«Birgemiz» Қоғамдық қорының негізгі 10 қағидаты анықталды

Сайт Әкімшілігі - 25.03.2020311

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесі отырысының 2020 жылғы 23 наурыздағы № 3 хаттамасымен коронавирусқа қарсы күрес жағдайында мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді ұйымдастыруда басшылыққа алынатын негізгі 10 қағидат бекітілді.

1. Ерікті жарналар мен қайырмалдық көмек. Барлық қайырымдылықты бизнес өкілдері тек жеке қаражаты есебінен ерікті түрде жасайды. Бюджеттік ұйымдардан, сондай-ақ жалақыдан аударымдар қабылданбайды.

2. Адрестілік. Тікелей жеке қолдау халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына (жасына байланысты COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары жандарға, коронавирустың зардабын шеккен және әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға ұшыраған тұрмысы төмен қазақстандықтарға) көрсетіледі. Санаттар нақтылануда. Көмек елдің індет жұқтыру қаупі жоғары ірі қалаларының тұрғындарына беріледі.

3. Көмектің әділдігі. Көмек алушылардың тізімін анықтауда субъективті пайымдаулар мен дауларды болдырмау үшін Қор заңнама талаптарына және мемлекеттік органдардың (министрліктер мен әкімдіктердің) ресми деректеріне сүйенеді.
  
4. Қолма-қолсыз және байланыссыз көмек. Барлық төлемдер, транзакциялар, есеп айырысулар тек қолма-қол ақшасыз үлгіде жүзеге асырылады, бұл қаржы жұмсалымдарының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді.

5. Қор қызметінің уақыт бойынша шектелуі. Қордың қызметі инфекцияның таралуына байланысты елдегі төтенше жағдайдың ұзақтығымен шектеледі.

6. Қор қаражатының мақсатты жұмсалуы. Әкімшілік, ұйымдастырушылық шығыстары «Nur Otan» партиясының қайтарымсыз көмегі есебінен өтеледі.

7. Үнемділік және тиімділік. Әлеуметтік және гигиеналық пакеттерге салынатын тауарлар бәсекелік негізде тауардың сапасы мен құнының оңтайлы қатынасы ескеріле отырып сатып алынады.
 
8. Қазақстандық өндірушілерді қолдау. Әлеуметтік пакеттерді жасау үшін тауарлар, Қазақстанда жасалмайтын тауарларды қоспағанда, тек қазақстандық өндірушілерден сатып алынады. 

9. Қордың қаражаты мен мемлекеттік бюджет арасының нақты ажыратылуы. Көмек заттай әлеуметтік пакеттер (азық-түлік себеті), қорғаныс құралдары (антисептиктер, маскалар, қолғаптар), қолма-қол ақшасыз төлемдер түрінде көрсетіледі. Мемлекеттік бюджеттен төленетін қажеттіліктер қаржыландырылмайды.

10. Қордың ашық, айқын қызметі. Қор қызметінің ашықтығы мен айқындығы Қордың Басқармасынан жауапты тұлғаның күнделікті брифинг өткізіп, толықанды ақпаратты беруі, түскен қаржы мен көрсетілген көмек туралы есептерді тұрақты түрде  жариялайтын арнайы сайт құру арқылы қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар Қоғамдық қорда ұйым қызметінің өз жарғылық мақсаттарына сәйкестігін бақылауды құрамына белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар кіретін Қамқоршылар кеңесі жүзеге асыратыны аталып өтті. Қаражаттың жұмсалуын Тексеру комиссиясы бақылайды.

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Сайт Әкімшілігі

Түркістан облысында коронавирустан қайтыс болған кім екені белгілі болды

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты