Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі - 25.03.20201954

Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет тізгінін қолына ұстағанына бір жыл толыпты. Отыз жылға тарта елді билеген Нұрсұлтан Назарбаевтың өз еркімен президенттіктен бас тартқанына да бір жыл. Бір қарағанда қас қағым сәт секілді. Алайда бір жылда біраз дүние өзгерді.

Жалпы, сәуегейлер бал ашып, саясаттанушылар жорамал жасап, «түбі солай болады, Назарбаевтың орнына не анау, не мынау келеді» дегенімен, дәл 2019- дың 19 наурызында болған тосын оқиғаны ешкім күтпеген еді. Бір күнде Назарбаев президенттік өкілетін тоқтатты да, Тоқаев Ақорданың қожайыны атанып шыға келді. Бірақ сонымен елбасының дәурені аяқталды десек, қателескеніміз. Отыз жылдай айтқаны болған, дегенін істеткен сұңғыла басшы бәрібір биліктің ең керекті тетігін ұстап қалды. Таратып жіберсек, барлық құзырлы күштік құрылымдардың үстінен қарайтын Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, билік партиясы – «Нұр Отанның» басшысы және заң жүзінде қудалаудан һәм дүние-мүлікмүкамалын қорғап, кепілдік беретін ұлт көшбасшысы – Елбасы деген мәртебе. Назарбаевтың дәурені елдің есінде несімен қалады? Бұл жеке әңгіме. Десек те, бізден бір-екі ауыз лепес. Әрине, тәуелсіздіктің басында Назарбаевтың өзі уәде еткендей, Қазақстан екінші Кувейтке айнала алмады. Тарих Назарбаев билікке отырған кезден басталмағаны тағы белгілі. Исі қазақ «солай болса» деп қиялдаған көп дүние арман күйінде қалғаны тағы бар. Десек те, ол қазақтың көк байрағын көкке көтерді, шекарасын шегендеді, қазақ мемлекетін әлемге танытты, мойындатты. Көрші-қолаң, іргелі елдермен біржақты емес, көптармақты саясат ұстанды. Елдің іргесін сөкпеді, жердің бүтіндігін сақтай алды. Рас, жасаған ісі лақтырылған сақадай кейде бүк, кейде шік түсіп жатқан кездер де болды. Кім не десе де, қалай айтса да, Нұрсұлтан Назарбаев Алаш тарихында тәуелсіз қазақ мемлекетінің қабырғасын қалаған тұңғыш президент ретінде мәңгі қалары хақ. Бұған ешкім дау айта алмас. Ал Тоқаев бір жылда не істеді?

Әрине, бір жыл баға беретіндей бір президенттік мерзім емес. Рас, жұрт Қасым-Жомарт Кемелұлын «уақытша президент» десті. Қазір де сол ойда. Жарайды, бұл басқа әңгіме. Айтқымыз келгені өзге тақырып. Тоқаев қалыптасқан жүйеге «жылымық» орнатуға тырысты. Ашық қоғам орнатуға қадам жасады. Саяси реформа жасауға талпынды. Оның алғашқы «жемісі» – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі. Осы кеңес халық пен билік арасында «алтын көпір» болады деп тұжырды. Ал кілең білімді һәм білікті жастардан тұратын кадрлық резерв құруы билікте күш-қуаты кеміген, ортаға тастар идеясы жоқ, айтар сөзі сарқылған шал-шауқандарды алмастырудың төте жолы еді. Сондай-ақ қоғамдық негізде жұмыс істейтін экономикалық реформалар орталығын дүниеге әкелуі, осында жиналған кіл экономиканың «майын» ішкендердің арқасында «экономикалық секіріс» жасауға деген ынтасы. Алайда бұл үш құрылымның да әзірге ауыз толтырып айтатындай іс-әрекетін көре қойған жоқпыз. Дегенмен бұл Тоқаевтың жүйені реформалауға жасаған алғашқы қадамдары. «Жемісін» жүре келе жей жатармыз. Әрине, Тоқаевтың халықтың ықыласына бөлену үшін жасаған азды-көпті тірліктері бар. Соның бірі – табысы аз, тұрмысы төмен отбасыларының азын-аулақ несиелеріне кешірім жасауы. Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекет басшысы бола салысымен әлсін-әлсін айналып соғып отырған, кілең келеңсіз жағдайлардың толқынына тап болды. Арыстағы әскери қоймалардың жарылысы, Қытайдан бері өткендердің дауы, ұшақтың құлауы, Қордайдағы дүрбелең, мұнайдың арзандауы, коронавирус індеті. Мұның бәрі елде елеулі өзгеріс жасаймын, мемлекетті жаңа бір кезеңге шығарамын деген президенттің алдын кес-кестеген кедергі. Алда не күтіп тұр? Тағы белгісіз. Бұл сынақтардың біразынан Тоқаев әупірімдеп өтті. Дегенмен әлем экономикасына тежеу салған мұнай бағасының бірден құлауымен жер-жаһанның құтын қашырған коронавирус індеті Қазақстанға оңай тиіп тұрған жоқ. Мұнайдан түсетін пайда кеміді, індет бүкіл тіршіліктің тоқтауына түрткі болды. Инфляция, девальвация, жұмыссыздық. Қысқасы, үш басты айдаһар бас көтерді. Мұнымен Тоқаев қалай күреседі? Жеңе ме, жеңіле ме? «Сүрініп кетсе» дейтіндер де табылар. Біз «сүрінбесін» дейміз. Өйткені президенттің сүрінуі мемлекеттің абырой-атағына нұқсан. Бізге керегі – мемлекет басшысының амандығы, мемлекеттің тұтастығы, елдің бірлігі. Осы үштаған орнықты болса, болды.

Күлтегін БЕК

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным