Жадымдасың, «Жас Алаш»!

Сайт Әкімшілігі - 25.03.2020226

Біз  қиындықты көп көрген аға ұрпақтың қатарынанбыз. Аштықты да, жоқшылықты да көрдік. Жетімдікті де бастан өткердік. Кішкентай кезімде соғысқа кетіп, майдан  даласынан оралмаған  әкем Нұрдәулетті  әлі күнге күтетіндеймін. Қайран анам, шешем Зәкия етегіне жығылып жүріп балаларын асырады. Ол кісі ауырып қалған кездері базарға шығатынмын. Белім бекіп, бұғанам қатпағанына қарамастан, үйге бір уыс бидай алсам да қуанып оралатынмын.  Анамның берген тәлімі мол тәрбиесін әлі күнге ұмытқан емеспін. Бүгінгі жетістігім де әкемді жоқтатпаған анамның арқасы деп білемін.

   Әрі маған дүниеде жақсы жар сыйлаған Аллаға ризамын. Құдай қосқан қосағым Мәнзапа шаңырағымның берекесі болды. Балаларыма өте жақсы тәрбие, білім берді. Өзім кезінде партия қызметінде болғандықтан, үйден ерте кетіп, кеш келемін. Сондайда отбасының бар шаруасын тындырып, анамды да күтіп, өзімнің де жағдайымда жасай білген жақсы адамның алдында басымды иемін.

    Бұл әңгімені не үшін айтып отырмын? Бұл төңіректе «Жас Алаш» үнемі тартымды мақалалар жариялайтын. Отбасы берекесін насихаттап, табысқа жеткендердің қуанышын ұдайы бөлісіп отыратын.  Озбырлыққа араша түсіп, әділдігін айтуға бірінші болып ұмтылатын.

Бірде Ақтөбеден Алматыға, қызымның үйіне келгенмін. Немерелерімді ертіп, «Самал» шағынауданындағы сауда орталығында жүрсем, жаныма бір жігіт келе қалды. «Аталарына ұялы телефон алдырып жатқан мына балалар қандай бақытты еді», – деді бейтаныс інішек. «Жас Алаштың» тілшісі Жолдасбек Дуанабаймен осылай таныстық.

–Сізді бір жерден көрген секілдімін, – деді ол.

–Теледидардан көрген шығарсың. Ақтөбе орталығында шу болып жатқан «Нұрдәулет» мешітінің иесімін ғой, – дедім.

  Осыдан кейін анық  таныған ол еркін әңгімелесіп кетті. Құзырлы орындардың озбырлығына өзі де қарсы екенін айтқан Жолдасбек бауырым  «Жас Алаш» газетінде мені қорғап мақала жазды. Қорғайтындай жөні бар еді. Кәсіпкерлікке бет бұрған мен балаларыммен бірге қала орталығында қирап жатқан құрылысты аяғынан тік тұрғыздым. Үлкен сауда орталығы қала көркіне айналды. Жанына зәулім мешіт тұрғыздық. Алла үйіне Ұлы Отан соғысынан оралмаған ардақты әкем Нұрдәулеттің есімін бердік. Ол жерден түскен садақа жетім-жесірлерге, балалар үйіне, қарттарға таратылды. Әлі күнге осы тірлікті жалғастырып келеміз. Отбасымызға жақсылық жасаған жақсы газетке неге қамқор болмасқа деген оймен жылда ондаған газетті ардагерлерге жаздырып келдік.

    «Жас Алаш» кеше де, бүгін де ел тәуелсіздігінің туын биікке көтеріп, ұлттың жоғын жоқтап, кемшілік атаулымен аяусыз күресіп келеді. Әкімқаралардың қарапайым халықтың қамын емес, жеке бастарының пайдасын ойлап кететін жат әрекеттерін жанын шығарып сынайтын да осы газет. Шырылдаған шындықты бетке айтатыны үшін де халық «Жас Алашын»  жақсы көреді. Әрине, шындықты айтқаны үшін кейбіреулерге ұнамауы да мүмкін. Бірақ шындықтың аты – шындық. «Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» дейді дана халқымыз. Жан дүние тазалығын насихаттап, әділдікті қалыптастыру үшін тер төгіп жүрген жасалаштықтарға тек алғыс айтқанымыз жөн.

  Қазір менің жасым сексеннен асты. Немере-шөбере бар. Біздің бала кезден бергі сырласымызға, жанашырымызға, ақылшымызға айналған газетке өмірдің барлық жақсы сәттерін тілеймін. Қандай азаматтар басқарса да, қандай жағдай болса да, тек халықтың сөзін сөйлей берсін! Біздің қатарымызды жас оқырмандар да толықтырып жатыр деп ойлаймын. Жалындаған жастардың газеті интернетқұмар қыз-жігіттердің назарынан тыс қалмасы анық. Бұл солардың газеті. Біздің рухымызды көтерген «Жас Алаштың» келешегі кемел болсын. Келесі наурызда 100 жыл толатын басылымның бағы жанып, жолы бола бергей. Осы орайда, мен «Нұрдәулет» мешітінің атынан «Жас Алашқа» тегін жаздыруды ұйымдастырамын. Ардагер оқырманның көмегі осы!


Мақсат БАЙЖАРҚЫНОВ,

«Алтын жүрек» сыйлығының иегері,

Ақтөбе облысы мен қаласының Құрметті азаматы

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Ұқсас жаңалықтар