COVID-19: Бетперде камерадан құтқармайды

Сайт Әкімшілігі - 24.03.2020679


  Әлемнің барлық дерлік еліне тарап, пандемия боп танылған коронавирустың COVID-19 түрі адамның бет жүзін танитын камералардың дамуын тездетті.
Бұл камералар адамның бет жүзінен, атап айтқанда көзі мен мұрны, және ернінің айналасындағы негізгі нүктелерді байланыстыра отырып адам тани алады. Алайда коронавирус ел ішіне тараған кезде маска тағып жүруге мәжбүр болған жұртты енді көз бен мұрынның айналасындағы нүктелері арқылы тану мүмкіндігін арттыратын зерттеулер жанданып жатыр. Бұдан былай камералар аз, алайда нақты ақпаратпен жұмыс істейтін болады. Яғни енді бетіңізді маскамен немесе басқа затпен қанша қымтасаңыз да сізді Face ID жүйесімен тану оңай.  Бірақ бұл осы саланы жақсы білетін адамдар үшін жаңалық емес. Стэнфорд университетінің аспиранты Амарджот Сингх пен оның командасы 2017 жылы-ақ бет жүзін жасырған адамдарды тани алатын камералар туралы зерттеуін жариялаған. Олар жасап шыққан алгоритм бойынша көзілдірік, жасанды сақал, каска киген адамдарды тануға мүмкіндік берген.  Бұл туралы «Abacus» басылымы жазған еді.

Ал енді бұның бізге не қатысы бар десеңіз, былтыр Қытайға барғанда Hikvision компаниясының штаб пәтеріне кіріп, олармен танысып шыққан соң Қ. Тоқаев Қазақстанға осы бағытта жұмыс істеу керек екендігін баса айтқан еді.  «Экранды түртіп қалсаң, адам жайлы бар ақпарат шығады. Қай жылы институт бітірді, бос уақытында қайда барады, қандай кредиті бар дегендей. Бізге осы бағытта жұмыс жасау керек» деген Тоқаев. Осыдан соң қоғам пікірі қақ жарылып, бірі қолдаса екіншілері қарсы боп жатты. Белсенділер мұндай жүйе адам жеке бас деректерін жинайды және мұны билік өз мүддесіне пайдаланады деп қауіптенеді. Бұған мысал ретінде Ресейді айтуға болады екен. Ол елде де белсендіні сотқа тартқан үкімет осындай камераға түскен бейнені пайдаланған. Белсенділер Қазақстанда да сол жағдай қайталануы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Жалпы халықтың пікірі де осыған саяды. Сауалнамадан өтуге келісімін берген адамдардың көп бөлігі «Мұндай мәселелер халықпен ақылдасып барып шешілуі керек» деп жауап берді.

2015 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істей бастаған бұл компания Орталық Азияның басқа елдерінде де әр түрлі жобаны іске асырады. Былтыр осы және басқа да бұған ұқсас компанияларды АҚШ Шыңжандағы аз ұлттарды аңдуға септесті деп айыптап санкция салған еді.

«Негізі, Face ID деген қылмыскерлерді ұстауға арналған құрал. Мұны адамдардың жеке бас ақпаратын жинау үшін қолданудың қажеттілігі жоқ. Себебі бұл артық шығын.  Қоғамда сұранысқа ие емес, ешқандай маңыздылығы жоқ. Егер де мұны заңды түрде енгізсе, бұл адам құқықтарына  тікелей қайшы келуі мүмкін» дейді «КЕШ» құқық қорғау орталығының директоры Кәмшат Есмұхамбетқызы.

Ал құқыққорғаушы Ғабиден Жайлин «Барлық ақпарат жинақтауға қабілеті бар бағдарламалар белгілі бір шарттар шеңберінен аспайды. Оған келісер де адамдар бар шартты оқып шығуы керек. Ондай компаниялар ақпарат жинайды, мақсаты бойынша пайдаланады, пайдалану көлемін сақтайды. Ақпаратты комерциялық құрылымдарға беруі мүмкін. Әрине бұл жерде заңсыздық кездесуі ғажап емес» дейді.

Белсенділердің бұған байланысты алаңдаушылық білдіруі бекер емес. Мысалы, Bloomberg жазғандай, былтырдан бастап Үндістанда осындай камералар пайдаланыла бастаған. Ол алғашында жоғалған балаларды табуға көмектеседі деген желеумен орнатылған еді.  Бұл камералардан жинақталған ақпараттар адамдарды «қарапайым наразы» мен «агрессия танытатын наразы» деп бөлек жіктейді деп хабарлады журналисттер. Оның үстіне Үндістан бейбіт шеру кезінде интернет өшіруші елдер арасынан көш бастап тұр екен.

Адам құқықтары жөнінде халықаралық Human Rights Watch ұйымы былтыр жасаған мәліметінде жоғарыда көрсетілген секілді компанияларды сынап, «Кейбір мемлекеттер сондай компаниялардың өнімдерін пайдаланып, тұрғындардың бостандығына қол сұғып жатыр» деген.


Думан ТЕРЛІКБАЙ
















 
 
 
 
 
 
 

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным