Әлемде вирус жұқтырғандар 400 мыңнан асты

Дерек көзі: www.azattyq.org - 25.03.2020185

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 409 мыңнан асты. 18246 адам қаза болды. 106593 адам дерттен айықты.

Вирус жұқтырғандар 6 наурызда 100 мыңнан, 21 наурызда 300 мыңнан, 24 наурызда 400 мыңнан асты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 23 наурызда вирус өте жылдам таралып бара жатқанын айтып дабыл қаққан.

Вирус жұқтырғандар саны бойынша бес ел:

  • Қытайда 81591 адамға вирус жұққан (70 мыңдайы дерттен айықты)
  • Италия – 69,176 адам
  • АҚШ – 49,768 адам
  • Испания – 39,676 адам
  • Германия – 31,991 адам

24 наурызда Италия билігі кейінгі бір күнде тағы 743 адам қаза болғанын мәлімдеді. Бұл елде барлығы 6820 адам опат болды. Бірақ Италияда үшінші күн қатарына вирус жұқтырғандар сәл-сәл азайып келе жатқаны байқалады.

  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың келесі эпицентрі АҚШ болуы мүмкін деп болжайды.
  • Халық саны бойынша әлемдегі екінші ел Үндістан 25 наурыздан бастап үш аптаға толық карантинге жабылады.
  • Халықаралық олимпиада комитеті мен Жапония билігі Токио олимпиадасын 2021 жылға шегерді. Паралимпиада ойындары да келесі жылы өтеді.
  • Еуропада вирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан асып кетті.
  • Иранда вирустан көз жұмғандар екі мыңға жуықтап қалды.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.