жайлы сот шешімін көрмегенін айтты. “Құжатты поштамен саламыз деп уәде еткен” дейді ол. Бұл іс бойынша сот отырысы елдегі коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдайдан кейін тоқтап қалған.

- Cудья соңғы сот отырысында полиция департаменті өкіліне “жоққа шығарған сөзін телеарна қызметкерлері алып келсін” деп айтты. Мен интервью беру үшін астанаға өз ақшама бара алмаймын ғой, - деді Бөкенов.

Блогердің сөзінше, оған телеарна операторы келіп, сөзін камераға жазып алған. Ол камераға полицейлер 92 рет жол ережесін бұзғанын, бірақ қазір “видеолар өшіп қалғандықтан” қолында дәлелі жоғын айтқан.

Блогер қазақстандық телеарналардың біріне берген сұхбатында “екі жылда БҚО полицейлері 92 рет жол ережесін бұзғанын видеоға түсіріп алдым” деген. Бұл дерекпен келіспеген полиция департаменті блогерді сотқа берген еді.

Оқи отырыңыз: "Бұл - өш алу". Полиция соттасқан блогер тағы да тергеуге алынды

Блогер бұл шағымды өзінің белсенділігімен байланыстырады. Бөкенов әлеуметтік желіге бірнеше пост жазып, полиция департаментінің басшысы Махсудхан Аблазимовтің қызметтен кетуін талап еткен.

Қазір Бөкеновтің үстінен жергілікті газет тілшісі Дана Дүйсекенованың шағымы бойынша тағы бір іс жүріп жатыр. Дүйсекенованың алғашқы шағымы бойынша Бөкенов бес күн қамалып шыққан. Келесі сот отырысы 1 сәуірде өтуі тиіс.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Сайт Әкімшілігі

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты