Мемлекеттік тіл тәрк етілген күн

Сайт Әкімшілігі - 25.03.20201080

   Ел президентінің төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында  айтқан сөзі неге  мемлекеттік тілде таратылмады? Дүйсенбі күні мемлекет  басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында бірқатар жайттарды мәлімдеп, халыққа ауадай қажетті дүниелер туралы тілге  тиек етті. Мәселен, мемлекет басшысы қазақстандықтарға төтенше жағдай кезінде жәрдемақы төлеуді тапсырды. Алдын ала есептеулерге сәйкес, қазіргі таңда 500 мыңға жуық қала тұрғынының қаржылық жағдайы қолдауға мұқтаж. «Сондықтан төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған адамдарға  ең төменгі еңбекақы – 42 500 теңге мөлшерінде ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыруды тапсырамын. Бұл көмекті 1,5 миллион отандасымыз ала алады. Қажет болған жағдайда біз соманы ұлғайтуға, қолдау түрлерін кеңейтуге қажетті барлық резервтерге иеміз», – деді президент. Сонымен қатар мемлекет басшысы қатаң санкцияларға көшу қажеттігі туралы сөз қозғады.  «Қатаң жазалау қажет. Сондай-ақ тәртіп бұзу фактілерін бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялау керек», – деді ол.

Сондай-ақ президент министрлер мен әкімдерді босаңсымай, жаңаша жұмыс істеуге, қажет болған жағдайда ширақ қимылдап, батыл шешімдер қабылдауға шақырды.

 Хош, мұның барлығы карантинге қамалған еліміздің екі бас қаласының тұрғындары мен төтенше жағдайды басынан өткеріп отырған ел халқына ауадай қажет ақпарат екені бесенеден белгілі. Бірақ осындай өзекті ақпараттың еліміздің мемлекеттік тілінде емес, ресми, яғни орыс тілінде таратылғанына деген өкініштен өзегің өртенеді. Сонда мемлекет басшысының аузынан шыққан алты ауыз ақпаратты ана тілімізде таратуға бүкіл мемлекеттік басқару машинасының қауқарсыз болғаны ма, әлде бұл кейбір лауазымды тұлғалардың жауапсыздығы ма? Бұл елдігімізге, қала берді, мемлекеттігімізге сын емес пе?! Басқа – басқа, президенттің маңайындағы  ұлттың,   ана  тіліміздің жанашырлары  не  қарап  отыр? Ел басына күн туған сын сағатта ана тілінде айтылған жылы лебіз жүдеп отырған халыққа медет берері анық қой.

Бұл ақпарат бірінші кезекте қалың қазаққа қажет. Қазіргі таңда елдегі халықтың 75-80 пайызы өзіміздің қаракөз бауырларымыз. Уақытша жұмысынан айырылып, табысынан қағылғандар да солар. Олардың барлығы бірдей орысшаға жетік емес, бірін түсінсе, екіншісін білмей жатады.    

Ал Ақорда сайтында жарияланған мемлекет басшысының сөзінің басы мен соңы, яғни халықпен амандасуы мен қоштасуы ғана мемлекеттік тілде, қалғаны ресми тілде баяндалған.  Сонда қалың қазақ президенттің төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында не айтқанын қайдан білмек? Әрине, халық мемлекет басшысының мемлекеттік тілді дамытуға деген ұмтылысын көріп отыр. Дегенмен осындай келеңсіздіктер көңілге кірбің ұялатып, мемлекет басшысының абыройына нұқсан келтіреді. Сондықтан президент төңірегіндегілер «басшыға қосшысы сай болу керек» деген қағиданы естен шығармауы керек сияқты.

Қайрат Матрекеев

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным